Жамағаттар жағрапиясы

Қазір шариғат үйреніп, діни сауат ашқысы келген қазақ жастары шетелдерге барып, білім алып келуге мәжбүр. Әдетте елге оралғандарын бірден имамдыққа шығарып немесе білім ордаларында ұстаз етіп қоямыз. Дін Ислам біреу болғанымен, әлемдегі ислам мемлекеттерінің саны көп. Олар тарихы, жағрапиялық мекені, саяси жағдайы бойынша әртекті болып келеді. Осы қажеттіліктен Исламда «мазхаб» деген ұғым пайда болды. Қарапайым түрде айтқанда, «мектептер», «құқықтық ерекшеліктер» дегенге саяды.

– Дінің қандай?
– Ислам.
– Кімнің үмбетісің?
– Мұхаммед Мұстафаның с.ғ.с.
– Кімнің зүриятынансың?
– Атамыз – Адам Сафидің.
– Кімнің миллетіненсің?
– Ибрахим халилдің.
– Кімнің мазхабындасың?
– Имам Ағзам Әбу Ханифаның.
– Кімнің силсиласындасың?
– Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің силсиласындамын. Бұл бір кездегі әрбір қазақтың жатқа білуі тиіс анықтамасы еді. Оны тілі жаңа шыққан бүлдіршіндер санамақтан кейін жаттайды. Әрине, бұл өзге халықтардан ерекшеленіп тұруға деген құмарлықтан емес. Мұны тегін тарқатып білмейтін тексіздікке ұрынып қалмау үшін істейді. Ол заманда кез келген қазақ шежіресін жатқа білу арқылы өзінің генеологиясын, ал силсиланы жатқа білу арқылы идеологиясының тегін тарқатып береді. Бұл екеуі сол заманда азаматтықты куәландыратын «төлқұжат» іспетті қажеттілік еді. Онсыз ел арасында еркін жүріп, еркін өмір сүруге мүмкіндік жоқ. Себебі бұлар кез келген адамның шығу тегін, сенімінің сипатын, қала берді пиғылын анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай дәстүр жайлаған халықта тысқарыдан жоспарланатын миссионерлік мақсаттардың оңай жүзеге аса қоюы екіталай.
Исламда алты мазхаб бар деп есептеледі. Оның төртеуі сүннит мұсылмандарына тән: ханафиттер, мәликиттер, шәфихиттер және ханбалиттер. Сүнниттердің келесі бір мазхабы – захириттер біржолата жоғалып кеткен. Ал шииттерге жафариттер мазхабы тән. Мазхаб атауларының барлығы оның негізін салушы дін адамдарының есімі бойынша аталады.
Бүкіл Ислам әлемінің негізгі тірегі Құран болғанына қарамастан, мазхабтардың арасы жергілікті қажеттіліктер мен құқықтық ерекшеліктерден философиялық-танымдық ерекшеліктерге дейін алшақтап кетеді. Сондықтан кей мәселелерге қатысты олардың арасында түрлі қөзқарастың болуы – заңды құбылыс. Алайда мазхабтардың бірінің ұстанымын екіншісіне апарып күштеп таңу, яғни прозелитизмге бой алдыру дұрыс емес.
Бірде имам Шафиғи қасындағы ізбасарларымен бірге Имам Ағзам қабірінің маңына құлшылық жасау үшін тоқтайды. Ол Имам Ағзамның құрметіне бола құлшылығын толық ханафия мазхабының талаптары бойынша орындайды. Міне, бұл мысал мазхабтардың арасындағы қарым-қатынастың қандай көріністе болуы керектігін білдіреді.
Дегенмен жоғарыда айтып өткеніміздей, мазхабтардың ерекшелігі тек құқықтық ережелермен ғана шектеліп қалмай, дүниетанымдық деңгейге дейін кетіп қалады. Мысалы, қарапайым ғана «галстук тағуға бола ма» немесе «Қыста тундрада жүрген адам қалай құлшылық жасайды» деген сияқты даулы сұрақтарға діни ағымдардың әрқайсысы әртүрлі жауап беруі мүмкін.
Ханафия мазхабы
Мазхабтардың арасынан Ханафия мектебі ең ауқымды территорияны қамтып жатыр. Осы мазхаб арқылы Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, Сирия, Түркия, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерінің көпшілік тұрғындары мұсылман атанды. Ханафия мазхабы барынша компромистік ұстанымға ие. Яғни «мұсылмандарға галстук тағуға бола ма» деген сұраққа ханафиттер шамамен былай деп жауап берер еді: «Егер сіздің дәуірде, сіз мекен ететін ортада бұл қалыпты құбылыс болса, киюге болады».
Оның негізін қалаушы парсы текті Имам Ағзам Әбу Ханифа болатын. Ол мұсылмандарды Құран мен пайғамбар сөздерінің астарлы мағынасын түсінуге, Құдайдың адамзатқа сыйлаған байлығы – ойды қозғап үйренуге шақырды. Сәйкесінше, ол үйреткен ислам алуан түрлі географиялық ортадағы жергілікті ерекшеліктерге және заман ағымына ілесуге өте бейім болып шықты. Себебі бұл мазхаб мұсылмандықты қабылдаған халықтардың шариғат тыйым салмайтын дәстүр, жораларына рұқсат береді.

Мәликия мазхабы
Мәликиттер – интуитивтік сезімді қатар ұстанатын ағым. Олар салт-дәстүрдің болуына тыйым салмайды. Бірақ олар үшін мұсылман әлемі мединалық (араб халқының) дәстүрді игеруі тиіс. Себебі олардың ойынша, пайғамбарды Араб еліне түсірген Алла Тағала бұл халықтың дәстүрін Ислам үшін ең қолайлы деп тапқан. Бұл мазхаб Араб мәдениетін толық күйінде қабылдап алған Африка халықтарының көпшілігіне тән. «Тундрада жүрген адам қалай құлшылық жасайды» деген сұраққа мәликиттер: «Жүрегіңіз қалай айтса, солай істеңіз», – деп жауап береді.

Шафихия мен Ханбалия мазхабы
Бұл екеуі де жергілікті дәстүрдің көрініс беруін жоққа шығарады. Шафихиттер кез келген мәселені шешу үшін Пайғамбар тарихынан соған ұқсас жағдайды іздеумен болады. Ал ханбалиттер барынша ортодоксалді ұстанымда. Олар діндегі кез келген жаңалықтарға тыйым салады. Мысалы, «галстук тағуға бола ма» деген сұраққа олар бас шайқайды. Бұл мазхаб, негізінен, Сауд Арабиясында кең тараған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста