Астанада жоғары жылдамдықты жолаушылар вагонын жасайтын «Тұлпар-Тальго» зауыты ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрастырылып біткен алғашқы төрт вагонды көрді.
Зауыт халықаралық сапа стандартына сай жобаланып салынғандықтан, бұған тең келетін ТМД елдерінде зауыт жоқ екен. Зауыттың жалпы аумағы – 21 гектар, ал өндірістік орны 31 мың шаршы метр болады. Зауыт аймағындағы теміржолдың ұзындығы 4,2 шақырым.
Зауыттың жылына 150 вагон шығаратын қуаты бар. Ал жасалған вагондардың конструкциялық жылдамдығы сағатына 200 шақырым. Қазақстанның климатына сәйкестендіріп жасалған вагондар жолаушылар үшін жайлы, қауіпсіздігі де жоғары деңгейде.
Зауыттың іске қосылуына байланысты 366 жаңа жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, техникалық мамандар Испанияда оқытылуда. Әзірге 30 маман оқып келіп, вагон құрастыру және сынау ісіне белсенді атсалысып, қызметтеріне кірісіп кеткен. Бұл вагондардың табаны теміржолдарымызға тисе, өңіраралық бағыттарға жөңкілетін пойыздардың жүру уақыты екі есеге дейін қысқарады деген үміт бар.
Ұшқыр «арғымақтарды» шығаратын «Тұлпар-Тальго» зауыты іске қосылды
Последние статьи автора