ҰҚК неден ұтып, неден ұтылып жүр?

13 шілдеде Қазақстан­ның көрінбейтін майдан шебіндегі Штирлицтері, Рихард Зоргелері, Альфред Редльдері қызмет ететін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 17 жыл толды. 1992 жылы 13 шілдеде Елбасы Жарлығымен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылған болатын.

КГБ-дан ҰҚК-ге дейін...
Кеңес заманында атын атауға қорқа­тын НКВД, ОГПУ, МГБ, КГБ құрылымдары мемлекеттік мүддені желеу етіп, тотали­тар­лық жүйеге қызмет етті. Әсіресе, НКВД мен ОГПУ сырттағы жауларынан гөрі ел­дегі азаматтарға көбірек зардап шектірді. Ке­ңес заманында Берия бастаған чекис­тер­дің қанды қырғыны тарихтың қайғылы беттеріне айналды. Дегенмен кәсіби жағынан салыстырғанда, АҚШ-тың барлау қызметі КСРО-ның КГБ жүйесінің қасында жіп есе алмайтын. КГБ-нің болмысы Ре­сей­де сақталып қалғандай. Қазіргі Ресей­дегі билік тұтқасының 77 пайызын «үш әріп» өкілдері құрайды екен. 1991 жылы 22 қазанда КГБ-нің күні бітіп, өзге тәуелсіз мемлекеттермен бірге Қазақстан да өзінің ұлттық қауіпсіздігінің кепілі – ҰҚК-ны құр­ды. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік жүйе­сі де – кешегі аңызға айналған КГБ жү­йе­сінің үздік жетістіктерін еншілеген құ­зыр­лы орган. ҰҚК-ның алдында мемлекет­ті­лікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қам­та­масыз ету міндеттері тұрды. Қазақ­стан­ның озық техникамен жарақтанды­рыл­ған ұлттық қауіпсіздік органдары ТМД бойынша ең таңдаулылардың қатарынан саналады. ҰҚК Әскери институтының 70 жылдық тарихында оның 40 түлегі мен бес қызметкері Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған. Ұлттық қауіпсіздік ко­митеті, Президенттің күзет қызметі, «Арыс­тан» арнайы қызметінің өкілдері ТМД шеңберіндегі жарыстарда талай рет топ жарып, кәсіби шеберліктерін паш етіп ке­леді.

Құпия қызметке қырағылық қажет
Дегенмен анық жайлармен бірге қа­мық­тыратын жайлар да жоқ емес. Атынан ат үркетін құрылымның қызметін айқын­дап алмай, тіпті ұсақтатып жүрген сықыл­дымыз. Жылда өтетін Ұлттық бірыңғай тестідегі дұрыс жауаптарды мемлекеттік құпия деңгейіне жеткізіп, бұдан басқа жұ­мысы қалмағандай, оған ҰҚК қызмет­кер­лерін кірістіріп жібердік. Кейде қызметіне дандайсып, тәртіпсіздік жасаған ҰҚК қыз­меткерлері туралы баспасөзде айтылып қа­лып жүргені жасырын емес. Ұлттық қа­уіп­сіздігімізге тірек болар мекемеге ла­йық­сыз адамдардың көптеп кездесіп жататыны өкінішті. Жастардың арасында КНБ-ға жұмысқа кіру, бір жағынан, «авторитет» болса, екінші жағынан – ақшаны күреп табудың оңай жолы. Өйт­кені тәртіпсіздік жасаған ҰҚК қызметкер­леріне «тәйт» дейтін ешкім жоқ. Сондықтан құпия қызмет өкілдерінің моральдық-пат­риоттық және біліктілік жағынан іріктеу емтиханын қатаңдату керек сияқты. 1999 жылы маусымда Қорғаныс министрлігінен Шекара қызметі мен Ф.Э.Дзержинский атындағы Жоғары шекаралық командалық училищенің Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарамағына өтуін оңды құбылыс деп бағалауға болады. Алайда құпия қызмет өкілдері шекарадағы контрабандалық тауар­лар тасқыны мен гастарбайтерлердің «жорығына» тосқауыл қойып отыр деу қиын. Ел ішінде қаптап жүрген миссионер­лер мен туристер өзге елдердің жансызы шығар. Елдегі еркін ойлы азаматтардың ізіне түскеннен гөрі бөтен пиғылды миссо­нер­лерді келген жағына қарай қайтарып жіберген жөн емес пе? Кезінде «үш әріпті» басқарып, қазіргі кезде ұлттық қауіпсіз­дігімізге қауіпті тандемге айналған Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиевтің опасыздық әрекеттеріне байланысты қауіпсіздік органдары тарапынан тегеурінді іс-қимыл қажет-ақ. Әлбетте, ондай жайлар – әлемде үйреншікті нәрсе. Чекистер билеп-төстеп отырған Ресей елден безген «сатқын» Борис Березовскийді, Қытай өздерінің «жауы» Далай-лама мен Рәбия Қадырды құрықтай алмай отыр емес пе? Кейде ҰҚК атына ардагер-чекистердің атынан сын айтылып та қалады. Мысалы, Қазақстан­ның Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің тұңғыш басшысы Болат Баекенов арнайы қызмет­тің саясиланбауы керектігін айтса, кезінде ҰҚК-ны басқарған, қазіргі депутат Сәт Тоқпақбаевтың Парламент отырыстарын­да өзін жасырын тыңдаған құзырлы ор­гандарға өкпесін білдіргені есімізде. Әри­не, мұны депутаттың субъек­тивті пікірі деп қабылдауға болар.

Ой-тұжырым
Жоғарыда аталған олқылықтардан сабақ алу үшін ұлттық қауіпсіздігіміздің ұстындары қайтара айқындалып, көрінбейтін майдандағы Рихард Зоргелерімізді біліктілігі мен моральдық-патриоттық тұрғыдан әбден шыңдау керек. Сонда ғана құпия қызмет өкілдерінің көкірегін мемлекетшілдік рух кернеп, Отан үшін өзін құрбан ететін патриоттық қасиеттер бойынан табылары анық.

«Үш әріптің» үш анығы
Бірінші анық:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан рес­пуб­ликасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің басым бөлігі болып табылатын және оларға берілген құзыреттің шегінде тұлға және қоғамның қауіпсіздігін, конс­титуциялық құрылысты, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, эконо­микалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арна­йы мемлекеттік орган болып саналады.

Екінші анық:
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесіне Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер және өзге құрылым­дық бөлімшелер; Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, респуб­ликалық деңгейдегі қаланың және Республика елордасының аумақтық органдары мен оларға бағынатын қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдер, бөлім­шелер); қарсы барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге ұйымдар кіреді.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін Республика Президенті мен Респуб­лика Парламенті Сенатының келісімімен лауазымға тағайындалатын және лауазым­нан босатылатын төраға басқарады.

Үшінші анық:
1995 жылы 21 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Заңының 2-бабы бойынша ҰҚК мiндеттерi – жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн барлау ақпаратын iздеп табу; шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстанның қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Сол заңның 26-бабы бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін Бас прокурор мен оның уәкілді прокурорлары қадағалайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста