Үкіметте азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру қаралды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Рrimeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша инфляция 1,1%-ды құрағанын, оның ішінде азық-түлік бойынша инфляция 1,4%-ды, азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 0,9%-ды, ақылы қызметтер бойынша 0,7%-ды құрағанын хабарлады. Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана мен Шымкентте (2,2%-дан), Қызылорда және Солтүстік Қазақстан (1,8%), Ақтөбе (1,7%) және Ұлытау (1,5%) облыстарында қалыптасты.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7%-ды құрады. Апта сайын динамика әр түрлі деңгейде – +0,3/+0,4%. Маңғыстау (3,4%), Ұлытау (2,8%) облыстарында және Астана қаласында (2,5%) баға қатты өскен. Атап айтқанда, пияз 22,5%-ға, күріш 5,2%-ға, қырыққабат 4,1%-ға, сүт пен сәбіз 3,1%-ға, картоп 3,0%-ға, кеспе 2,6%-ға қымбаттады.

 

Қазіргі уақытта республикада бағаны тұрақтандыру құралдары қайта қаралды. Мәселен, «айналым схемасы» шеңберінде қарыз беру бойынша тәсіл қайта форматталды – қазір тікелей өндірушілерге беріледі, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тетігі өзгертілді – өнімді сатып алу егін жинау кезеңінде, яғни нарықта бағалар бәсекелестікте кезде жүреді, ал олар маусымаралық кезеңде сатылады.

 

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өнімді сатуға дейін сақтауға мүмкіндік беретін келісім-шарт жасауға форвардтық сатып алу тетігі енгізілді. Бүгінгі таңда 2022 жылғы егін келісім-шарты бойынша нақты қорлар: пияз – 110%, картоп – 105%, сәбіз – 87%, қырыққабат – 70%. Қазіргі уақытта сауда объектілері арқылы пиязды сатып бастау туралы тапсырма берілді.

 

Серік Жұманғарин республиканың барлық ірі сауда желілері бағаны тұрақтандыру жұмыстарына қатысатынын айтты.

 

Азық-түлік қоры туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, азық-түлік бағасының мониторингі туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов баяндады.

 

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірлердегі бағаны тұрақтандыру шаралары туралы баяндама жасады.

 

Премьер-Министр 2023 жылға арналған негізгі міндеттердің бірі 2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейін 9,5%-дан асырмау екенін айтып өтті. Бұған қол жеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірлердің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру бойынша белсенді жұмысы қажет.

 

Үкімет басшысының айтуынша, әкімдіктерге барлық қажетті тетіктер ұсынылды, қаражат бөлінді, алайда жергілікті жерлерде аталған мәселеге салғырт қараудың салдарынан бағаның өсуі тоқтайтын емес. Мысал ретінде Премьер-Министр өңірлерге пияз бойынша келісім-шарт жасау тапсырылғанын айтты.

 

«Әкімдер өнім көлемі жеткілікті деп бірнеше рет айтты. Онда пияз неліктен қымбаттайды? Біздің елімізде пияз көп өседі. Алайда бағаны төмендету үшін пияз экспортына тыйым салып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болдық», — деді Премьер-Министр.

 

Үкімет басшысы республикадағы форвардтық сатып алу тетігі бірінші кезекте өндірушілерді қаржыландыру үшін қайта форматталғанын айтты. Алайда әкімдіктер делдалдарды көбейте отырып, жеткізушілерге қаражат бөлуді жалғастыруда.

 

«Өңірлерге тиімді бағамен тұрақтандыру қорларын толтырып алуға мүмкіндік берілді», — деді Премьер-Министр.

 

Сонымен қатар, Үкімет басшысының айтуынша, жыл басынан бері сауда саласындағы заңнаманы бұзушылық фактілері жоқ, дегенмен барлық әкімдіктерге тиісті өңірлік комиссиялардың жұмысын жақсарту үшін алгоритмдер мен ұсынымдар жіберілген болатын.

 

«Алайда өңірлерді комиссия отырыстарын өткізуге “қинағандай етіп” мәжбүрлеп отырмыз. Оның өзі де ешқандай нәтиже беріп отырған жоқ. Тағы да қайталап айтамын: азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды міндеті. Жұмысқа немқұрайлы қарау орын алса және нәтиже болмаса, тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бұған дейін де айтылды», — деді Әлихан Смайылов.

 

Осыған байланысты Үкімет басшысы сатып алу-сату кезіндегі тауарлар көлемі мен бағасын ерекше бақылауға алуды тапсырды. Осы орайда Премьер-Министр әкімдіктерден тек бақылау-кассалық аппараттарды қолданатын сауда объектілерінде тұрақтандыру қорларынан өнімдерді сатуды жүзеге асыруды талап етті.

 

Сонымен қатар Премьер-Министр барлық аудандарды қамти отырып, тұрақты негізде арнайы жәрмеңкелер өткізу және бағаны, көлемді, қарсы міндеттемелерді және айыппұл санкцияларын белгілеу жөніндегі міндетті шарттарды көрсете отырып, форвардтық сатып алу шартының бірыңғай форматын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста