Түркілер әлеміне ортақ тіл қалай қалыптасуы керек?

Түркі жұрты «бір жағадан бас шығара» алса, жаһандану­дың жемтігіне айналмайды. Қа­зір осыны түсінген туыстас халықтар бірлесіп, түркі мем­лекеттерінің интеграция­сы­на баса назар аудара бас­тады. Бұл интеграцияның қар­қынды дамуы үшін ең ал­дымен үш тұғырды, яғни мә­дени, экономикалық және сая­си қарым-қатынасты кү­шейту керек. Содан болса керек, «аталған үш тұғырдың ба­­сын ортақ әліпби мен ортақ тіл біріктіреді» деген пікір жиі ай­тылады. Бірақ «ол тіл қалай қа­лыптасу керек?» деген са­уалға келгенде кібіртіктеп қа­ламыз. Мәселен, Өзбек­стан­ның белгілі ғалымы, фи­лософия ғылымының док­торы, профессор Бақтияр Кә­рімов бүкіл түркі жұртының рухын қазақ тілі ұйыта ала­тынын айтады.

Алтау ала болса...
Ресми дерекке сүйенсек, қазір 40 тар­мақ­­қа бөлінген түркі тілін Еуразия ке­ңіс­ті­гі­­нің 210 млн тұрғыны ана тілім деп қа­был­­дай­ды. Мамандар егер де «алтау ала бол­­­маса», 210 млн тұтынушысы бар түркі ті­лін әлемдік тілдердің сапына енгізуге бо­латынын айтады. Мәселен, БҰҰ әлемдік тіл ре­тінде ағылшын, араб, испан, фран­цуз, қы­тай, орыс тілдерін бекіткен. Осы­лар­­дың ішіндегі француз тілін әлем хал­қы­ның 175 миллионы пайдаланады екен. Сол 175 миллионның 76 миллионы ғана фран­­цуз тілін «ана тілім» деп біледі. Ал қал­­­ған 99 мил­лион пайдаланушы – Фран­­­цияның бұ­рын­ғы отарындағы ел­дер­дің тұрғындары-мыс. Демек, 210 млн ха­лық­­пен түркі тілі фран­цуздармен (және осы секілді басқа тіл­дермен) бәсекелесуге қау­­қарлы деген сөз. Яғни бұл ортақ тіл дү­ни­е­ге келсе, сан жа­ғынан БҰҰ, ЮНЕСКО т.б. халықаралық ұйым­дардың тіліне ай­на­­ла алатынын көр­се­теді. Қош. Ол үшін «төр­­­теуді түгендеп, тө­бе­дегіні келтіріп» алу қа­­­ж­ет.
Төртеу түгел болса...
Түркі халықтарын түгендеу үшін алды­мен дербес мемлекет саналатын Қазақ­стан, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қыр­­­ғызстан, Түрікменстан се­­кілді елдер мен түркітілдес ұлттар ортақ тіл мәселесін­де бір шешімге келуі қажет. Мысалы, ға­лым­­дар түркі халықтарына ортақ тілді қа­лып­­тастырудың екі тетігі бар еке­нін ай­­та­ды. Біріншісі – орта ғасырда пай­­да­ла­ныл­ған ортақ түркі тілін қайта жан­­­дан­ды­ру. Ғасырлар қойнауында қа­лып қой­ған бұл тілдің өн бойында бар­ша түркі тіл­де­рі­нің табиғи заңдылықтары сақ­­талған. Оның терминологиялық негізі де бір. Екін­шісі – қазіргі уақытта жиі ай­тыла бас­таған ла­тын графикасы негізінде ор­тақ жаз­баша тіл кеңістігін қалыптастыру. Бұл екі жолдың қайсысын таңдасаңыз да, қа­зақ тілінен ай­налып кете алмайсыз. Оған бір­неше се­беп­терді келтіруге бола­ды.
Біріншіден, орта ғасырда пайдаланыл­ған ортақ түркі тілінің қаймағын бұзбаған – қазақтар. Бұған мысал ретінде біздің ана тіліміздің әлемдегі ең бай үш тілдің сапына кіретінін (ең бай тіл саналатын араб тілінде – 12 миллион 300 мың, екінші орындағы ағыл­шын тілінде – 750 мың, ал қазақ ті­лін­­де – 600 мың, мұнан кейінгі орындарды мі­­се тұтқан испан тілінде – 300 мың, орыс ті­­лінде – 150 мың сөз бар) алдыға тартсақ бо­­лады.
Екіншіден, тарихи жағынан келсек, Қа­зақ­стан түркі тілінің байырғы отаны һәм гео­­графиялық жағынан алғанда тура ор­та­­лық­та орналасқан.
Үшіншіден, қазақ тілі графикасы негі­зін­­­­­де ортақ жазбаша тіл кеңістігін қалып­тас­­­тыру үшін де өз тиімділігін байқата ала­ды. Мысалы, қазақ тілінің ауызша, жаз­­­­­­баша һәм публицистикалық стилі то­лық қалыптасып, ғылыми айналымға еніп үл­­герген. Тек қана қазақ тілі сөздік қо­ры­ның 60 пайызы түркілік түбірлі сөз­дерден тұ­­р­ады.  Яғни қазақтан өзге халықтардың қол­­данысынан шығып қалған «ң», «қ», «ө», «ғ» сынды жоғалып кеткен ұлт­тық си­пат­­­тағы ерекше әріптерді қайта қал­пы­на келтіруге жол ашады. Мәселен, өзбек тілі морфологиялық жағынан – әндижандық, лек­­сикалық нұсқаға – самарқандық, ал фо­­­нетикалық дыбыс­талуға бұқаралық ди­­лек­тіні алып, біріктіру арқылы түзілген. Ал тү­ріктердің тілі Еуропаға ыңғай­лан­дырып, қай­тадан түзілген тілі. Қырғыз, қа­ра­қал­пақ, әзірбайжан, түрікмен т.б тіл ғылымын біз­дің деңгейде ғылыми негізде жүйелеп үлгерген жоқ.
Қатер қайдан?
Әрине, ендігі мәселе «түркілерге тән ор­­тақ тіл  мәселесі жал­пы  ұлттық сая­сатқа қалай әсер ете­ді?» деген сауалға ке­ліп ті­ре­­леді. Мо­йын­­да­уымыз ке­рек, қа­зір осы­дан 100 жыл бұрын ғана бір-бі­рін жақ­­сы түсінетін туыс ха­­­лықтар ара­сы ал­­­шақ­тап, мүл­­де өз­геше өң-сипатқа ие бо­лып үл­гер­ді. Егер де алдағы 50 жыл­да бұл мәселе жол­ға қойылмаса, жал­­пы түркі ха­­лық­та­рының көп бөлігі жо­йылып кетуі кә­дік. Себебі әлем­дегі 5 мың тірі тіл­дің ай сайын екеуі өліп оты­ратыны ай­­ты­­лып жүр. Демек, 280 мың тұты­ну­шы­сы бар құ­мық, 250 мың тұты­ну­шысы бар қа­ра­­шай­дан бас­тап, 60 мыңның ар жақ-бер жағындағы ха­қас, алтай, 2500 тұр­ғы­ны қалған шұлым се­кілді тілдердің ерте­ңі­н­ен үміт күту қиын­дай бермек. Тіпті ал­­дағы елу жылда мұн­дай қатер сапына 300 мың­нан 1 миллионға де­йін халқы бар кез келген түркі жұрты ілігіп кетуі бек мүм­кін.
Қазақ халқы үстемдікке қарсы саясатты ұстана алады
Саясаткерлер ортақ тіл қалыптастыру ба­рысында бәрібір белгілі бір тілге үс­тем­дік беруге тура келетінін айтады. Олардың көп­шілігі «сол тілді қолданатын елдің сая­си үстемдігін  болдырмау үшін халқының са­ны аз һәм саяси ықпалы соншалықты тегеурінді емес мемлекеттің тілін ортақ тіл ету керек» деген пікірде. Тарих беттерін ақ­тарсаңыз, кезінде Мұстафа Шоқай бар­ша түр­кі халқының ортақ тілі ретінде қа­ра­қал­пақ тілін ұсынғанын көресіз. Саяси жа­ғы­нан алсақ, қарақалпақ тілі – қазақ ті­ліне өте жақын. Осыдан-ақ Мұстафа Шо­­қай­дың бұл идеясы жан-жақты сара­ланған, сая­си астарлы қадам деуге келеді. Бұл – бір мысал. Екіншіден, кешегі Кеңес Одағының 250 миллион халқының 180 миллионын сла­вяндар құрады. Сол Кеңес Одағын Бе­ло­веж тоғайында ең әуелі сла­вян ха­лық­тарының, яғни орыс, беларусь пен ук­раин­дардың басшылары ыдыратты. Яғ­ни бір ұлт пен бір тілдің доминанто болуы мен тек орыс тілінің үстемдік құруы славян тіл­ді­лер­дің арасын алшақтатты. Егер де біз түр­кі мемлекеттерінің ішіндегі хал­қының саны көп һәм ықпалды мем­ле­кет­терге жол бер­сек, түркілердің тілі де сла­вяндардың кебін киюі мүмкін.

Түйін
Шындығын айту керек, бүгінде біз өз мемлекеттік тілімізді  тұғырына қон­­дыра алмай отырмыз. Неге? Себебі орыстілді қазақ бауырларымыз қа­зір­­дің өзінде қасиетті тілімізді түбі бір болғандықтан, 70 миллионнан астам (мә­селен, өзбек, ұйғыр, қарашай, татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ, қыр­ғыз, алтай секілді ондаған ұлттардың барлығы) халық жақсы түсінетінін ба­ғам­дай алмай отыр. Тек түрік, әзірбайжан, түрікмен секілді бірқанша ел­дің тілі геосаясатқа және басқа да салдарларға байланысты алшақтап кет­кен. Ол аралықты жақындату бағзы түркілік табиғатын жоймаған қазақ ті­ліне бұ­йыруы әбден мүмкін. Демек, әлемдік алты алпауыт тілмен иық ті­ре­сіп, 7-н­шісі болуға түркі тілінің, яғни қазақ тілінің қауқары жетеді деген сөз. Егер де бізге сенбесеңіз, түркі тілінің тарихын тағы да бір ақтарып шы­ғы­ңыз...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста