Тоқаев: Волонтерлер – бүгінгі адамзаттың элитасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумында волонтерлерді бүгінгі адамзаттың элитасына теңеді.

«Бұл форум бірлескен әрекеттер маңызды рөл ойнайтынын көрсетеді. Біз әлемде бұрын-соңды болмаған түрлі проблемаларға кездесіп отырмыз. Сондықтан қазір жарқын болашаққа деген үмітті өшіріп алмау үшін ымырашылдық өте қажет. Мен халықаралық волонтерлік бағдарламалар тиімді екеніне және жеке тұлғалар арасындағы дипломатияны ілгерілетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Өз өмірін өзгелерге арнап жүргендерге, әсіресе мұны халықаралық деңгейде істеп жүргендерге алғыс білдіргім келеді. Өйткені оларды адамзаттың элитасы, бейбітшілік пен мейірімінің нағыз елшілері деп айтуға болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент волонтерлік қызметті экологиялық құндылықтарды ілгерілетуге пайдалануға болатынын атап өтті.

«Болашағымыз бақуатты болу үшін бүгінгі әр қадамымызды дұрыс басуымыз керек. Сондай-ақ, экологиялық тұтыну мәдениетін ілгерілету қажет. Ол үшін бізге адамдардың ойлау тәсілін, қоршаған ортаны қабылдау мәдениетін өзгерту қажет. Сонда ғана реформалардың нәтижесі орнықты әрі қалтқысыз болады. Мен волонтерлік жеке адамдардың үлгісі негізінде қалыптасатынына сенемін. Бізге жауапты азаматтық және патриотизм ұғымдарының негізінде дамудың жаңа парадигмаларын қалыптастыру керек. Елімізде волонтерлік қызметтің кеңінен тарауына қажетті жағдайдың бәрін жасаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Президент сонымен қатар волонтерлерді бүгінгінің батырына теңеді.

«Қоғамның алдыңғы сапында жүргендіктен сіздерді нағыз қаһармандар, бүгінгі әлемнің үлгі тұтар бейнесі деуге болады. Мұқтаж жандарға тынымсыз көмек көрсетіп жүргендеріңізді, біліміңіз бен тәжірибеңізді өзгемен бөлісуге деген ұмтылыстарыңызды ерекше атау қажет. Сіздердің кішіпейілділіктеріңіз құрмет пен қошеметке лайық. Волонтерлік құндылықтарды насихаттап, басқаларды атсалысуға ынталандыру үшін сіздердің жұмыстарыңыздың маңызды екенін, табысты нәтижелерді әрдайым атап отыру керек», - деді Мемлекет басшысы.

Осылай деп атап өткен Президент волонтерлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалануы керек екенін баса айтты.  

«Жанашырлық қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Қазақстанға жер аударылған талай этнос өкілдерін бауырына басып, барын бөліскен. Сондықтан бүгінгі жиынның мақсаты халқымыздың болмысымен үндес екені сөзсіз. Мен БҰҰ-ның 75-сессиясында Халықаралық волонтерлерді жұмылдыру жылын жариялауды ұсындым. Бұл бастама осы тамаша дәстүрді одан ары дамыту үшін қажет», - деді Президент.

Мемлекет басшысы өткен аптада Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың 2-отырысы өткенін еске салды.

«Сол жиында отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, үнемшілдік, еңбекқорлық, жанашырлық секілді құндылықтар бәрінен биік тұруға тиіс екенін атап көрсеттім. Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Меніңше, барлық еріктілерді адал азамат деуге болады. Өйткені, сіздер жауапты жұмыс, сауапты іс атқарып жүрсіздер. Мен волонтерлердің еңбегі әрдайым жоғар бағалануы керек деп санаймын. Сол себепті елімізде жыл волонтері халықаралық сыйлығы белгіленді. Бұл марапат белсенді еріктілерге беріледі. Сонымен қатар ерен еңбегімен көзге түскен еріктілер жыл сайын «Шапағат» медалімен марапатталады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр. 

Кешеден бері өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына әлемнің 34 елінен 140-тан астам ерікті қатысып жатыр. Сондай-ақ 50-ге жуық шетелдік спикер келді.

Айта кетейік, кейінгі үш жылда елімізде волонтерлердің саны үш есе көбейді. Мысалы, 2019 жылы волонтерлік ұйымдардың саны 50-ден астам болса, қазіргі таңда 680-ге жетіп отыр. Сонымен бірге волонтерлердің саны 2019 жылы 50 мың болса, қазір республика бойынша волонтерлер саны 200 мыңнан асады.

Форумның негізгі мақсаты – волонтерлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыру.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста