Төңкерістер тізбегі кәрі құрлықты құрсамақ па?

Биылғы жыл жер бетіндегі көптеген мемлекеттегі тұрақсыз оқиғалармен басталды. Алдымен Африканың солтүстігінен басталған төңкерістер тізбегі өзге құрлықтарды да шарпып үлгерді.
Тунис пен Мысырдағы төңкерістің салдары
Бен Әли мен Хосни Мүбәракты тақтан тайдырған Тунис пен Мысыр халқының түпкі мақсаты орындалғанымен, төң­керістердің салдарымен күресу оңайға соғып отырған жоқ. Экономикаға келген шығын шаш етектен. Төңкеріске дейін ІЖӨ – 2 700 АҚШ доллары, ал халқының 20 пайызынан астамы кедейшіліктің ең төменгі деңгейінде болған Мысыр мен 2,58 млрд евро шығынға кенелген Тунистегі жағдайды қалпына келтіру үшін біршама уақыт қажет. Мысырдағы құжаттардың енді ғана қайта жазылып жатқаны мен Тунистегі уақытша үкіметтің өзі отставкаға кеткенін ескерсек, бұл болжамның салмағы арта түсетіндей.
Азаматтық соғысқа жол ашқан Каддафиге санкция салынды
Ең жоғарғы лауазымда қызмет етуден 42 жылдық еңбек өтілі бар Муамар Каддафидің қыңыр мінезі мемлекетке зор шығын әкеліп, дағдарыс жағдайын қалыптастырып отыр. Елдегі қақтығысты шетелдік сарапшылар азаматтық соғысқа балап, Триполидегі төңкерістің салдарымен күресу тіпті қиынға соғатынын болжауда. Каддафидің саяси шешімі Ливияны ғана емес, әлемнің көптеген мемлекетін де экономикалық шығынға ұшыратты. БҰҰ-ның Ливия басшысына қарсы салған санкциясы біршама мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. Тұтас Еуропа қара алтыннан қағылса, Түркияның әлемге әйгілі құрылыс компаниялары мен қару саудасы бойынша Ливиямен үлкен сомада келісімшарт жасасқан Ресей үкіметі зардап шегіп отыр. Ливия жамахириясындағы жағдай ушықпаса, жақын арада жақсаратын түрі көрінбейді. Бұрынғы әділет министрі Мұстафа Әбдел Жәлел Бенгази де үкімет жасақтап жатыр. Оның үкіметінің күші Каддафилер әулетінің жақтастарынан күшті болмаса, әлсіз емес. Демек, Ливиядағы қанды қақтығыс одан әрі күшейіп, өз ықпалын аймаққа ғана емес, әлемнің өзге елдеріне де тигізуі бек мүмкін. Ливиядағы қарулы қақтығыстан жан сауғалаған босқындардың саны қазірдің өзінде 100 мыңға дейін жетті. Босқындар шекараны бұзып өтіп, төңкерістен кейінгі ауыр халді басынан кешіп жатқан Мысыр мен Тунистен пана іздеп жүр.
Йемендегі жағдай ушығып барады
Апай-топай билікті ауыстырып тастамаса да, Йеменде де ауық-ауық әлеуметтік қақтығыстар болып тұрады. Мысыр, Тунис, Ливиядағы жағдай қайталанбағанымен, сең қозғалды. Қаңтарда бір толқып басылған халық өткен аптада қайта көтерілді. Осы уа­қыт­қа дейінгі қақтығыстардан 19 адам көз жұмған. Полицейлер биліктің тапсыр­масымен халыққа қарсы қару қолданған. Йемен халқының басты талабы – 33 жыл билік басында отырған Әли Абдолла Салехтің отставкасы. Сарапшылар тол­қудың басты себебі деп елдегі кедейшілік пен жаппай жұмыссыздықты атайды. Мұнайлы мемлекет болғанымен, Йемен­де ІЖӨ жан басына шаққанда – 2500 доллар. Болжам бойынша көп ұзамай Әли Салех биліктен кетуі мүмкін. Оның басты себебі – Йемендегі ең ық­палды хашид тайпасының оппозиция жағ­ына шығуы.
Омандағы оқиғалар күшейіп келеді
Мамандар дәл осындай сценарийдің Оманда да қайталануын жоққа шығармай­ды. Ел астанасына жақын маңдағы Сухар қаласындағы қарапайым халық пен полицияның арасындағы қақтығыс адам шығынына алып келді. 1970 жылдан бері билік басындағы сұлтан Кабус бен Саидке халықтың өкпесі қара қазандай. Жексенбі күнгі қақтығыстан шеруге қатысқандардың екеуі оққа ұшты. Адам шығыны дағдарысты тереңдетіп жіберетінін ескерсек, Омандағы жағдайдың ушығатын түрі бар.
Төңкерістер тізбегі Хорватияны шарпыды
Солтүстік Африкадан басталған толқу­лар тізбегі өзге құрлықтарға да жалғасуда. Бе­ріде – оңтүстік-шығыс Азия (Йемен, Оман), арыда Орталық Африкадан көрінді. Жексенбі күні қаруланған адамдар тобы Конго Демократиялық Республикасының тұрақтылығына қауіп төндірді. Жозеф Кабилдің резиденциясына шабуыл жа­са­мақ болғандардың арасында алты адам полиция қолынан қаза тауып, қал­ғаны қолға түскен. Тұрақсыздық кәрі құрлыққа да жетті. Дәлірек айтқанда, Хорватияның жеті бірдей қаласында бір мезетте үкіметке қарсы акция ұйымдастырылды. Загребтен басталған бүлікке әйгілі Facebook әлеуметтік желі ықпал еткен деген салмақты болжам бар. Құрлықта жас мемлекеттердің арасында дамуы жа­ғынан алда келе жатқан Хорватиядағы жағдай қау­іп­сіздікке екі шоқып бір қарайтын Еуропаны ой­ландырып отыр.

Түйін
The Wall Street Journal басылымы тағы бірнеше мемлекетте төңкерістер орын алуы мүмкін деген болжам айтады. Бәлкім, бұл субъективті пікірлердің жиынтығы болуы да мүмкін. Десе де, газеттің болжамынша, төңкерістер тізбегі Кения, Камерун, Пәкістан, Нигерия, Индонезия, Марокко, Иордания сияқты мемлекеттерді де басып өтуі мүмкін дегенге саяды. Қалай болғанда да, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған осы оқиғалар ғалам үшін ең басты құндылық қауіпсіздік пен тұрақтылық екенін тағы бір еске салғандай.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста