Тәтішевтің өлімі: Мұхтар Әблязов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деп айыпталған Мұхтар Әблязовке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімді судья Кенжеғали Кенжебеков оқыды. "Сот Мұхтар Қабылұлы Әблязовті ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясындағы 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-пункті бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырды. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2017 жылдың 7 маусымында ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4 және 6-бөлігіне сәйкес шығарған үкімі бойынша Мұхтар Әблязов үш жылға банк ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын, жазасын қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ерекше қауіпсіздік мекемесінде өтесін, - деді судья Кенжебеков. Әблязовтің жазасын өтеу мерзімі оны қамауға алған сәттен бастап саналады. Сот үкіміне 15 тәулік ішінде шағымдануға болады.
 

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты іс Таразда қаралған болатын. Барлық сот отырысы Мұхтар Әблязовтің қатысуынсыз өткен еді. Сот 12 қазанда басталды. Осы уақытқа дейін шамамен 60 куәгерден жауап алынды. Сотқа ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев пен сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди де жеткізілген болатын. ҰҚК экс-басшысы Дүтбаев Әблязовтан түскен ақшасы бар карта туралы айтып берді Айыптаушы тарап Мұхтар Әблязовті айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға сотталған болатын. Бизнесмен Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін Мұхтар Әблязовтан екі миллион доллар алғанын мойындаған еді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста