Бүгін Донбасс қаласында әскери операция жүргізуді бұйырған РФ президенті Владимир Путин аталған қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын талап етті. Ал, араласқысы келгендерге бұрын-соңды көрмегенді көрсетеміз деп мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Ресей Украинаның шығысындағы тәуелсіз ел ретінде мойындалмаған Донецк пен Луганск республикаларының тәуелсіздігін «жариялаған» болатын. Артынша АҚШ пен Еуроодақ елдері Ресейге жаңа санкциялар салғанын хабарлады.
«Бұл жағдайға сырттан араласқандарға Ресейдің беретін жауабы лезде болады. Ал ол жауаптың салдары өте ауыр болады, тарихта бұрын-соңды көрмегенді көрсетеміз. Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Қажетті шешімнің бәрі қабылданды», - деді Владимир Путин бүгінгі үндеуінде.
Айта кетейік, Украина басылымдары елдің бірнеше қаласында жарылыс пен атыстың дауысы естілгенін хабарлады. Ал, Владимир Путин Донбасс қаласында әскери операция жүргізуге бұйрық берді.