Танымал саясаткер болу үшiн қанша қаржы керек?

«Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын»... Бұл – кешегіден қалған пәлса­палық ой. Ал бүгін ше? Бүгін ешкімнің де қатқан қара тас болғысы келмейді. Кез келген жеткіншек халықтың көз ал­дын­да жүретін танымал тұлға болуды армандайды. Әу дейтіндей даусы жоқтар әншіге, бетінің қызылы барлар журна­лиске, енді біреулері биші, сықақшы, суретшіге айналып шыға келетін кезеңде саясат әлемінде бағын сынап, саясат­кер болып танылу қаншалықты қиын? Біз осы сауалдың жібін иіріп көрелікші...

Кәсіби саясаткер болу үшін...
«Саясат – ағаш ат» деп жатамыз... Сол ағаш атты ерттеп міну үшін туабітті талант қажет екенін жоққа шығара алмаспыз. Бірақ ешкім де саясаткердің шекпенін талантымен кие салмайды. «Өз үйінде сызу сызбаған адам сыртқа шыға сала ою оюы да мүмкін емес. Демек, белгісіз тұлға саясаткерге айналуы үшін, ең алдымен, интеллектуалды білімі, қоғамға деген өзіндік көзқарасы, түр-тұрпатында тар­тым­дылығы, халықтың алдында сөз жұптар­лық шешендігі болуы міндетті... Сая­саткер дегеніміздің өзі нақты саяси идеологияны басшылыққа ала отырып қоғамдық шешім қабылдайтын кәсіп иесі болғандықтан, бұл саланы үлкен нарық деп білгеніміз жөн. Белгілі саяси экономист М.Вебер де бұл саланы кәсіп ретінде қарас­тырып, «кездейсоқ», «жұмысына қо­сым­ша», «кәсіби саясаткер» деп үш түрге бөліпті. Бізге керегі – кәсіби саясаткер...
Кәсіби саясаткер болу үшін не істеу керектігіне зер салалық...
Біріншіден, белгілі бір саяси идеяның болуы міндетті. Екіншіден, сол идеяны жүзеге асыратын адамды тауып, оны тұлғаға айналдырар жолдар қарастырылады...
Бұл орайда саяси дұрыс қадам жасауды үйрететін  политехнологтер,  киім-киісі мен жүріс-тұрысын реттейтін имиджмей­кер­лер, халық алдындағы сөзін жазып беретін спичрайтерлер, саяси нарықты бағамдап отыратын саяси маркетологтер­дің жұмысы іске қосылады.
Елнұр Бейсенбай, саясаттанушы:
– Бір адам көптеген жылдар бойы қоғамдық істерге үн қосу арқылы танымал саясаткер бола алмай жүріп, бір-ақ күнде лауазымды қызметке тағайындала қалуы мүмкін. Біздің халық осындай адамдарды танымал саяси тұлғаға айналды деп ой­лай­ды. Бұл дұрыс емес. Саясаткер қоғам­дық істердің, бастамалардың басында жү­ріп танылуы тиіс. Ал мемлекеттік қызметте жүрген­нің бәрі – саясаткер емес, шенеунік­тер. Олар биліктің тапсырмасын орындай­тын – атқарушы менеджерлер. Осыны бө­ліп ажырата білгеніміз жөн. Десе де, ше­неу­нік бола тұра, мемлекетке жаны аши­тын, қоғамдық істердің басы-қасында жүретін саясаткерге айналуына болады. Бұл – бір. Екіншіден, белгісіз адамның сая­си сахнаға шығуына, танылуына түрлі сай­лау­лар көп мүмкіндік туғызады. Бізде көп­те­ген саясаткерлеріміз бүкіл халық ат­са­лысатын президенттік, депутаттық сай­лау кезінде танымалдыққа ие болып жата­ды. Ол кезде тұлғалық тегін жарнама жа­сау­ға мүмкіндік мол.
Маркетингінің мүмкіндігі қандай?
Енді бір мамандар сайлау күнде болмайтындықтан, танымал саясаткерге айналу үшін тек халықтық сайлауды күтіп отыру нәтиже бермейтінін айтады. Олар­дың пікіріне сүйенсек, танымал саясаткер болудың басты жолы идеяның өтімділігі екен. Бұл жерде саяси маркетингіге (ағыл. market – базар, нарық) баса мән беріледі. Саяси маркетинг қызметі қымбат болғаны­мен, саясат субъектілерінің белсенділігін арттыратын тиімді құрал екені рас. Өйткені бұл сала саяси жағдайды зерттеуге, саяси конъюнктура туралы ақпарат жинауға, субъектілердің шынайы мүмкіндіктерін есепке ала отырып саяси акцияларды жоспарлауға жол ашып береді.
Айдос Сарым, саясаттанушы:
– Кез келген азамат саясатқа келген кез­де белгісіз адам болатыны белгілі. Ол аза­мат түрлі саяси технологиялар, қо­ғам­дық белсенділігі, баспасөз құрал­дары арқылы өзін-өзі танытады. Бүгінгі кезеңде беймә­лім адамның атының ха­лық­қа тез танылуын әлеуметтік желілер жеңілдетіп отыр. Интернеттің пайда болуының арқасында бір минуттың ішінде бүкіл елге белгілі бола ала­сыз. Ғаламтордың аясының кеңуі сая­сат­ты да, саясатқа кірудің технологияларын да демократияландырып жатқанын мойын­дауымыз қажет. Десек те, осындай кезде біз саяси нарықтың қажеттілігін толығымен игере алып отырған жоқпыз.
Рас. Саясаткер болу тек мұнымен шек­телмейтіні белгілі. Саяси акциялар, түрлі шаралардың шығынын есептеп әуре болмай, осы бір бес саладан шыққан есебімізді ғана түйіндесек, 55 млн теңгенің төбесі көрінеді екен.
Логикалық есеп
Танымал саясаткер болу үшін кемінде 55 млн (шамамен 366 мың доллар) теңге қажет
Мамандар белгісіз бір азаматты бес жылда та­ны­­мал саясаткерге айнал­дыруға болатынын айтады. Осы бес жылда бұл жо­баға қанша қаржы жұм­салуы мүмкін. Ло­ги­калық есеп жасап көрелік.
1. 5 жылда 60 ай бар. Ол азаматтың жалақысы 200 мың теңге деп алсақ, 60 ай ішінде 12 млн тең­генің құлағы қалқаяды екен.
2. Саясаткердің имид­жін қалыптастыра­тын тұ­рақты имиджмей­кер жұ­мыс жасайды. Оның айлық жа­лақысы кемі – 100 мың теңге. Осы соманы бес жыл­­­дың 60 айына шақса­ңыз, 6 млн болады.
3. Қазір танымал поли­тех­нологтердің бір кон­суль­тациясы 2 мың мен 4 мың доллар көле­мінде. Орташа есебі – 3 мың дол­лар. Яғни 450 мың теңге. Сіз­дің болашақ саясаткері­ңіз жылына кемінде алты рет консульта­ция алса, бес жылда 30 рет политехно­лог­ке жүгінеді деген сөз. Енді осы 30-ды 450 мыңға көбейтіңіз. 13 млн 500 мың теңге көз алдыңызда күлімдеп тұрады.
4. Спичрайтерлікпен бір маман айналысса, оның жалақысы да 100 мың теңгеге бағаланса, бес жыл­дың 60 айына 6 млн. теңге төлеуге міндет­тісіз.
5. Саясаткеріңіз саяси жарнама үшін айына кемі бес мәрте республикалық басылымдарға, әлеумет­тік желілерге мақала жазып, телеарналар мен радио­лар­ға сұхбат беруі тиіс. Мұ­ның көпшілігі тегін жү­зеге аса­тыны белгілі. Бір­ақ респуб­ли­калық газеттерде бір жарнама­лық мақала­ның 1 миллионға, телеар­на­­лар­дың 5 мину­ты 2,5 миллион­ға бағаланатынын ес­кер­­сек, аталған бес мәрте­лік қадам үшін 17 млн 500 мың теңге жұм­салады екен.
«Алаш айнасының» түйіні
Саясаткердің имиджін қалыптастыру технологиялары біз айтқан жайттармен түгесіліп қалмасы белгілі. Біз жасаған есеп те, нақты бір тұлғаның танымал болуына жеткілікті қаржыны айқындап отыр дей алмаймыз. Тек ұлттың жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын саясаткер болудың оңай еместігін айтқымыз келген болатын.
«Алаш айнасының» мұрағатынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста