Табысын жария еткен шенеуніктің жүзі жарық

Табысын жария еткен шенеуніктің жүзі жарық

Мамыр айынан бастап «Нұр Отан» партиясының бастамасымен мемлекеттік қызметкерлерді табыс декларациясын жариялауға шақыратын «Өзіңнен баста!» атты акция басталды. Негізінен, бұл бастама барлық шенеуніктерге қатысты болатын, алайда осы уақытқа дейін табысын жариялап жатқан шенеуніктердің басым бөлігі – орта деңгейлі мемлекеттік қызметкерлер. Дегенмен облыс әкімдерінің белсенділігі қуантады.
Осы уақытқа дейін жария етілген табыс декларацияларын сараптай келсек, облыс әкімдерінің арасында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің табысы ең көп болып шық­ты. Самат Ескендiровтің 2012 жылғы та­бысы 10 млн 697 мың теңгені құрады. Со­ны­мен қатар әкімнің тұрғын үйі және ау­ма­ғы 0,05 гектарды құрайтын жер учаскесі бар.
Сонымен қатар Павлодар облысының әкімі де «Өзіңнен баста!» акциясына үн қосқан болатын. Өңір басшысы Ерлан Арынның өткен жылғы табысы 7 млн 626 мың теңгені құрапты. Айлық жалқысы 635 506 теңге. Астанада төрт бөлмелі пәтері, Павлодарда төрт бөлмелі пәтері мен гаражы бар. Облыс әкімімен бірге оның орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов та табысын жариялаған болатын. Оның айлық жалақысы – 357 000 теңге. Ал­ма­тыда үйі және Астанада пәтері, «Тойота Лэнд Крузер-100» және «Мерседес Ге­лен­два­ген» автокөліктері бар.
Әкімдер арасында үшінші кезекке Ақ­мола облысының әкімі Қосман Айтмұ­ха­ме­т­ов лайық екен. Оның жылдық еңбек ақысы – 6 млн 738 мың теңгені құрайды. Жекеменшігінде Астана қаласында орна­лас­қан жер учаскесі, «Тойота Лэнд Кру­зер-200» автокөлігі бар.
Қанағатшыл әкімдер де бар екен
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұр­лан Ноғаевтың табысы жоғарыда атал­ған­дардан аз болып шықты – 5 млн 532 мың. Декларацияға сәйкес, облыс әкімі айына 461 мың теңге жалақы алады. Бес баланың әке­сі атанған мемлекеттік қызметкердің басында жылжымайтын мүлік жоқ екен, қызметтік пәтерде тұрып жатыр.
Облыс әкімдерінің арасынан табысы мен тұрмысы ең қарапайым адам Қызы­лор­да облысының әкімі болып шықты. Қы­рымбек Көшербаев өткен жылы 4 млн 950 мың теңге жалақы алған. Дегенмен мүл­кі жөнінде ақпарат берілмеді. Бір қы­зығы, жылдық табысы жағынан әкімнен гөрі оның орынбасарлары бірнеше есе ар­тық олжа көрген екен. Орынбасарлары Ға­лым Әмреев – 17 млн 110026 теңге, Нұр­жан Әлібаев 12 млн 242 мың теңге табыс тапқан.
Облыс орталықтары әкімдерінің ара­сында екі қаланың әкімі ғана табысы жө­нін­де мәлімет берді. Павлодар қаласының әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтің орташа айлық жалақысы 387 667 теңгені құрайды. Со­нымен қатар қала басшысының Павл­о­дар­да бес бөлмелі үйі бар. Оның басқа жыл­­жымайтын және жылжитын мүлкі жоқ.
Ал Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбекұлының өткен жылғы кірісі 1,8 миллион теңгені құрапты. Айлық жала­қы­сы 150 мың теңге. Оның жеке пәтері, оған қосымша жер телімі бар.
Министрлер неге табысын жарияламайды?
Министрлер арасынан табысы мен мүлкі жөнінде толыққанды мәлімет берген Серік Әбденов еді. Алайда енді оны экс-министр ретінде еске аламыз. Оның айлық жалақысы 600 мың теңгені құраған. Зей­нет­ақы жинағында 3,5 млн теңге қаржы бар. Сауда және индустрия министрі Әсет Исе­кешев табысы жөнінде нақты мәлімет бер­месе де, айлығы мен шайлығы экс-ми­нистр Серік Әбденовтікіне жақындайтынын айтқан болатын.
Үкімет маңындағы шенеуніктердің ара­сын­да мүлкі мен табысы жөнінде кеңінен ақпарат берген бір адам болса, ол – Қайрат Лама Шариф. Дін істері агенттігінің төр­ағасы: «20 жылдық мемлекеттік қыз­ме­тім­дегі жұмыс өтіліне орай, менің агенттік төр­ағасы ретіндегі мансаптық айлық жалақым 607 319 теңгені құрайды. Қолыма тиетін таза айлық жалақым 493 794 теңгені құ­рай­ды. Қазіргі таңда Халық банкінің зей­нетақы жинақтаушы қорын­да­ғы жалпы зей­нетақылық жинағымның со­масы 5 млн тең­гені құрап отыр. Жеке­мен­шігімде әр­қай­сысы үш бөлмелі екі үйім бар, біреуі Аст­а­нада, екіншісі Алматы қа­ла­сында, оны 1989 жылы тұрғын үй ко­опе­ративінің қатысушысы ретінде иелен­ген­мін. 2010 жылы шығарылған «Тойота Пра­до» жеңіл автокөлігім бар», – деп жазды.
Шығыс Қазақстан облысының шенеуніктері жарады
Жалпы айтқанда, «Нұр Отан» партия­сы­ның «Өзіңнен баста!» акциясына барын­ша қолдау көрсеткен өңір – Шығыс Қазақстан облысы. Бұл аймақтағы ше­­­­неу­нік­­тер­дің 300-ге жуығы табыс деклара­ция­сын жариялап үлгерді. Екінші орында – Пав­лодар облысы. Мұнда 100-ге тарта мем­лекеттік қызметкер табысын жария етті. Үшінші кезекте Оңтүстік Қазақстан об­лы­сын атауға болады. Табысын жариялаған қала әкімдерінің арасында Шымкент қала­сы­ның экс-әкімі көш бастап тұрған бола­тын. Өз еркімен қызметінен босаған Қай­рат Молдасейітовтің кірісі 319 млн тең­гені құрапты. Шындығын айтқанда, жұрт­шылық оның табысының көптігіне емес, мүлкі мен табысын жасырмай айт­қанына таңғалып жүр. Біздің жағдайда мұ­ны да кішігірім ерлікке балауға болады.

Түйін
Дегенмен қоғам өкілдері бұл мә­­ліметтерді ресми мәлімдеме ға­на, қыруар мүлік туыс-туғанның аты­­на жазылады деп сенеді. Әрине, бұл – жалаң айыптау емес. Жалақы­сы 300-500 мыңды құрайтын ше­неу­­нік­тің құны 100 мың доллардан жо­ғары бағаланатын көлікті қалай ие­ленгені – кімге де болса жұмбақ. Де­генмен «Өзіңнен баста!» акциясы уа­қыт өте келе нақты жемісін береді деп сенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста