Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден Қазақстанда шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін қыздарға салық салу туралы бастама көтерген еді. Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы бастамаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шенеуніктің айтуынша, ол мұндай ұсынысты білмейді. Алайда ұсыныс түссе қарастырылады.
"Ұмытпасам, кейбір елдерде бұл (шетелдіктермен некеге тұру салығы - еск.) тәжірибеден өткізіліп жатыр. Сондықтан зерттейміз, мұндай ұсыныс түссе қарастырамыз. Бірақ бұл әлі талқыланбады", - деп жауап берді Жамаубаев.
Айта кетейік, шетелдіктермен некеге тұрған қыздарға салық салу туралы бастаманы Қарақат Әбден былтыр 11 қарашада Президенттікке кандидаттардың телевизиялық пікірталасы кезінде ұсынған болатын.