Сайлау нәтижесі келешектің сенімді кепіліне айналуда

3 сәуірдегі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауынан кейін еліміздегі әртүрлі ұйымдар, қозғалыстар мен бірлестіктер бірінен соң бірі Елбасыға құттықтау жолдап, «қорытындыны» қолдау науқанын бастап кеткен тәрізді. Кеше елорданың өзінде ғана әр тұстан жасалған бірқатар мәлімдеме бір сарынды мазмұнда болды.
Азаматтық альянс: сайлау – демократия жолындағы кезекті әрі маңызды қадам
Мәселен, елдің барлық өңіріндегі 480 үкіметтік емес ұйымының басын біріктіре­тін Қазақстанның Азаматтық альянсы ке­шегі сайлау нәтижесін толығымен қолдап, ал­дағы уақытта да мемлекетпен сындарлы ынтымақтастыққа мүдделілік танытып отыр. «Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық дамуы барысындағы басты жетістіктердің бірі – қоғамның демократиялануы. Оның дау­сыз дәлелі ретінде өз қатарында 2 мил­лионнан аса қазақстандықты біріктіріп отыр­ған үкіметтік емес сектордың дамуын атау­ға болады. Президент сайлауы қолда­ныс­тағы заңнама талаптарына толығымен сәйкес өтті. Барлық кандидаттың саяси бәсекелестігі үшін бірдей мүмкіндіктер жасалды. Электораттың жоғары белсен­ділігі елді басқаруға халықты шын мәнінде тартудың әрі олардың саяси мәдениеті өскендігінің дәлелі болып отыр. Сондықтан да ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын Қазақстанның демократиялық және құ­қық­тық мемлекетті құру жолындағы кезек­ті әрі маңызды қадамы деп санаймыз» де­лінген альянсшылардың мәлімдемесінде.
Айгүл Соловьева, Мәжіліс депутаты, Азаматтық альянс үйлестіру кеңесінің төрайымы:
– Сайлау үдерісіндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі – жоғары. Біз «Қазақстан–2020» жалпыұлттық демократиялық күштерінің коалиция­сына қатысып, әлеуметтік зерттеулер жүргіздік, экзит-полдар ұйымдастыр­дық. «Үшінші сектор» өкілдері сайлау­да бақылаушылар рөлін атқарып, үгіт-насихат жұмыстарына да, түсіндіру жұмыстарына да белсенді араластық. Ал сайлауға келетін болсақ, біз бұл үдеріс сайлау туралы заңнамаға сәйкес, еш заңбұзушылықсыз, толығымен халықаралық стандарттар­ға сәйкес өткізілді деп сеніммен айта аламыз. Бұл өз кезегінде еліміздің демократиялық дамуына кепіл болады.
Қазақстан халқы ассамблеясы: Біз бәріміз бірге өз тағдырымызды өзіміз таңдадық!
Астанада М.Горький атындағы Орыс драма театрына жиылып, форум өткізген Қазақстан халқы Ассамблеясы да басқосу­ды Елбасы жеңісіне арнапты. ҚХА төраға­сының бірінші орынбасары Ералы Тоғжа­нов оқып берген Президент атына жолдан­ған құттықтауда: «Дауыс берушілердің сай­­­лауға қатысудағы белсенділігі халқы­мыз­дың өскен ел, туған жер тағдырына жауапкершілік сезімінің аса жоғары екен­дігін көрсетті. Мақсат – шынайы шындық арқы­лы жеңіске жету. Ал біз ел болашағы мен Тәуелсіздікті нығайтуға ауызбіршілік­тің арқасында жеткен халықпыз. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, бірліктен асқан қасиетті ұғым жоқ. Біз өткенін ұмыт­пайтын елміз. Ата-баба мұратын ұлықтай­тын ел­міз. Елбасының сарабдал саясаты ар­қа­сын­да халық мұратын жаңа белеске шыға­­рып, өз келешегімізді өзіміз кемел­ден­дір­ген елміз. Біз атамекеннің көркін, атажұрт­тың абыройын асыру жолында күш-жігері­міз­ді аямайтын елміз. Елбасы бастамасы­мен жаңа мемлекеттің жаңа қоғамын, Тә­уелсіз­дік тарихын қалыптасты­ра отырып, өзі­мізді де жаңа уақыттың та­ла­бына сай өзгерте біл­дік. Президент Н.На­­зарбаевтың сали­қалы саясаты арқа­сын­да бабалар ар­ма­ны болған Тәуелсіздік ор­нады, экономи­ка­лық және әлеуметтік реформалардың іс­ке асуын қамтамасыз еткен тұрақтылық пен қо­ғам­дық келісім елімізді әлем елде­ріне таныт­ты. Президент бас­шылығымен, Қазақ­стан сенімді және нәтижелі табыстар­ға қол жеткізді. Қадірлі Ота­нымыздың игі­лігі артып, өсіп-өркендеу жо­лы­на түсті. Сіздің жеңісіңіз – бұл бүкіл Қа­зақ­станның жеңісі, халық абыройының ас­қақ­тауы, қым­­бат Отанымыз үшін Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығына ең қымбат сыйы», – делінген.
Людмила Хочиева, Мәжіліс депутаты, ҚХА мүшесі:
– Бүкіл әлемге танымал болып отырған бүгінгі Қазақстанның жетістіктері елдің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен байланысты. Ал ол жетістіктерге халық – Елбасына сенгендіктен, Елбасы өз халқын сүйгендігінің арқасында жетіп отырмыз. Сол елін, жерін сүйген Елбасымыз бізді әрі қарай да жарқын болашаққа, үлкен жетістіктерге жетелейді деген сеніммен 3 сәуір күні өткен сайлауда даусымыздың басым бөлігін беруіміздің себебі де – сол. «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса, ел мұратқа жетер ме?» деген қазақ мақалының мағынасы осы күні айшықтала түсті.
Жастар да – Президент жағында
Сондай-ақ осы күні бірқатар жастар бірлестігі өкілдері де мәслихат құрып, Мем­лекет басшысын жеңісімен құттықтап, сайлаудың нәтижесімен толығымен келі­сіп, қолдайтындықтарын білдірді.
Василий Палаев, «Ауыл жастары одағы» қорының тең төрағасы:
– Ауыл жастары Елбасының мемлекеттілікті ары қарай нығайту, қарқынды әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу, сондай-ақ әлемдік сахнада Қазақстанның беделін күшейту секілді жоспарын қолдайды. Сондықтан да кезектен тыс сайлауда мыңдаған ауыл жастары сенімді түрде өз дауыстарын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Бұл сайлау ашық әрі әділ өтті. Сайлауға қатысқан кандидаттар өз идеяларын жеткізуде тең мүмкіндікке ие болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста