Қытай елшісі бұрынғы КСРО республикаларының егемендігіне күмән келтірді

Әлемдік және ресейлік ақпарат құралдары Қытай халық республикасының Франциядағы елшісінің бұрынғы Кеңес одағы мемлекеттерінің егемендігін дұрыс алғанына және Қырымның Украинаға тиесілі екеніне шүбәланған мәлімдемесін жарыса таратуда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайт халықаралық жанжал туғызды.

 

Эстония, Латвия және Литваның сыртқы істер министрліктері француздың LCI телеарнасына сұхбат берген Қытайдың Париждегі елшісі Лу Шайды айыптады. Өйткені қытайлық шенеунік өз мәлімдемесінде посткеңестік кеңістіктегі елдердің Мәскеуден тәуелсіздік алуының заңдылығына шәк келтірді және Қырымның Украина территориясы екені нақты емес деген ауанда әңгіме өрбітті. Яғни, Кремльдің он жылдан бері сарнап келе жатқан пропагандасы қытайлардың да санасына берік орнай бастағанын байқатты.

 

Тіпті Лу Шайдың төл ұстанымы сондай болғанымен, егер ол Бейжіңнің ресми ұстанымына қайшы келсе, ол оны айта алмас еді. Себебі, халықаралық сарапшылардың байламынша, елші шетелде ҚХР-дың атынан сөйлейді, екіншіден, демократиялық емес, диктатуралық режимде елшілер мәлімдемесіндегі әрбір сөзге орталықтың келісімін алады.

 

Француз телеарнасы Лу Шаймен сұхбатын 21 сәуірдің кешінде көрсетті. Ертесіне халықаралық ақпарат құралдары оны цитатаға таратып әкетті. Ізінше Кремльдің шашпауын көтерген қытайлық дипломаттың соққан сойылы тиіп кеткен елдер ресми үн қатты.

 

ҚХР елшісінің байламынша, "КСРО-ның бұрынғы елдері халықаралық құқықта пәрменді статусқа ие емес, себебі бұл елдердің егемендік статусына күш беретін қандай да бір халықаралық келісім жоқ".

 

Бұл әрине, түбірімен қате және жала жабу. Өйткені Кеңес одағының құрамында болып, ХХ ғасыр соңында тәуелсіздік алған барлық 15 республиканың егемендігін әлемдегі барлық мемлекеттер, соның ішінде ҚХР да мойындады. Ең бастысы, мұны БҰҰ танып, өзіне тәуелсіз мемлекет ретінде барлығын мүшелікке қабылдады.

 

Осы орайда француз журналисінің Ресей аннексиялаған Қырымның кімге тиесілі екеніне қатысты сұрағына Қытай елшісі: "Бұл осы мәселені кімнің қалай қабылдайтынына байланысты" деп жауап қатты.

 

Бұл да Мәскеу уағызы: Путин Қырымды "орыс әлемінің киесі" және соның ажырамас бөлшегі деп санайды, демек, қытайлық елші мұны да мақұлдауға болатынын меңзеп отыр.

 

"Тарих бар. Қырым әу бастан Ресейге тиесілі болған. Қырымды кеңес заманында Хрущев Украинаға сыйлаған", — деп сандырағын жалғастырды Лу Шай.

 

Даулы сұхбат жариялана сала, Эстонияның Сыртқы істер министрі Маргус Цахкна қытай елшісінің мәлімдемесін "өкінішті" және "түсініксіз" деп атады. Бұл елдің сыртқы саясат ведомствосы түсініктеме беру үшін Эстониядағы ҚХР елшісін шақырды.

 

"Қытай халық республикасы елшісінің мұндай теріс көзқарасты ұстанатыны өкінішті, тек қынжылыс туғызады. Мұндай ұстанымын біз түсіне алмаймыз", – деген Маргус Цахкна қытай елшісін шақырып алып, Эстония тарихы туралы қысқаша сабақ беретінін мәлімдеді.

 

Латвия да бұл кесірлі мәлімдемеге үнсіз қалмады: оның сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичс ҚХР елшісінің ұстанымын айыптады. 

 

"Мұндай сөздерді қабылдауға болмайды. Біз Қытай тарапынан түсініктеме беруін және бұл мәлімдемені толық жоққа шығаруын күтеміз", — деді Латвияның бас дипломаты.

 

Литва да өз егемендігіне күмән келтірумен еш келісе алмайтынын анық аңғартты.

 

"Егер Балтық елдерінің Қытайға неге сенбейтініне, Қытайдың "Украинада бейбітшілік орнатудағы араағайындығын" неге мойындамайтынына қатысты әлдекімнің әлі күнге сұрағы болса, жауабы осы. Қытай елшісі Қырымды ресейлік деп танитынын, ал біздің елдеріміздің шекараларының заңды тұғыры жоқтығын жариялап отыр", – деп қатаң сынады Литва Сыртқы істер министрі Габриелюс Ландсбергис.

 

Украинаның Франциядағы елшісі Вадим Омельченко Қытайдың да өзге елдердің жеріне көз сүзетінін еске салды.

 

"Осы мәлімдеме арқылы қытайлар географияға қатысты анық проблемалары барын паш етіп отыр. Оның үстіне бұл мәлімдеме ресми Бейжіңнің халықаралық құқық және БҰҰ жарғысының қағидаттары негізінде Украинада бейбітшілік орнатуға күш салатыны туралы ресми ұстанымына қайшы келеді", — деп жазды В.Омельченко.

 

Батыс та бұл мәлімдемеге алаңдаушылық білдірді. Даулы мәлімдеменің тарау ошағына айналған Францияның Сыртқы істер министрлігі бұл сөзді "қатты шошына" қабылдағандарын жеткізді. Сондай-ақ Париж де Қытайға сұрау салып, елшінің айтып отырғаны ҚХР ұстанымын білдіретінін не білдірмейтінін айқындауды талап етіпті.

 

Франция СІМ-і посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің территориялық тұтастығын танитынын, соның ішінде Украина 1991 жылғы Қырым да қосылған шекараларында халықаралық деңгейде, бүкіл халықаралық қоғамдастықпен, соның ішінде Қытаймен мойындалғанын мәлім етті. Париж отыз жылдан астам уақыт бұрын тәуелсіздік алған республикалар БҰҰ-ға егемен ел ретінде мүше болғанын еске салды.

 

Францияның сыртқы саясат ведомствосы "осы мәлімдеме қатысты болып отырған, өткен ғасырдағы ұзақ қанаудан кейін армандағы азаттығына қол жеткізген барлық одақтастарына және серіктестеріне толық қолдау білдіретінін" нықтады.

 

Францияның ұстанымынша, Мәскеудің осы шекараларды бұзып, аннексияны жүзеге асыруы халықаралық құқық бойынша заңсыз болып табылады.

 

Қалған оншақты посткеңестік мемлекет қатарында Қазақстан да үнсіз, бас бұғып қалды.

 

Дәл сол сұхбат шыққан 21 сәуірде Бейжіңде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаевтың басшылығымен қазақстандық делегация консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Қытай консультацияларының 21-ші раундына қатысыпты. Онда қытай азаматтары үшін Қазақстанның визасыз режим енгізуі мәселесі қаралған көрінеді.

 

"Келіссөздер барысында консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кең сұрақтары бойынша жан-жақты пікір алмасты. Атап айтқанда, тараптар екі елдің азаматтары үшін өзара қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады, сондай-ақ визалық режимді жеңілдету бойынша пікір алмасты. Бейжіңдегі консультациялардың қорытындысы бойынша дипломаттар екі ел азаматтарының игілігі үшін консулдық саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге уағдаласты", – деп хабарлады еліміздің Сыртқы істер министрлігі.

 

Сонымен бірге демалыс күндері қазақстандықтарды Қытай жариялапты делінген карта дүрліктірді. Қазнетте тараған картаға түсініктемеде оны "ҚХР Табиғи ресурстар министрлігі жария етті" деген түсініктеме беріліпті. Оған сәйкес, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Қазақстанның бір бөлігі, сонымен қатар Моңғолия, Қырғызстан және ресейлік Қиыр Шығыс территориялары Қытайдың құрамында бейнеленген.

 

Дегенмен, Stopfake.kz порталының жазуынша, сарапшылар бұл картаның алғаш рет интернетте 2015 жылғы мамырда Fakomonic порталының Twitter-аккаунтында жарияланғанын анықтады. Сонда оған түсініктемеде бұл картаның қытайлық мектеп оқулығынан алынғаны жазылған. 2023 жылғы наурызда картаны орыс тілді сегмент қайтадан тарата бастады. Бұл жолы оны ҚХР Табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылғы 6 ақпанда құрастырған деп таныстырды. Бірақ қазақстандық сарапшылар қытай тілінде мұндай нормативтік актіні таба алмапты.

 

ҚХР Табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында Картографиялық технологиялар сараптамасы орталығының парақшасы бар. Онда орталықтың жалпы саны 269 карта шығарғаны көрсетілген және жүктеп алу үшін ұсынылған. Оның бірде бірі Қазнетте таралып жатқан нұсқасына ұқсамайтын болып шықты.

 

Дегенмен, Қытай өзгенің жеріне көз сұғын қадамайды деп санау аңғалдық болар еді. Оның үстіне Stopfake.kz те талқыға түскен картада "Цин әулеті бастауындағы Қытайдың картасы" (1644 жылдан бері) деген қытайша жазуға назар аудартты және шың елі сол тұста Қытай территориясы осындай болған деп санайтынын ескертті. "Сақтансаң, сақтаймын" деген.

 

Ресми Астана 2022 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпин еліміздің территориялық тұтастығына кепілдік берді деп есептейді. "Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, біз алдағы уақытта Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және территориялық тұтастығын сақтауына қолдау көрсетеміз", – деп мәлімдеген еді сонда Қытай көшбасшысы.

 

Барлық дау мейдан даласында емес, келіссөздер үстелінде шешілгені маңызды. Ол үшін қазақстандық дипломаттар бас бұға бермегені жөн.                      

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста