Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов «Шығыс» аймақтық басқарма бөлімшелерінің қызметін тексерді. Бұл жөнінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Н.Жоламанов «Алқабек», «Теректі», «Шапағатты», «Балықты бұлақ», «Ақжон», «Аққолқа», «Қызыл», «Майқапшағай» шекара бекеттері мен «Майқапшағай» бақылау-өткізу бекетін, шекаралық комендатура және шекаралық бақылау жасақтарын, сонымен қатар қызметтік-жауынгерлік даярлық, мемлекеттік шекараны күзетуде күш-құралдарды пайдалану, тылдық және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету, күрделі жөндеу жүргізу, қысқа дайындық жағдайын тексерістен өткізді.