ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
«Қымбатты отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл күн баға жетпес байлығымыз — тыныштық пен береке-бірліктің, ырысты ынтымағымыздың мерекесі.
Татулық пен тұрақтылық — мызғымас Тәуелсіздігіміздің негізгі қағидасы.
Қоғамда келісім, жасампаз еңбек және өзара құрмет болған кезде кез келген қиындықты еңсеруге болады.
Біздің жетістіктеріміз ынтымағы жарасқан ұлттар мен ұлыстардың өзара достығы мен береке-бірлігінің арқасында мүмкін болды.
Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!»