Қазақстандықтардың қандай несиесі кешірілуі мүмкін? Әбілқасымова жауабы

Мәжілісте Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің (ҚНДРА) төрағасы Мәдина Әбілқасымова алаяқтықпен күресу шаралары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбілқасымованың айтуынша, агенттік екінші деңгейлі банктермен меморандум дайындап, қазір қол қою барысында, оған сәйкес банктік операция алаяқтық деп танылса, мұндай несие бойынша сыйақы есептеу тоқтатылады.

"Сотта мұның жалған несие екені және пайдаланушының өзі бұл қаражатты алмағаны дәлелденген кезде, банк бұл соманы қайтарады. Несие толығымен есептен шығарылады, немесе егер ол пайдаланушының жеке қаражаты болса, оған қайтарылады", – деді Әбілқасымова.
 
Бұл ретте қаржы реттеушісінің төрағасы бұл үшін заңнамалық деңгейде белгілі бір өзгерістер қажет болатынын және олар депутаттардың қолдауына үміт артып отырғанын атап өтті.

"Сонымен қатар, жол картасы аясында түзетулер дайындадық. Ақпараттық қауіпсіздік процедураларын сақтамау салдарынан алаяқтық тіркелген жағдайда қаржылық ұйымның залалды өтеу жауапкершілігін заңнамалық деңгейде белгілеуді ұсынамыз. Осы мәселелерді Парламент қарауына енгізуге қолдау көрсетуді сұраймыз", - деп қосты агенттік төрағасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста