Қазақстанда Ресейдің қанша әскери нысаны бар?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Бұрынғы Кеңестер Одағына мүше болған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Абхазия мен Оңтүстік Осетияда Ресейдің әскери базалары бар екені белгілі. Олардың ішіндегі Ресейдің қанша әскери нысаны тұр? Шындығын айту керек, Кеңестер Одағы ыдыраған тұста  Қазақстан территориясында аса маңызды, ірі-ірі әскери нысандар қалған болатын. Қазір көрші ел олардың қаншасына иелік етуде? Осы бір сұрақтарға жауап табу үшін «Алаш айнасы» арнайы зерттеу жүргізіп, ізденіп көрген еді. 
Қазақстан Орталық Азиядағы –  алып ел. Содан болар, Одақ кезінде біздің елде әлемдік деңгейдегі қорғанысты қамтамассыз ететін, аса маңызды түрлі әскери нысандар бой көтерді. Тәуелсіздік алған тұста, сол бір тегеурінді әскери базаларды игеру, сақтап қалу қиын болды. Оның бәрін бірдей пайдалану бейбітшілікті қалайтын қазақ еліне ауырлық туғызды. Сондықтан да, 7 бірдей әскери нысанды арнайы келісімшарт негізінде Ресей Федерациясына жалға бердік. Бүгінде 11 млн. гектар аумақты алып жатқан сол жеті база Ресей Қорғаныс Министрлігінің иелігінде.
Олардың біріншісі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің №5-ші мемлекеттік сынақ полигоны. Яғни, Қызылорда облысы аумағында орналасқан, ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағы. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан иелігіне өтіп, 1994 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Мамандар Байқоңыр кешенінен ел аумағына жылына 30 — 35 мың тонна улы заттар тарайтынын, ракеталардан түскен қалдықтар  Қарағанды,  Павлодар  және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіретінін айтады. Қазір бұл айлақтан «Союз», «Протон» секілді ракеталар ғарышқа ұшырылып келеді. 2004 жылы жалға беру мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылды.
Екінші нысан РФ Қорғаныс министрлігінің В.Чкалов атындағы мемлекеттік №929-шы ұшу-сынақ орталығы. Бұл орталықтың штабы Астрахан облысының Ахтубинск қаласында орналасқан. Сол орталықтың 85-ші, 171-ші және 231-ші сынақ алаңдары Батыс Қазақстан және Атырау облысының территорияларында орын тепкен. Бұл нысанда Ресейдің жаңа қару жарақтары сыналып, ВВС пен ВМФ авиациясының ұшқыштары әскери дайындықтан өтеді.   
Үшінші, РФ Қорғаныс министрлігінің №4-ші мемлекеттік әртүрлі сынақ полигоны. 1949 жылы құрылған бұл полигон аумағы Атырау және Батыс Қазақстан  облыстарының батыс аймақтары (Нарын құмы) мен Ресей Федерациясының  Астрахан, Волгоград облысының шығыс бөліктерін қамтиды. Бұл айлақта ұшақтар мен ракеталар ядролық жарылыс заттарын тасымалдау әдістерін сынақтан өткізеді. Полигон аумағы 6,5 млн. гектар жерді алып жатыр. Оның 1,5 гектары Қазақстан территориясында орналасқан. Осыған дейін бұл аймақта жер бетінде және әуеде түрлі қару-жарақ сынақтан өткізілген. 24 мың ракета жарылып, 177 соғыс техникаларының түрлері сыналған, 619 СС-20 ракеталары жойылған. Сарапшылар осының салдарынан ауаға 30 мың тоннаға жуық аса зиянды улы заттар таралғанын айтады.
Төртіншісі, РФ Қорғаныс министрлігінің №10-шы мемлекеттік әртүрлі сынақ полигоны. Яғни, біздің тілмен айтсақ, Сары-Шаған сынақ алаңы.  Алып полигон Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының жерлеріне шекаралас орналасқан. Сынақ алаңы оңтүстүктен солтүстікке қарай 250 шақырымға, батыстан шығысқа қарай 600 шақырымға созылып жатыр. Бұл сынақ алаңында негізінен әуе күштеріне қарсы сынақтар жүргізіледі. Бұл орайда Ресей аумағындағы «Капустин Яр» полигонынан жіберілген зымырандар 11 мың шақырым бойы бірнеше облысымыздың үстінен ұшып келіп, осы «Сарышағанға» келіп түсетінін айта кету керек.
Бесіншісі, №5580-ші сынақ жұмыстарын қамтамассыз ету базасы. (РФ Қорғаныс министрлігінің бұрынғы №11 Ембі мемлекеттік сынақ полигоны). Бұл сынақ алаңы Ақтөбе облысы аумағында орналасқан.
Алтыншысы, Ресейдің Әуе күштерінің Ғарыш әскеріне қарасты №3-ші зымыран-ғарыш қорғанысы армиясының радиотехникалық желісі. Бұл нысан Балқаш көлінің бойындағы Приозерск қаласында орын тепкен.
Жетіншісі, Қостанай қаласындағы Ресей Әуе қорғаныс күштері транспорттық авиациясының жеке полкі.
Осыдан-ақ, байқап отырсыздар, Ресейдің әскери нысандары Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Орталық Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай секілді еліміздің ірі 8 облысы аумағында бар деген сөз. Жуырда ғана Ресей Қазақстандағы әскери бөлімдерінде әскери полиция енгізетінін хабарланған болатын. Сол кезде мұндай полиция Приозерск гарнизонына ғана жасақталатыны айтылған-ды. Егер де Қазақстандағы Ресейдің барлық әскери бөлімшелерін әскери полиция күзететін күн туа қалса, қанша полиция қызметкері тартылады? 11 млн. гектар жердің қауіпсіздігін сақтау үшін қанша маманның қажет екенін өзіңіз бағамдай беріңіз... 

©Алаш айнасы инфографикасы

Сіз не дейсіз?
Әзімбай Ғали, саясаттанушы:
– Дәл қазіргі ситуацияға келсек, Ресейдің әскери нысандары біз үшін  қауіп төндіруі мүмкін екенін байқайсыз. Себебі, біріншіден, оның экологиялық зардабы осыған дейін талай айтылып келді. Екіншіден, Украинадағы оқиғалардың салдарынан Батыс пен Ресей текетіреске келіп отыр. Демек, болашақта Ембідегі, Балқаштағы, Байқоңырдағы полигондар ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да бізге абырой әпермейтіні белгілі.

Әмірбек Төгісов, генарал-майор, әскери сарапшы:
– Біз Ресеймен стратегиялық әріптеспіз. Еліміздегі әскери нысандарды жабық база ретінде қарастыруға болмайды. Ол полигондарда не бар, не жоқ, қандай зарары, қандай пайдасы бар екенін жақсы білеміз. Әскери салада тізе қосып, бірлесе әрекет жасаймыз. Біліктілікті артыру бағытында тәжірибе алмасамыз. Сондықтан біздің әлдегі әскери нысандарды тек оқу-жаттығу жүргізетін сынақ алаңдары деп қарастырған жөн.

«Алаш айнасының» түйіні  
Ресейдің шет елдердердегі әскери базалары жайлы айтылғанда Украинадағы Севастополь әскери-теңіз, Сириядағы Тартус әскери-теңіз, Грузиядағы Батуми және Ахалкалаки құрлық әскері, Армениядағы Гюмри құрлық әскері, Тәжікстандағы 201 мотоатқыштар дивизиясы және Қырғызстандағы Кант әскери-әуе күштері базалары еске түседі. Ол базалар үшін көршіміз қанша қаржы шығындап жатқаны белгісіз. Белгілісі, Ресей тарапы Қазақстанға орналасқан 7 әскери полигонға жылына 27,5 миллион доллар ақша шығындайды екен. Бұл сомма полигондардан келген зардапқа татый ма? Ендігі сауал осы болса керек...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста