Қазақстан Финляндияның білім берудегі тәжірибесін зерделейді

Қазақстан Финляндияның білім берудегі тәжірибесін зерделейді

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бастаған қазақстандық делегация Финляндияға барды.
Фин мамандары мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру саласының қазақстандық топ-ме­неджерлер тобын тәжірибе алмасу, білім және ғылым саласындағы ынты­мақ­тас­тық бойынша ортақ жоспарларды әзір­леу мақсатында шақырған болатын. Қазақ­стандық делегацияның Финляндияға сапарының басты өзегі министр Бақытжан Жұмағұловтың елдің білім және мәдениет министрі Юкка Густафссонмен кездесуі болды. Кездесу барысында атап өтілген­дей, қазақстандық және фин білім беру жүйесінің ұқсастығы көп. Юкка Густафс­сонның айтуынша, фин елі қазіргі таңда қазақстандық білім мен ғылымның барлық деңгейін қамтыған жаңғырту процесін қы­зығушылықпен бақылауда.
БҒМ басшысы Қазақстанда 2020 жыл­ға дейінгі ҚР Білімі мен ғылымын дамыту­дың мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзе­ге асырылып отырғандығын жеткізді. Ел­ба­сы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бо­йынша, отандық білім беру жүйесі мен ғы­лы­мын басқарудың жаңа тетіктері енгізілу­де. Қазақстан әлемдегі, соның ішінде Фин­ляндияда қолданылатын ең үздік білім беру технологияларын зерттеп, меңгеруде. Елбасы бастамасы бойынша, қазақстандық ғылымды басқару мен қаржыландырудың жаңа үлгісі құрылып, енгізілу үстінде. Сон­дай-ақ қазақстандық ғылымның жетістік­те­рі туралы отандық делегацияның Фин­лян­дия Ғылым академиясының өкілдері­мен кездесуі барысында да сөз болды (FINPEDA). Фин ғалымдары әлемнің же­тек­ші басылымдарындағы қазақстан­дық ғалымдардың ғылыми жарияланым­да­ры­ның саны артқанын атап өтті.
Қазақстандық делегация Финлян­дия­ның мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерін, ірі колледждері мен жоғары оқу орындарын аралады. Қонақтар мек­теп­ке дейінгі білім беру орталығында, ку­ли­нарлық өнер колледжінде, сән және сұлу­лық колледжінде, «Патрия» ұшқыш­тар­ды дайындау орталығында Финляндия­ның білім беру саласындағы жетістіктері­мен танысты. Финляндиядағы ең ірі оқу орындарының бірі – Хельсинки универси­те­тін­дегі кездесу барысында зерттеу уни­верситеттерін дамыту тұрғысында екіжақ­ты пікір алмасу өтті. Бұл – әлемдегі ең үздік дисциплинааралық зерттеу университеті.
Қазақстан мен Финляндия арасындағы кездесу нәтижесі бойынша білім және ғы­лым саласындағы ынтымақтастық бойын­ша ортақ жоспар құрылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста