Қазақ хандығының туында бес жұлдыз неғып жүр?

«Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатын болды» деген сүйінші хабар тарағалы бері қоғамымызда тарихқа терең үңілгісі келетін азаматтар көбейді. Содан болар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде күн сайын тарихи мәселелер қызу талқыға түсіп жатыр. Олардың бәрі дерлік көрнекі сурет ретінде ортасында белгісіз ою, шетінде үш дана бес жұлдызы бар көк тудың суретін «Қазақ хандығының байрағы» деп пайдаланып жүр. Бұл шынымен Қазақ хандығының туы ма? «Алаш айнасы» осы сұраққа жауап іздеп көрген еді...
«Алаштың ақ туының астында күш біріктірген қазақтың байрағы болған жоқ» деуден аулақпыз. Себебі, көшпелі халықтар б.з. дейінгі І-мыңжылдықта ту көтеріп, ұран шақыруды әлемдік өркениетке енгізгені белгілі. Бұл аз болса, Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде тоғыз қазақ байрағы сақталғанын айтуға болады. Бірақ, бес жұлдыз бейнелеген байрақ жайлы осыған дейін ешкім ештеңе айтпай келді... Бұл қалай?
ФБ әлеуметтік желісінің белсендісі Асқар Құмыран атты азамат бұл мәселеге былай жауап беріпті.

Асқар Құмыран, саясаттанушы:
– Құрметті қазақтар! Ешкімге ақыл үйреткім келмейді, бірақ меніңше ұлшылдық деген кемелделген болуы керек, патриоттық сауатты болуы керек. Байқаймын біраз біздің ұлттық трендтеріміз сол баяғы «калькамен» жасалады. Жарайды бұрын ақпарат аз болған, бірақ қазір Құдай берген Интернет бар, бір екі сағаттың ішінде біраз нәрсе біліп алуға болады. Жоқ, қазекең сол бұрынғы сауатсыз жолмен жүреді. Мысалы әрі керек, әрі керек емес жерде "Қазақ хандыған жалауы" деген бір өтірік рәмізді пайдаланып жүр. Сол жалау қазақтың не семантикасына, не геральдикасына дым келмейді. Өзі өткен ғасырдың отызыншы жылдарында жалған жерден Түркияда пайда болған. Өтіріктен шығып қазір ата бабамыздын мұрасы деп жүр. Ішінде не көне түрік не қазақ пайдаланбаған бес бұрышты үш жұлдыз және жоңғарларға қытайдан келген ою бейнеленген. Көбірек сол туралы жазайын десем, бәрібір біраз адам мойындамайды.
Асқар Құмыран қоғамның сауаттылық деңгейі төмен екенін айта келіп, бұл постын орысша жазбағанын, егер орысша жазса, мазаққа қалуы мүмкін екенін айтыпты.
Ерлан Жақыпов атты әлеуметтің желінің белсендісі бес жұлдыз бейнесі сақ қорымдарынан да табылғанын айтып, уәжін білдіріпті. «Ол сақтар үшін біздің бүгінгі түсінігіміздегі 5 жұлдыз емес, 5 жаққа қаратылып, бір біріне жабыстырылған үшбұрыштар болған», - дейді ол.

Асқар Қаршыға:
– Ал табгач мәдениетінде «түрік-моғолдан» бұрын осы таңба (көк тудағы) болды ма? Оларда тарихи көне дүниелер көп, жақсы сақталған, әлем мұражайларында толып жатыр: Қолдан жасалған шам-шырақтар, құмырандар, тиындар, т.т... Сол таңба кайда бар?  Керісінше имхо, тибеттіктер, табгач, осы таңбаны түріктен алған. Мысалы, бұл таңба ирланд өрнек салу дәстүрінде бар, яғни келт дәстүрінде болған. Ал, көне келттер орта азиядан шыққан халық...

Дулат Тарғытай:
– Әлкей Марғұлан ақсақал түрік-қазақ жалаулары жайлы еңбек жазған. Қазақ хандары көтерген жалау (ту) қызыл түсті, енсіз, шетінде үш-тоғыз құйрық байланған ортасына төре таңба (Шыңғыс хан таңбасы, арыда ежелгі ғұн, түрік таңбасы) кестеленген болса керек.

Талғат Нұрманұлы:
– Ақ байрақ туралы мен де білемін. Жетінші атамыз Қожаберген батыр Абылай ханның қолынан ақ ту алыпты, және жорықтарда соны алып жүріпті. Сонымен қатар исламның белгісі ретінде жасыл туда алып жүрген деп айтатын үлкендер. Ал барша Қазақ ордасының ортақ туы туралы білетінім жоқ.
Бұл саясаттанушы Асқар Құмыранның постына байланысты айтылған пікірлердің бір парасы. Жалпы біздің тарихшылар Қазақ хандығының туының қандай болғанын неге бекітіп бермейді? Ендігі мәселе осыған келіп тіреледі.

Кемел Жәлел, әлеуметтанушы:
– Менің білуімше, Керей мен Жәнібек Шыңғыс ханның туын Қазақ хандықтың туы етіп көтерді. Бұл біздің Шыңғысханның, яғни алып империяның мұрагері екенімізді айғақтайтын бірден бір дәлел. Бірақ, бұған Моңғолия, Қытай, Ресей секілді елдер жол бермейтіні белгілі. Сондықтан да Қазақ хандығының туын ойдан шығаруға мәжбүрміз.
Әрине, әркім әртүрлі пікір айтады... Десе де, 550 жылдық мерейтой барысында Қазақ хандығының туы қандай болғаны белгілі болуы тиіс деп ойлаймыз. Өйткені, қазіргі Қазақ хандығының туы деп жүргеніміз санамызға күмән ұялатады.
Біріншіден бұ тудағы 3 дана бес жұлдыз нені білдіреді? Үш жүзді ме? Қазақ хандығы құрыла салып, біз үш жүзге бөлінген жоқпыз... Бұдан рушылдықтың исі аңқымай ма (бес жұлдыздардың басқа да айтар ойы бар болуы мүмкін)?
Екіншіден, ортадағы ою қайдан келді? Не айтқысы келеді? Егер де бұл ою қытай өрнегі болып шықса, біз олардың туысы, дұрысы отары болды дегенді білдірмей ме?
Үшіншіден, бұ тудың түсі мен тәуелсіз Қазақ елі туының түсі ұқсас... Неліктен?
«Алаш айнасының» түйіні
Біз қоғамдағы күдікті ойды ғана айттық. Талқылау Сізден, шындықтың бетін ашу бізден болсын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста