Қазақ ислам дінін қабылдағанымен, басы бүтін арабтанған жоқ

«Қазақ елі...мақсатына жету үшін
ең әуелі өзінің ұлт екенін біліп,
ұлттығын танып алуы керек»

Смағұл Сәдуақас (1900-1933ж.ж.)

Ұлт дегеніміз – басқаларға тәуелді болмаған және өзінің бірыңғай мүддесі бар халықтар жиынтығын айтады. Рухы биік, намысы мықты ұлт қана тілін, дінің, мәдениетін, дәстүрін дамыта алады. Ал, рухы төмен халық тілінен айырылып, діннен безіп, өзге діни идеологиясына ұшыраса, онда тобырға айналып өзінен күшті басқа халықтың құрамына сіңіп кетеді. Алайда, жері жоқ, мемлекеті жоқ ұлттар да өмір сүре береді, бірақ тілі мен діні сақталмаған ұлт өз болмысын сақтай алмайды.
Осы жаhандану дәуіріндегі қазақ халқының болашағы қандай болмақ және сыртқы күштерге қарсы қоятын рухани ауызбіршілігіміз қандай деңгейде? Анығырақ айтқанда қазақ идеясы қандай болу керек деген сұрақ соңғы кезде ойландыруда.
Бүкіл адамзатты дін тәрбиелейді, одан асқан тәрбие құралы ойлап табылу мүмкін емес. Ешбір дін - ұлттық мүдде мен мәдениетті жоққа шығармайды және олдардың орнын алмастыра да алмайды. Қандай дін болмасын ұлт игілігіне, ел бірлігіне қызмет етеді. Егерде дін және ұлттық, құндылықтар бір-біріне қарсы қойылып, ұлттық құндылықтар жүруге жарамай өрісте қалған ақсақ тоқтының хәлі сияқты болса, онда өскелең ұрпақты мемлекетшіл ретінде тәрбиелеуге қиынға соғады.

Қазіргі таңда ұлттық идеологиялық бағдарды орнықтыру жолында ұлт тарихы, руханият тарихы, дін тарихы құндылықтарын жаңғыртуымыз керек. Діни-ұлттық бірегейлену мәселесі қазақ ұлтының танымы мен тағдыры тұрғысынан талдау керек. Халқымыз ешқашан ұлттық мүдде мен діни мүддені бөліп қараған емес.

Саясаттанушы Айдос Сарымның:«Өзің алдымен-қазақпын, сосын-мұсылманмын» деген қазақ жастары ешқашан өзге елдің мүддесі үшін қиянатқа, өлімге бармас еді. Бүгінгі экстремистік идеяға төтеп бере алатын жалғыз идея, жалғыз күш бар. Ол қазақ ұтшылдығы, мемлекетшілдігі...» деген пікірі өте орынды айтылған. Қоғамдағы радикалдық идеологияға қарсы тұратын күш “Атамекен”, “Ана тілі”, “Қазақстанның ұлттық мүддесі” т.б. сияқты қасиетті ұғымдар ол біздің қазақы мұсылмандығымызда жатыр. Ясауи бабамыздың жан тазалығы мен ар түзейтін ғылымына негізделген ұлттық және рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, оларды ғылыми жүйесіне енгізіп кеңінен насихаттау арқылы радикалдық идеологияға тосқауыл қоюға болады. Әрбір адамзат дін арқылы қоғамды түзетемін деп емес, дін арқылы өз жан дүниемді тазартамын деген ниетте болса, сонда ғана қоғамда тұрақтылық болар еді.

«Барма маған бір сын?» - деп,
«Ұстағаным қай дін?» - деп,
Ойламайды: «Кіммін?» -деп,
Жүрегінің тоты бар
- деп Шәкәрім атамыздың айтылғандай әр адамның өзінің кемелдену шарты болу керек.

Ал, адамның кемелдену шарты дегеніміз – әуелі өзіңді тәрбиелеу, өзіңе сын көзбен қарау ұстанымы арқылы халыққа қызмет етуіне және қоғамның дамуына ат салысу. Қоғамдағы адамзат өзінің бүкіл даму барысында рухани кемелденуді мақсат тұту керек. «Кемел адам» барлық қоғамға, барлық дінге тән нәрсе. Өйткені, рухани тұрғыдан кемелденген адам дін тұрғысынан алсақ, күнәдан пәк болу, заң тұрғысынан алсақ, қылмыстан аулақ болу, ол ең ізгі адамгершілік мұраттарды көздейді, адамзат қоғамының ортақ игілігіне, жоғары руханиятқа қызмет етеді.

Өкінішке орай, Абайдың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекгімен» ғұмыр кешіп жатқанымыз шамалы. Демек, Алланы тану үшін жүрек, көңіл қажет-ақ. Әрбір қазақтың бойынан Құдайды танып, ілім жинап, білгеніңді айт деген ұстанымдар табылуы тиіс деп ойлаймын. Хәкім Абайдың «Әуелі аят, хадис сөздің басы», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек», «Пайда ойлама, ар ойла», «Талап қыл артық білуге», «Ғылым таппай мақтанба» деген асыл ойлары ұлттық дүниетанымы мен адамның рухани мәдениетінің дамудың негізгі шарттары болып табылады. Міне осы терең ойлар қазақтың «толыққанды адам болу» идеясы деп қарауымыз керек.
Ф.ғ.д, профессор Мекемтас Мырзахметұлы ағамыздың «Абайда танылмайтын дүние бар. Ол ойшылдың дүниетанымы. Өкінішке орай, біздің философтар Абайдың дүниетанымын ашып бере алмай отыр. Біздегі философия материализмнің жолымен дамығандықтан Абайдың дүниетанымын түсіну мүмкін емес. Себебі, Абайды танып білуде маркстік модель емес, шығыстық модел керек» - деген пікірі шығыстық яғни мұсылманшылық жолмен ойланбайынша Абайдың астарлы ойларың терең танып біле алмаймыз. Сондай-ақ М. Әуезовтің бір еңбегінде:«Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы Ислам діні» деген пікіріде нақтылай түседі.

Қазақтың «толыққанды адам болу» идеясы Жүсіп Баласағұнның «жәуәнмәрттілік ілімі» мен Ахмет Ясауидің «хал ілімінен» нәр алып, XІX ғасыр соңында Хәкім Абай арқылы дүниеге келді. Ғажап зор рухани құбылысқа айналды. XІX ғасыр соңында Абай негізін салған толық адам ілімінің мән-мағынасын ашып, ғылыми тұрғыдан негіздей отырып жүйеленсе, бүгінгі теріс пиғылға тойтарыс берер рухани қуат күшіне айналар еді. Яғни Шәкәрім бабамыздың армандаған «Ар ғылымы оқылса», адамзат баласы адамшылық жолына бағыт алмақ дегені.

Теология және философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай ағамыз Ясауидің «хәл ілімі» турасында: «Ясауи ілімі-қоғамдық әлеуметтік ынтымақ пен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың кені. Яғни, оның ілімі адамдар арасындағы өзара тең сұхбаттың, бауырластықтың, махаббаттың діни рухани ұстанымдарын қамтитын бір тұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады» - деп түркі халықтарының рухани өзегі, оның ішінде қазақ халқының діни танымының қалыптасуы Ясауи ілімі арқылы негізделген.

Әз. Пайғамбарымыз «Кімде-кім өзін-өзі таныса, сол өз Раббысын да таниды» деген өсиетіне сай, қазақ бабам «Өзін-өзі билеген ел бақытты, өзін-өзі таныған ер бақытты» дегенде ел мен ердің бақыты егіздей айтылып, ел бақытының шартын егемендікпен, ал ер бақытын өзін-өзі тану арқылы рухани кемелдікке жетуімен байланыстыруы айрықша назар аударған. Демек, діннің рухани мәдениет әлеуетіне назар аударып, дінді руханиландыруымыз қажет. Себебі, артта қалған кеңес өкіметі де қазақ халқының рухани дүниесіне зор зиян келтіргені бәрімізге мәлім.

Қай заманда, қай кезде болмасын, ақиқатты айтудың басты құралы – тіл екені даусыз. Дін мәселесін тіл мәселесінен бөлек қарастырмауымыз керек. Тіл мен әдебиет арқылы, дәстүрлі рухани құндылықтар тіріледі. Демек, ұлттық руханиятты тіл жасайды. Өйткені ұлттық руханияттың асыл мұрасы халық ауыз әдебиеті, аңыз-әпсаналар, тарихи жырлар, ғашықтық жырлар, батырлар жырлары, тұрмыс-салт жырлары және мақал-мәтелдер болып табылады.
15-ғасырдан бастап, 20-ғасырға дейін өмір сүрген ақын-жыраулар «Елдік сана» ел мен ердің, ер мен діннің арасын жалғайтын киелікті және де Құранның «кемел адам қалыптастыру миссиясын»насихаттаған.

Жыраулардың дүниетанымында Алла бір, Пайғамбар хақ және Құран шын деп түсіндіріледі. «Бисмилләһ деп баяндайын хикмет айтып», «Жат еттім аузыма алып бисмилләні», «Иман келтір әуелі Алла бір деп», «Әуелі сөз бастайын аузубилла», «Өлеңде бисмилла етпек бұйрық жоқ» - дей келе жыраулардың басты ерекшеліктері – алғашқы сөздерін «Алланың атымен бастап», Қасиетті Құран ілімі мен Пайғамбардың өсиеттерінен нәр алған. Түркі тілдес халықтары, оның ішінде қазақ мұсылмандығының діни тәжірибесін қалыптастырған тарихи тұлғасы АхметЯсауидің «Диуани хикметі» және де Н.Рабғузидің «Қисса ул-әнбиясы», Имам Раббанидің «Мәктубаты», Ж. Румидің «Мәснауиі» әдеби шығармаларын терең меңгерген. Ақын С. Сейфулиннің«...Қазақ арасында жазба әдебиетін таратқан – Түркістаннан шыққан қожалар. Ол кезде қазақтың арасына көп таралғаны – Қожа Ахмет Ясауидің кітабы» - деген тұжырымы арқылы әдебиеттегі жанрлардың қалыптасуындағы және дүниетанымдық қабаттарды анықтаудағы Ясауидің хикмет дәстүрлерінің маңыздылығын анық көрсеткен.

Ғылым жүйесіндегі жоғарғы және орта оқу орындарында факультатив түрінде өтілетін «Дінтану негіздері» сабағын саяси, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымы бағытындағы білім алатын барлық мамандықтарға міндетті пән ретінде міндеттеу керек. Жастарға толыққанды мәліметтер беріліп отырса, ұлт тарихы мен рухани әлемінің тұтастығы, мемлекет пен дін арасындағы зайырлылық ұстанымы, діни таным мен ғылыми таным арасындағы тепе-теңдігі, қазақ халқының мұсылмандық болмысы, рухани құндылықтардың терең сабақтастығы мен тамырлығы жөнінде шынайы, дұрыс түсініктер қалыптасар еді. Хәкім Абай айтқандай:«...адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» - деп адамның рухани, ішкі жан-дүниесінің байлығы да назардан тыс қалмау керек.

Қазіргі таңда дінтанушы ғалымдар мен ҚМДБ қызметкерлері тарапынан жастардың дәстүрлі діни сананы қалыптастыруына және де қазақ халқының мұсылмандық діни танымын, діни тәжірибесін ғылыми аспектімен байланыстыра отырып, көптеп айту керек. Қазіргі таңда діннің тек формалық жағына мән беріп, мазмұнын назардан тыс қалдырып, дін туралы ұғымды тарылту, оның өміршеңдігін, икемділігін қолдан құлдырату болып шығады. Өйткені жастарымыздың діни санасыдұрыс қалыптаспауы және діни құбылыстарды бір жақты догматтық тұрғыда қабылдауы, араб елдің мәдениетіне еліктеуі қазақ қоғам үшін үлкен қауіп деп білемін. Бұл қауіптің алдын алу үшін тек қана дұрыс бағытта идеологиялық жұмыс жүргізу қажет.

Демек, радикалдық идеологиясының ең жағымсыз ықпалы дәстүрлі рухани-діни құндылықтарды ыдырату арқылы діни сананы өзгертуде. Ұлттық сананың жат идеяларға алдануынан ұлттың қорғаныс қабілеті әлсірейді. Ұлт трагедиясы түйсік пен сананың ажырап қалуынан туындайды. Дін мен дәстүрдің арасын айырып, бір-біріне қарсы қоюға бағытталған әрекеттер ұлт болмысын екіге жарудың амалы ретінде қауіпті.

Қазақ халқы ислам дінін түбегейлі қабылдағанымен, басы бүтін арабтанған жоқ. Ханафилік-Матуридилік мектептерді ұстанған қазақ жұрты өз болмысына сай қабылдаған. Ал, қазақтың кейбір салттары мен ғұрыптары Құранда жоқ немесе исламға қайшы деп үкім шығару қазақтың дәстүрлі діни танымына қайшы екендігі қарапайым халық, жастардың көпшілігі түсіне бермейді.
Егерде өзіміздің діни санамыздан ажырайтын болсақ - онда ұлттық рухтың жұтауы, ұлттық болмыстан айырылудың басы емес пе? М.Әуезовтың, “...қазақ болашағын ойласа, бесігін түзеуі керек” деген қағиданы мүлдем ұмытқан сияқтымыз.

Б.Қ. Алпысбаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Дінтану орталығының» қызметкері, дінтанушы

qamshy.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста