Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.