Президент Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады

Мемлекет басшысына үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мұрат Әйтеновтің айтуынша, өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асты. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаланың даму  перспективасын ескере отырып, жаңа бас жоспар бекітілмек. Президентке жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілетіні туралы баяндалды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланған.

 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту  жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста