Президент Қанат Шарлапаевты қабылдады

Мемлекет басшысына холдингтің былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Президентке кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіп кешенін қолдау және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сйтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына холдингтің 2022 жылы 350 миллиард теңге таза рекордтық пайда тапқаны туралы баяндалды. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен бес есе және 2021 жылғы нәтижеден үш есе көп.

 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша құны 685 миллиард теңге болатын 238 ірі жоба мен лизингтік мәмілелер қаржыландырылды. Шағын және орта бизнесті қолдау аясында сомасы шамамен 1,5 триллион теңгені құрайтын 50,5 мың жобаға субсидия берілді.

 

Басқарма төрағасының мәліметіне сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне жоспарланған 432 миллиард теңгенің орнына 522 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінген.

 

Сонымен қатар Қанат Шарлапаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету аясында жалпы құны шамамен 1,4 триллион теңге жеңілдетілген ипотекалық қарыз берілгені, құны 211,8 миллиард теңгені құрайтын үлестік құрылысқа кепілдік жасалғаны, кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін әкімдіктерге 176,4 миллиард теңге бөлінгені туралы баяндады. Осылайша, қолдау шараларының нәтижесінде 2,2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, ипотекалық кредит беру есебінен 79 865 отбасы тұрмыстық жағдайын жақсартты.

 

Мемлекет басшысы бизнесті одан әрі қолдаудың маңыздылығына баса назар аударды. Сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға «Бәйтерек» холдингінің белсенді атсалысуы қажет екенін айтты.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста