Өзіндік қауіпсіздік қызметі полиция қатарындағы жемқорлықпен күреседі

Абай Қайырбеков, ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті басқарма бастығының орынбасары:

– Абай Серікұлы, жасы­ра­тыны жоқ, сыбайлас жемқорлық де­ген дерт ішкі істер орган­да­рына қатысты да жиі айтылады. Осы жаманаттан құтылу үшін Іш­кі істер министрлігі қандай шара­ларды қолға алып жатыр?
– Сыбайлас жемқорлық мемлекет, қо­ғам құрылысы үшін қауіпті дерт бол­ған­дық­тан, онымен күрес те жүйелі жүруі тиіс. Сондықтан Ішкі істер министрлігі ішкі іс­тер органдарының қызметкерлері ара­сын­дағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу жә­не ескерту жөнінде ұйымдастырушы­лық және практикалық іс-шараларды ұда­йы негізде жүзеге асыруда. Мәселен, ІІМ құ­рылымында тек қана ішкі істер ми­нис­трі­не ғана бағынатын Өзіндік қауіпсіздік де­партаменті (ӨҚД) жұмыс істейді. Осы­ған сәйкес, өңірлік Ішкі істер департа­мент­те­рінде және қылмыстық-атқару жүйе­сін­де өзіндік қауіпсіздік департаментіне тіке­лей бағынатын Өзіндік қауіпсіздік бас­қар­малары бар. Олар өңірлік ішкі істер де­пар­таменттерінің басшыларына бағын­бай­ды, бұл полиция қызметкерлерінің құ­қыққа қарсы іс-әрекеттері туралы аза­мат­тардың шағымдары мен арыздарын қа­рау кезіндегі олардың тәуелсіздігін, объек­тивтілігін және бейтараптығын біл­діреді.
ӨҚД дербес жедел-тергеу бөлініс бо­лып табылады, оның функциясына по­ли­ция қызметкерлерінің арасындағы сы­бай­лас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және тергеу, сондай-ақ іш­­­кі істер органы қызметкерлері қызметтік мін­­деттерін орындау кезінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қар­­сы қолсұғушылықтардан қорғау кі­ре­ді.
Азаматтардың құқық қорғау қызмет­те­­ріне, атап айтқанда, ішкі істер органда­ры­на де­ген сенімін нығайту мақсатында біз по­ли­ция қызметкерлерінің тарапынан па­ра алу, алым-салық, жебірлік және бас­қа да сы­байлас жемқорлық фактілерін бол­­дыр­мау жөнінде ең тиімді және пәр­мен­ді ша­ра­ларды қабылдаудамыз. Ол үшін бірінші ке­зекте ішкі істер орган­да­рын­дағы сыбай­лас жемқорлыққа қарсы кү­рестің 2011-2013 жылдарға арналған ве­домстволық бағ­дарламасы іске асы­ры­луда.  Осы бағ­дар­­ламаның шеңберінде тек қана ағым­дағы жылдың тоғыз айында ІІМ өзіндік қа­­уіп­сіздік бөліністері аза­мат­тардың 12 мың­­нан астам шағымы мен арызын қарап, олар бойынша 8 мыңға жуық тергеуге де­йінгі тексеріс және 2,5 мыңнан астам қыз­мет­тік тергеу жүргізді. Бір жарым мыңнан ас­там жедел-алдын алу іс-шарасы ұйым­дас­тырылып, кейіннен іске асырылды, олар­дың материалдары бойынша 248 қыл­мыстық іс, оның ішінде сыбайлас жем­қорлық сипаттағы 60 қылмыстық іс қозғалды.
– Нақты фактілермен мысалдар кел­тір­сеңіз...
– Ағымдағы жылы наурыздың 24-інде Ас­тана қаласы ІІД ӨҚБ қылмыстық жа­уап­кер­шілікке тартпағаны үшін Астана қа­ла­сының тұрғынынан 50 мың теңге пара алу фактісі бойынша Астана қаласы ІІД Са­ры­арқа ауданы ІІБ тергеушісі О.Е. Олжабаевқа қа­тысты ҚК 311-бабының 2-бөлігі бо­йын­ша қылмыстық іс қозғады. Соттың ше­ші­мі­мен О.Е. Олжабаев үш жылға бас бос­тандығынан айырылды.
Осы жылдың сәуірінде Қызылорда об­лысы ІІД ӨҚБ қызметкерлері жол-көлік оқи­ғасының материалдарын оң шешкені үшін жол-көлік оқиғасының қа­ты­сушысынан 40 мың теңге сомасында ақша алу кезінде Қармақшы АІІБ жол полициясы бөлімшесінің бастығы К. Сакташов қыл­мыс үс­тінде ұсталды. ҚР ҚК 177-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. К.Сак­ташов бес жылға бас бостандығынан айы­рылды. Жалпы, мұндай бірнеше мы­сал­дар келтіруге болады.
Жедел-алдын алу іс-шаралары мен қыз­меттік тексерістердің нәтижелері бо­йынша полицейлердің құқықбұзу­шы­лық­тар мен қылмыстарды жасауын болдырмау үшін біз тәртіптік ықпал ету шараларын ке­ңі­нен қолданудамыз. Ағымдағы жылдың ба­сынан бастап қызметтік міндеттерін тиіс­­­ті түрде орындамағаны, заңдылықты бұ­­зуға жол бергені үшін еліміз бойынша 19 мыңнан астам полиция қызметкері тәр­тіп­тік жауапкершілікке тартылды, оның ішін­де 480 қызметкер теріс қылықтары бо­­йынша ішкі істер органдарынан қыз­мет­тен босатылды.
– Полиция қызметкерлерінің заң­сыз іс-әрекеттерін байқаған азамат­тар­ға  қайда хабарласуға болады?
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң­на­маны насихаттау шеңберінде Интернет же­лісінде ІІМ ресми сайтының мүмкіндігі бел­сенді пайдаланылуда. Сайттың негізгі бетінде ӨҚД мен өңірлік ІІД «сенім те­ле­фон­дары» туралы ақпарат ор­на­лас­тырылған.
Сондай-ақ ІІМ сайтында бірнеше жыл ішін­де «Қарбалас желі», «Азаматтардың кон­ституциялық құқықтары мен бос­тандықтарын сақтау», «Сенім беті» атты бө­лімдер жұмыс істейді, онда Интернет же­лісін пайдаланушылар полиция қыз­мет­керлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне өз­де­рінің арыздарын қалдыра алады. Сон­дай-ақ «Мемлекеттік қызметтер тізбесі» жә­не «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жасау мәселелері» атты сыбайлас жем­қорлыққа қарсы бағыттағы бөлімдер жұ­мыс істейді, онда азаматтар мемлекеттік қыз­меттер көрсету саласында қы­зық­ты­ра­тын ақпарат ала алады.
Бүгінгі таңда барлық бұқаралық ақпа­рат құралдары ішкі істер органдарының жұмысын, оның ішінде төтенше оқиғалар мен басқа теріс көріністерді жариялауда. Осыған байланысты осы сәтті пайдалана отырып, егер олар полиция қыз­мет­кер­ле­рі­нің тарапынан болған заңсыз іс-әре­кет­терге куә болған жағдайда Астана қа­ласы Тә­уелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бо­йын­­ша: ІІМ Өзіндік қауіпсіздік депар­та­мен­тіне не­месе өңірлік Өзіндік қауіпсіздік бас­­қар­маларына өтініш жасай алатынын, сондай-ақ ІІМ ӨҚД 8(7172) 72-24-93 те­ле­фоны ар­қылы хабарлай алатынын оқыр­­ман­дардың назарына жеткізгім ке­ле­ді.       
– Пара алу әрекеттері көбіне жол по­лициялары тарапынан болып жа­тады. Яғни, жол ережесін бұ­зу­шы­лар кө­біне «кассаға жетпей» есеп айы­ры­сып кетеді. Мұндай заңсыздықтарға тос­қауыл қою үшін қандай шаралар ат­қарылуда?
– Ішкі істер министрлігі халыққа қызмет көр­сететін және өз жұмысында аза­мат­тар­мен көп байланыс жасайтын қызметтерде сы­байлас жемқорлық фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударады.
Жол полицейлерінің жол қозғалысы қа­тысушыларымен байланыстарын ба­рын­ша азайту арқылы жол полициясы қа­тарындағы сыбайлас жемқорлықты жою үшін жол қозғалысы ережелерін бұзған әрекеттерді фотоға және бейнежазбаға түсіру жүйелері енгізілуде. Қазіргі уақытта Астанада және республиканың он екі қа­ла­сында ережебұзушылықтарды ав­то­мат­ты тіркеудің 169 құрылғысы пай­да­ла­ны­лып жатса, барлық өңірлерде әкім­шілік құ­қықбұзушылықтарды есепке алу бо­йын­ша «Бақылау» ақпараттық жүйесі ен­гі­зіл­ді. Ал  «Бақылау» жүйесі базасында Бай­ланыс және ақпарат министрлігімен бір­­­лесе отырып, «Жол қозғалысы ере­же­ле­­рін бұзғаны үшін айыппұлдар төлеу» элек­­трондық қызметі іске асы­рылды. Бұл ха­лық үшін айыппұлдар төлеуді жеңіл­де­те­ді, кезекті азайтады және азаматтардың на­разылығын тудырмайды.
– Әкімшілік кедергілер де сыбайлас жемқорлыққа жол ашып жататыны белгілі. Бұл жағы қалай?
– ІІМ ұсынысы бойынша әкімшілік ке­дер­гілерді қысқарту шеңберінде ли­цен­зия берудің екі түрі (көлік құралдарының жүр­гізушілерін даярлау және қайта даяр­лау, сондай-ақ күзет сигнализациясы құ­рал­дарын монтаждау, техникалық қыз­мет көр­сету), сондай-ақ рұқсат берудің он тү­рі алынып тасталды. Қазіргі уақытта рұқ­сат берудің тағы да 11 түрін алып тастау жо­с­пар­лануда. Жалпы қабылданып жатқан ке­шенді шаралар ішкі істер орган­да­рын­да­ғы сыбайлас жемқорлық деңгейін ба­рын­ша азайтуға мүмкіндік береді деп ой­лай­мын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста