Өзін тәуелесіз республика деп жариялаған Донецк және Луганск халық республикалары 23-24 қыркүйекте Ресей федерациясының құрамына кіру мәселесі бойынша референдум өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Өзін өзі республика деп жариялаған ЛХР-дың Ресейге қосылуы туралы референдум 23 қыркүйекте басталып, 5 күнге созылады.
Агенттіктің хабарлауынша, тиісті заңға мойындалмаған республика басшысы Леонид Пасечник қол қойған.
Басылымның жазуынша, дәл осы күндері өзін өзі республика деп жариялаған ДХР-дың Ресей федерациясына қосылуы туралы референдум өтеді. Сондай-ақ басылым мойындалмаған ДХР басшысы Денис Пушилиннің Ресей президенті Путинге алдағы референдумға қатысты үндеу жолдағанын хабарлады. Басылым тілшілерінің мәліметінше, бұған дейін өзін тәуелсіз республика ретінде жариялаған ДХР мен ЛХР-дың қоғамдық палаталары дүйсенбі күні республика басшылары Денис Пушилин мен Леонид Пасечникке тез арада референдум өткізу туралы бастамамен жүгінген.
Сондай-ақ Украинаның Херсон облысы да осындай референдум өткізуге әзір екендігін жеткізген.