Өзге елдің туын ілуге тыйым салу керек

Өзге елдің туын ілуге тыйым салу керек

Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі Дмитрий Шашкин басқаратын «Реформатор клубы» ел көшелеріне Ресей елінің мемлекеттік туын ілуге тыйым салу керек деген мәселе көтерді. Мұндай мәліметті «Грузия Online» ақпарат құралы таратып отыр.
«Реформатор клубының» мұндай мәселе көтеруіне Тибилис көшелерінің бірінде тұрған «Аэрофлот» баннерінде Ресей елінің мемлекеттік туы бейнеленгені себеп болған. Клуб мүшелерінің пайымдаунша, бұл қала тұрғындарының намысын таптау болып саналады. Сондықтан олар бұл мәселені заңмен реттеу туралы ұсынысын Грузия парламентіне жолдапты. Негізі Грузия заңы бойынша Ресей туын қоғамдық орында алып жүргендерге екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған екен.
Осындай заң біздің елге де қажет сияқты. Өйткені кейде көшеде көлігінің артқы терезесіне өзге мемлекеттің туын іліп алғандарды байқап қаламыз. Тіпті ұйғыр ұлты өкілдерінің арасында көлігінің артқы терезесіне тудың суретімен қоса «Ұйғырстан туы» деп жазып алатындары да бар. Сондай-ақ Ресей елінің туын біздің елдегі жарнамалардан жиі байқауға болады. Кейбір сайттарда «қазақ тілі», «орыс тілі» деген жазу орнына Қазақстан мен Ресей туларын қатар қойып жүргендер де бар.

«Бұл жай жарнама ғой онда тұрған не бар» деушілер де табылар. Алайда «Жау жоқ деме - жар астында, бөрі жоқ деме - бөрік астында» дегенді ұмытпағанымыз абзал. Ертең әр ұлт өкілдері әр жерге өз туын ілетін болса, іштен іруіміз мүмкін. Қашаннан да халықтың ту астына бірігетіні мәлім. Сондықтан біздің елде тек қана Қазақстан Туы желбіреп, еліміздің барлық халқы нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне қарамастан сол тудың астына бірігуі қажет. Мемлекеттік рәміздерге келгенде бейжайлық танытуға болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста