Американың The Daily Beast басылымы әлем елдеріндегі жемқорлық бойынша жүргізілген зерттеу қорытындысын жариялады. Газет келтірген деректерге қарағанда, Өзбекстан – әлемде жемқорлыққа белшесінен батқан мемлекет.
Екінші сатыда Африкадағы Эритерия елі болса, үштікті Лаос қорытындылаған. Бұл тізімде ТМД-ға мүше мемлекеттердің ішінде Өзбекстаннан өзге Беларусь бар. Кедендік одақтағы әріптес ел жемқорлық жайлаған елдердің ішінде алтыншы тұр. Алғашқы ондықта Ауғанстан, Конго, Экваторлық Гвинея, Чад және Свазиленд Корольдығы елдерінің аты аталады.
Аталған рейтинг Дүниежүзілік банктің және Freedom House, Transparency International халықаралық ұйымдарының деректері негізінде түзілген. Нақтырақ айтқанда, жемқорлыққа қатысты материалдар Transparency International-дан, саяси құқық, азаматтардың еркіндігі, сөз бостандығына қатысты деректерді Freedom House берген. Ал бизнестегі жағдайға байланысты Дүниежүзілік банктің есептері пайдаланылған.
Өзбекстан – әлемдегі ең жемқорлық жайлаған мемлекет
Последние статьи автора