Өзбекпен шекара шегенделді

Қазақстан мен Өзбекстан республикасының мемлекеттік шекарасында жаңа шекара бекеті құрылды. Пайдалануға берілген «Дархан» шекара бекеті Сарыағаш шекара отрядына қарасты. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік коммитетінің шекара қызметінің мамандары хабарлайды. Шекара бекетінің ашылуына ҚР Парламентi Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Икрам Адырбеков және армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов, сондай-ақ облыс әкiмi Асқар Мырзахметов қатысты.
Нұрлан ЖОЛАМАНОВ, Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант:
– Елбасының тапсырмасына сәйкес көптеген жұмыстар атқарылуда. Мұның барлығы халық игiлiгi үшiн жасалып жатыр. Ашылғалы отырған нысан соған дәлел. Президент 2050 жылға дейiнгi басым бағыттардың қатарында шекара қызметiн дамытуды белгiлеп, алдымызға мiндеттер қойды. Шекара бөлiмшелерiнде материалдық-техникалық база мен инфрақұрылымды көтеру сияқты өте маңызды мәселелер қолға алына бастады. Бүгiн мiне, «Дархан» заставасы және басқа да нысандар қазiргi заман талаптарына сәйкес тұрғызылды. Мұнда шекара сақшылары үшiн барлық жағдай жасалған. Бір жылдың ішінде 20 шекара бақылау бекеті соғылып, 26 бекет күрделі жөндеуден өткен. Шекара бекетінде жұмыс істейтін мыңға жуық отбасы тұрғын үймен қамтылған. Жыл соңына дейін тағы бірнеше кешен ашылады.
Әлемде қандай да мемлекет болмасын ең алдымен қолға алатын мәселесi – шекараны шегендеу, ел мен жердiң қауiпсiздiгiн арттыру. Бұл тұрғыда елiмiзде атқарылып жатқан және де болашақта iске асырылатын шаралар көп. Егемендi ел атанған соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1992 жылдың 18 тамызында Республикалық Шекара әскерлерi құрылып, тұңғыш рет қазақ жерiнiң шетi мен шегiн белгiлеп, қағаз жүзiнде ресiмделдi. Тарихы тамырлас жатқан қазақ пен өзбек арасында да шекара тартылып, қырағылықпен күзетiле бастады. Қазiр елiмiздiң шекара шебi күн сайын заманауи тұрғыда дамып, нығая түсуде.
Аталған шарада Шекара қызметiнiң директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов шекараны дамыту мен нығайту жөнiнде толыққанды жұмыстар жүргiзiлiп жатқанына тоқталды. Сенаторлар шекаралас аумақтар жайлы арнайы заң шығарылып, ел шетiндегi шағын қалаларды дамыту және ол өңiрлердi өркендету жайлы аса iрi жобалар жүзеге асырылып жатқандығына тоқталып өттi. Ал облыс әкiмi Асқар Мырзахметов шекарашыларды жаңа заставаның ашылуымен құттықтап, бабалар аманатына адал болуға, шекараға күдiкпен емес, құрметпен қарауға шақырды.
Шекарашылар халық қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаевтың қолынан жаңа пәтерлердiң кiлттерiн алды. Сенат депутаттары мен басқа да қонақтар «әскери қалашықтың инфрақұрылымымен де танысты. Әрі шекарашылардың отбасыларына баспана кілтін тапсыру салтанаты өтті. Жоғарғы дәрежелі қонақтар шекара қалашының инфрақұрылымен танысты.
Мұнда офицерлiк құрамға арналған үйлер мен жатақхана, казарма, питомник, сондай-ақ арнайы қызметтiк аттарға да орын табылған. Бiр сөзбен айтқанда, әскери қалашықта сарбаздарға қажеттi жағдайдың бәрi жасалыпты. Спорт залы, жаттығу залы, өзге де әлеуметтiк маңызы бар нысандар орналасқан. Бүгiнгi заманның жаңа технологиясымен жасақталған застава қажеттi қару-жарақ пен екi адамға арналған қырлы-адырларда емiн-еркiн жүретiн әскери техникамен қамтылған. Сонымен қатар, елiмiзде жасалып шыққан «Стамкор», «Флюкор» денсаулық көлiктерi де бар. Жыл соңына дейiн Сарыағаш ауданында тағы бес жаңа шекара заставасы ашылады деп күтiлуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста