Оралмандар саны миллионға жуықтап қалыпты!

Оралмандар саны миллионға жуықтап қалыпты!

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Көші-қон комитетінің жаңа басшысы Қабылсаят Әбішев кеше Парламентке келіп, Мәжіліс депутаттарымен көші-қон мәселесі бойынша әңгіме өрбітті. Бұрынғы сенатор, заңгер, қоғам қайраткері, Конституциялық кеңестің мүшесі болған азаматтан халықтың және халық қалаулыларының да күтері көп екені даусыз. Басқосуда бұған дейін шаруасы шатқаяқтап, «тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деген ниетпен жұмыс істеп келген комитетке Қабылсаят Әзімбайұлы тың серпін беретінін бірден байқатты.
Мәжіліс жанындағы Көші-қон мә­се­лелері және отандастармен бай­ла­ныс жөніндегі консультациялық ке­­ңес «Жаңа Қазақстан» депутаттық то­бы­мен бірлесіп өткізген «Көші-қон сая­сатының ағымдағы міндеттері» тақы­рыбындағы дөңгелек үстел көбінесе орал­мандар жайын жан-жақты тал­қылауға арналды. Елбасының жар­лы­ғымен 1999 жылдан бастап шет­тен келген қандастарға квота тағайын­далғаны белгілі. Ол бойынша бюд­жет­тен ақша бөлініп, алыстан оралған ағайын­дар үй-жайлы бола бастады. Атап айтар болсақ, 1999-2000 жылдар ара­лығында 500 отбасы квотаға ие болса, 2001-2002 жылдары 2655 отбасыға квота берілген. Ал бұл сан бер­тін келе тағы да өсе түсіп, 2003 жылы 5000 жанұя квота алыпты. Осы жылдар ішінде жалпы 6 мың 887 отбасы, яғни 32 мың 421 адам бас­панаға қол жеткізіпті. Ал 2004 жы­лы бұл көмек ақшалай берілетін бо­лып, оралмандарға үй үлестіру тоқта­тыл­ғаны мәлім. Қаржының көлемін Қабыл­саят Әбішев мырзаның бір ғана дере­гінен аңғаруға болады. Мысалға, бес адамнан тұратын бір оралман отба­сына 655 айлық есеп­тік көрсеткіш дең­гейінде, яғни 833 мың теңгеден (5500$) астам ақша бе­ріледі. Бұл ақшалай квотаны ала­тын­дар саны 2004 жылы 10 мың отба­сы болса, 2005-2008 жылдан бас­тап 15 мың болып бекі­тілді. Осы төрт жылдың ішінде 69 мың 400 орал­ман жанұясындағы 380 мың 245 адам ақшалай көмекке ие бол­ған. Ал биылғы 2009 жылы квота ала­тын оралман отбасылардың қатары 20 мыңға жетіп отыр. Қабылсаят Әбішев­­тің сөзіне сүйенсек, сиыр жы­лы­­­ның алғашқы тоқсанында 3 мың 215 отбасы көшіп келіп, квоталарын алған. Ал тәуелсіздік алғаннан бері елге келген оралмандардың жалпы саны биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін 188 мың 248 отбасы, яғни 737 мың 991 адам болған. Ал қай елден қанша орал­ман келгенін төмендегі кестеден көру­ге болады.
Тағы бір мәселе, Көші-қон коми­тетінің жеке тілшісі елімізде 1997 жы­лы қабылданған ана тілін­дегі жал­ғыз заң жобасы біраз мін­дет­тер атқарғанымен, көптеген кемші­лік­терге толы дейді. Мы­салға, талай жыл­дардан бері жыр болып келе жат­қан оралман ағайынның құжат жасату жағдайы. Бұл мәселеге бай­ла­нысты Дүниежүзілік қазақтар қауым­дас­тығы төрағасының орынбасары Сұлтан­әлі Балғабаев «шеттен келген орал­манды басқа мигранттармен қатар қой­май, дұрыс ниетпен қабылдағанда ғана мәселе оң шешіледі» деген тоқ етер түйін­ді ой айтты. Мысалға, оралманның қазақ екенін анықтайтын құжаты болған жағ­дайда оның азаматтық алу өтінішін бірден қабылдап, анда-мұнда сандалтпай, жеке куәлігін тез жасап беру керек. Мәселе бұл ғана емес... Осындай қайнауы жетпей жатқан жайлардың бәрі енді тек құқықтық тұрғыдан реттелмек. Яғни жаңа заң жо­басында оралманның ойынан шықпай жүрген мәселенің бәрі орын табуы тиіс. Сон­да ғана елдегі көші-қон саясаты, әсі­ресе шетелде тарыдай шашылып, ел­ге жете алмай жүрген қазақтардың тағ­дыры оң шешілмек. Ал заң жобасын ұлтжанды азамат, әрі кәсіби заңгер ретінде Қабылсаят Әбішев мырза қолға алмақшы. Оған, әрине, халық қалаулылары мен қоғамның көмегі қажет. Әйтсе де бұл жаңа бастамаға жанашырлар табылатын секілді. Отырысты қорытындылаған Мә­жі­ліс депутаты Уәлихан Қалижан: «Дайын­далған заң жобасы біз арқылы мақұл­данады, сондықтан мейлі үш ай, мейлі үш жыл жұмыс істе, бірақ сенің атың тарихқа жаңа заң жобасымен қалатын болсын, біз көмек көрсетуге дайынбыз», – деп Көші-қон комитетінің басшысына демеу білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста