Олимпиадаға қарсылық фактісі жиілеп тұр

Қазір қысқы олимпиада ойындарын өткізу мәртебесіне ие болған Ресейге оңай болмай тұр. Бүтін әлем назары Қызыл Кремль саясатына ауғанын пайдаланған халықаралық деңгейдегі білектілер Шығыстағы әріптесіне жуан жұдырықтарын жаудырыпәлек. Іргесінен бүлік ұйымдастырып Украинада Еуропа «майдандатып» жатса, әуелден Сочиге барудан бас тартқан АҚШ президенті бастаған бір топ еуропалық президенттер саяси байкоттың да шетін қылтитқан. Тіпті, осы кезеңге доллардың құнсыздану сценарийі де әзірленіп жатқан көрінеді. Ақыры жағдай тым ушығып бара жатқанын сезген Халықаралық олимпиада комитеті еріксіз араға килігіп, барлық тарапты сабырға шақыруда әлемдік геосаясаттың төрешісі рөлін қолға алды...  «Алаш айнасы»

Сөзімізді соңғы жайттан бастасақ. Таяуда Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Сочи ойындарына барудан бас тартқан мемлекет басшылары әрекетін қатты сынға алды. «Мен қандай да бір саясаткердің саяси мәлімдеме жасағысы келсе, спортшыларды пайдаланбай, оны көздеген саясаткерінің бетіне айтуға бойынан күш-жігер табуы керек деп есептеймін» деген бір неміс басылымы тілшісінебілдіргенпікірінде. «Олимпиада ойындары – спортшылар мен спортқа арналған. Саясаткерлер өз атлеттерін қолдауы керек. Біз белгілі бір мемлекет туралы саяси пікірді спорттық ойынның көзқарасына айналдыру арқылы қателікке бой ұрмауымыз тиіс» деген Халықаралық олимпиада комитеті басшысы осылайша қыңырлық танытқан мемлекет басшыларын бастапқы райынан қайтуға шақырған.
Бүтін әлемге билігін жүргізгісі келетін «ауыр салмақтағы» мемлекеттер бүгіндері спорттың өзін де саяси ықпалдың қаруына айналдырып алған. Бұл басу сөз осыларға арналады. Бірақ арадағы қырғи-қабақ соғыста азуын көрсеткендер айылын жияр емес, керісінше, өкінішке қарай, ұрымтал сәтте қанды оқиғаға да жол беріп жатқан жайы бар.
Алдында АҚШ, Франция, Германия және тағы бірқатар еуропалық мемлекеттің президенттері Ресейдегі спорттық шараға бармайтындарын мәлімдеген болатын. Бұл туралы кейінірек...
Титандар қақтығысы: Еуромайданның Сочиге тікелей қатысы бар
«Біз қауіпті Сочидің Кавказ жағынан күтіп едік. Бірақ барлығы басқаша болып шықты. Украинадағы оқиғаға НАТО араласпақшы, мұндай жағдайда Ресей құр қарап отыра алмайды. Киевтегі дүрбелеңді Олимпиадаға дейін созуда осындай астар бар. Америкалық-еуропалық сценарий баяғыда осылайша жоспарланған, яғни Олимпиаданы болдырмау үшін» деп жазады«Молодая Гвардия» журналының бас редакторы Валерий Хатюшин.
Қазір Киевті улардай шулатып жатқан оппозиция және оған қатыстылар қашуға дайындалып жатқан көрінеді. Өйткені Олимпиада болатын күні немесе ол аяқталғанда мұнда НАТО әскері кіруі мүмкін, ондайда Ресей де килігуге мәжбүр болады. «Екі өгіздің ортасында шыбын өледінің» керін келтірмес үшін, әрине мұндағылар шетел асып кетуді әзірден жөн көріп отыр. Оған жуырдағы Польша премьер-министрі Дональд Тусктің мәлімдемесі дәлел. Оның айтуынша, егер қақтығыс ушығып кетсе, Варшаваға Украинадан босқындар ағылары хақ. Соған қарағанда украиндік саяси баспана сұраушылар Польшаны бүгіннен мазалап жатқан сыңайлы.
Қалай дегенмен де Ресей Олимпиаданың кесірінен Украина ісіне араласа алмай отыр екен. «Сочи факторы Кремлдің Украинадағы оқиғаға ашықтан-ашық араласуын белгілі бір деңгейде тежеп отыр. Бұл арада екі логика бар. Кремль үшін Олимпиаданың ашылу салтанатын өткізу маңызды, одан кейін не болса, ол болсын. Екінші логикаға жүгінсек, Олимпиаданы жабу шарасы да маңызды. Демек, Олимпиаданың басынан аяғына дейін Ресей Киевтегі жағдайға байланысты ашық көзақарас білдіре алмайды. Бірақ ондағы дүниенің төңкеріліп кетпеуін қадағалайды» дейді ресейлік саясаттанушы А.Окара.
Лаңкестікпен, әдеттегідей, АҚШ ши жүгіртіп отыр ма?
1972 жылы Мюнхендегі олимпиадада теракт орын алып, көптеген адам көз жұмған. Ол күнді немістер әлі де «Қаралы қыркүйек» деп еске алады. Міне, осындай қатерлі жайттан Сочи де қауіптеніп отыр. Өйткені жуырда«Ансар әл-Сунна» экстремистік тобы Сочиде теракт жасамақшы екенін ғаламтор арқылы жеткізген. Сондай-ақ олар 34 адамның өмірін жалмаған Волгоградтағы екі жарылысты өз мойындарына алған. Оған 2013 жылы жақтастарын олимпиада шырқын бұзуға шақырған Кавказ әмірлігінің басшысы, лаңкес Доку Умаровтың қолқалауымен барғандарын да айтқан. Ал бұған дейін кавказдық лаңкестіктердің ешкім аямайтындығы Бостандағы терактімен айшықталған болатын.
Ол ол ма, бүгіндері әр елдің олимпиада комитеттеріне де Сочиде олардың спортшыларына лаңкестік шабуыл жасалатындығы туралы анонимді хаттар келе бастаған. Ал кеше ғана америкалық сарапшылар, тіпті лаңкестердің қандай қару қолданатындығына дейін болжап мәлімдеме жасады. Аты да қорқынышты. Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының лаңкестікке қарсы іс-қимыл бойынша маманы Гордон Хан Сочиде лаңкестер химиялық қару падалануы мүмкін екенін айтады. «Сирияның азаматтық соғысына Солтүстік Кавказдың екі содырлар тобы – «Джанд әл-Хилафах» және Аиш әл-Мұхаджирин Валь-Ансар» қатысып жатыр. Олар Сирия әскері арсеналынан химиялық қаруды ұрлап алып, оны Кавказдағы жақтастарына жеткізуі мүмкін. Сондықтан спорттық шарада орын алуы ықтимал терактіні мүлде жоққа шығаруға болмайды» деген ол әлеуметтік желідегі өз блогында.
Еске сала кетелік, жыл соңында Ресейде төрт теракті тіркелген. Жалпылай алғанда, ресейлік сарапшылар лаңкестікпен елді қорқытып ұстайтын бұл АҚШ-тың тірлігі деп санайды. Бәрінен бұрын, «Локомотив» хоккейшілерінің осы текетірестің құрбанына айналды дегенге, әрине сенгіміз келмейді. Дегенмен кейбір сарапшылар бұл қасақана ұйымдастырылған ұшақ апаты деп есептейді. Себебі осы апатты оқиғада бір-ақ адам тірі қалған. Оның өзі құқық құрылымына ұстатпай жоқ боп кеткен. Шынымен де бүтін хоккей құрамасын жалмап кеткен осы апат ұйымдастырылса, онда теріс пиғылдылар мұнымен Ресей өз спортшылары командасының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отырғанда, басқаларға қайдан кепілдік берсін деген ой салуға тырысқан секілді.
Доллар тұғырынан тайса Олимпиада жайына қалады
АҚШ-тың техникалық дефольтпен қорқытуына әлемнің еті үйрене бастаған. Мәселен, былтыр Ақ үй конгресмендері осындай мәлімдемені төрт рет жасаған. Бұл жолы да олар осы ықпал құралын пайдаланып, ең алдымен, Ресейге сес көрсетіп отырған секілді.Барак Обама мемлекеттік қарыздың шекті көлемін белгілеу мерзімін 7 ақпанға, яғни Сочидегі Олимпиада басталатын кезеңге қалдырған. Осы күні АҚШ конгресі мемлекеттік қарыздың шекті көлемін тағы да өсіруі керек немесе техникалық дефольт жариялауы тиіс. Ал егер техникалық дефольт жарияланатын болса, онда  қазіргі түріндегі қаржылық жүйе жойылады. Ондайда қазыналық облигациялардан сенім жоғалады, ол өз кезегінде әлемнің барлық банкін банкротқа ұшыратады.
Ресейлік сарапшылар да АҚШ-тың 7 ақпанда техникалық дефольт жариялап, доллар пирамидасын күйретуі бек мүмкін деп болжайды. Оған АҚШ-ты тығырыққа тіреп тұрған екі себеп бар көрінеді.
Евгений Федоров, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты:
- АҚШ-тың мемлекеттік қарызы – 17 трлн доллар. Енді оның көлемін конгресмендер тағы өсіретін болса, онда бүтін әлем Бүкіләлемдік тұрақтандыруы қорына ақша аударады, яғни долларды аман алып қалу үшін. 10 жыл бойына бұл жайт үздіксіз қайталанып келеді. Сондықтан әлем елдері бұдан қатты шаршаған. Сөйткен олар соңғы бес жыл барысында өздерінің сауда-саттық бойынша әріптес мемлекеттерімен есеп-айырысуды своп-операцияға алмастырған, яғни екі елдің ұлттық валютасымен жүргізеді. Соның нәтижесінде 2012 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық келісімшарттың доллар түрінде жасалғаны 46 пайызға кеміген. 2013 жылы айтарлықтай тағы да төмендеу орын алды. Әлем елдері доллардан әбден арылған күні АҚШ-тың долларынан бас тартады. Мұндайда держава ретінде АҚШ күйрейді. Сондықтан қазір Ақ үйдегілердің дегбірсізденетін жөні бар. Осы жағынан алғанда, көп ел әлі де долларға байланып тұрғанда АҚШ 7 ақпанда техникалық дефольт жариялап жіберуі мүмкін. Сонда банкротқа ұшыраған мемлекеттердің Америкаға еріксіз күні қарап қалады.
Ал отандық қаржыгер Ілияс Исаев «бұл жай Ресейді үркіту ғана болуы мүмкін, әйтпесе АҚШ-қа дефольт жариялау әзірге тиімсіз» дейді.
Жыныс мәселесі Ресейді әлемге телміртіп қойды
Сочиге барудан бас тартқан президенттер бүтіндей Ресейдің шетелдік бір жынысты отбасылардың бала асырап алуына және кәмелет жасқа толмаған балаларға бір жыныстылықты насихаттауға тыйым салатын заңын өздерінің үлкен мінберлерінде сынға алып, дабыр-дұбыр әңгіме қылған. Бірақ бұл мәлімдемелерін ашық айтуға келгенде олар жұмған ауыздарын ашпауды жөн санаған. Сөйтіп шетінен жұмысбасты боп шыққан. Соған қарағандабарлығы да өз имидждеріне алаң секілді. Тек, жоғарыда Томас Бах айтпақшы, бір мемлекет қана бойынан күш-жігер тапқан. Ол – Литва ғана.
Даля Грибаускайт, Литва Президенті:
- Бүгінгі жағдайда, адам құқығын аяусыз таптап, шығыс әріптестеріне, соның ішінде Литваға да экономикалық санкция қолданып жатқан Ресейге, ондағы Сочи Олимпиасына бару үшін саяси себеп көріп тұрғаным жоқ.
Брюсселде журналистер алдында осы қатты айтылған мәлімдемеден соң Литва тым-тырыс. Басқалар секілді сөзді бұрған да жоқ әрі қайтадан бұл тақырыпта тіл де қатпады. Ал Олимпиада ойындарына келуден бас тартқан басқа мемлекет басшыларының барлығы дерлігі соңында езеуреп шыға келді. Мысалы, АҚШ президентін алалық.
Барак Обама, АҚШ Президенті:
- Гей немесе лесбиянка ма, әйтеуір біреулері үйге алтын, күміс немес қола медалмен оралатын болар деп үміттенемін. Бұл біздің ол жақта патшалық еткен көңіл-күйді жоққа шығаратындығымызды сипаттауға көмектеседі. Ал егер Ресей құрамасында бір жынысты қарым-қатынасты ұстанушылар болмаса, бұл олардың командасын әлсіз ете түседі.
Алайда кейіннен журналистер қойған сауалға берген жауабында Барак Обама бұл мәлімдемесі Сочи ойындарына деген байкот еместігін айтып, жалтарып кеткен. Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұған президенттің жұмыс тәртібінің тығыздығы себеп-мыс.
Олимпиадаға саяси байкот жариялауға шақырушылар арасында ГФР президенті Йоахим Гаук және Юстиция мәселелері бойынша еврокомиссар Вивиан Рединг те бар екенін еске сала кетелік. Дегенмен ол екеуі де кейіннен АҚШ ұстанған позицияға ойысқан.
Бүкіл әлем үдере лап қойған соң, әрине Владимир Путинге де жан керек.  Соңғы кездері Ресей президенті танымал деген халықаралық БАҚ-тарға жиі сұхбат бере бастаған. Әсіресе, бір жыныстыларды қолдайтындығын айтып. Бірақ осындай сұхбаттарының бірінде ол оңбай сүрінді. Ыңғайсыз жайт Еуропа елдеріне барған бір сапарында орын алған.
Владимир Путин, РФ Президенті:
- Дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынасты ұстанушылар бізде өзін екінші сортты ретінде сезінбейді, өйткені олардың құқығы шектелмейді... Әрине, олар өздерін бізде емін-еркін сезіне алады, алайда, өтінемін, балаларды жайына қалдырыңыздар...
Путиннің сексуальдық азшыл топ проблемасына балаларды қыстырып жіберуі Батыс қоғамын шалқасынан түсірген. Оның бұл сөзі бір жыныстыларды педофилмен теңестіргендей боп шыққан. Негізінен, бұл арада В.Путин өз ойын дұрыс жеткізе алмаған секілді. Алайда «айтылған сөз атылған оқпен тең» демекші, шетелдіктер бұл оқиғаны Бродвейдің бір мюзикль желісіне ілік етіп те үлгеріпті.
Қалай дегенмен де шарапикетсіз болмайын деп тұрғанын ұққан Ресей билігі бүгіндері мұны алдын ала реттеуге мүдделі. Сондықтан Қытай секілді олар да билікке сөзін жеткізгісі келетіндерге арнайы орынды белгілі бір уақытқа бөліп қойған. Осыған байланысты РФ президенті жиын мен митингілер өткізу тәртібіне қатысты қаулысына да өзгеріс енгізген. Ол бойынша белгілі бір территорияда, жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен шеру өткізуге болады. Алайда президент қаулысында демонстранттар көлемі шектеліпті.
Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах бұл арада көлгірсудің қажеті жоқтығын, айтатын сөзді нақты фактімен жеткізуді сұрады. Сондай-ақ ол спортшыларды марапаттау рәсімін саяси акцияға айналдырмай, өз мәлімдемесін арнайы баспасөз мәслихатында айтуға кеңес берді.Негізінен, олар Олимпиада ойындарының тәртібінде саяси, діни және нәсілдік кез келген насихат қатаң жазалауға ұшырайтынын, мұндай әрекет үшін спортшылар ойыннан шеттетілетінін алдын ала ескерткен.
Ходорковский Олимпиадаға қойылған ставка ма?..
Үш жыл бұрын В.Путин Михаил Ходорковский туралы мүлде естігісі келмейтін. Оның төңірегіндегі сауалға «ұрының орны түрмеде» деп нық жауап беретін. Алайда бүгін Ресей прзеиденті оған 10 жыл да жеткілікті деп қалыпты. Сарапшылардың көбісі Ходоркоскийді босату Олимпиада қарсаңындағы тактикалық қадам деп есептейді.
Бірінші пайым:
Бірнеше күн бұрын Ресейдің Думасы Pussy Riot тобына қатысушы лесбянкаларға амнистия жариялаған болатын. Олар және басқа да ресейлік гей-белсенділер Олимпиада ауылында плакаттарын жайып, ұрандап мәселе көтеруі бек мүмкін. Әрине, бұл жайт онсыз да ушығып тұрған Ресейдің халықаралық ахуалын қиындатып жібереді. Сондықтан «атышулы» тұлғаны босату әлем саясаткерлерінің назарын бұрып, тақырып талқысын өзгертуге ықпал етуі мүмкін. Онсыз да соңғы кездері Германия билігі ресейлік олигархты босатуды жиі қолқалап жүр екен.
Екінші пайым:
Жекеменшікке қол сұғу деген өткеннің белгісі екенін білдіруде Ресей сырттан инвесторлар тартқысы келеді. Мәселен, Ходорковский босатылғанда Мәскеудің қор биржасы бағамдары демде шарықтап шыға келген.
Жалпы, Ресей экономикасы қарқынының бәсеңдеуі, оны әртараптандыру, ірі инфрақұрылымдарға қаржының қажеттілігі инвестиция тарту мәселесін өзекті етіп отыр. Бұл мәселе Путинді бей-жай қалдырмауы керек. Демек, Ходорковскийді босату арқылы Ресей өз экономикасына инвестиция тарта алуы ықтимал.
P.S. Жалпылай алғанда, Cочи қысқы Олимпиадаға қатысушыларды қабылдап алуға дайын. ХОК мәліметі бойынша, барлық спорттық нысан салынып біткен, қарға қатысты мәселе жоқ. Мәселе посткеңестік Ресейдің алғашқы олимпиадасында біз сөз еткен сыртқы факторлардан туындап қалуы бек мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста