Ой-пікір бостандығы бар, ал дерек бәрінен маңызды

Ой-пікір бостандығы бар, ал дерек бәрінен маңызды

Отандық БАҚ-тарды жаңғырту жайы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасында атап көрсетілген еді. Тұжырымдама бойынша, Мәдениет және ақпарат министрлігіне журналист этикасы туралы кодекс пен БАҚ-ты жаңашаландыру жоспарының жобасын әзірлеу жүктелді. Елбасы атап көрсеткендей, БАҚ саласы журналистік этиканың ұлттық кодексінің нақты үлгілері, сол сияқты тұтынушыны бұрмаланған және шынайы емес ақпараттан қорғайтын заңды нормалар негізінде жұмыс істеуі керек. Осы ретте Бас редакторлар клубы журналист қауымын осы мәселеге назар аудартып, төмендегідей мәтінде үндеу жариялады.
«Сөз бостандығы – Қазақстанның де­мо­кра­тиялық дамуының негізгі ұстаным­да­ры­ның бірі. Дегенмен барынша бостандық беру журналистердің өз ісіне деген жауапкершілігін арттырады. Қоғамда цензура болмаған жағдайда өз-өзіне цензура жасау керек. Мысалы, кәсіби ішкі мораль, бұ­қа­ралық ақпарат нарығының барлық өкіл­дері сақтайтын кәсіби құндылықтардың айқын көрсетілген жүйесі, яғни өзін-өзі қадағалау жүйесі британиялық БАҚ-қа идеологиядан тәуелсіз болуға, сөйте тұра, қоғам алдындағы жауапкершілікті сақтау­ға мүмкіндік берді. Дегенмен мұндай көрініс барлық елде байқала бермейді. Белгілі бір топтың өкілдері журналистерге барынша еркіндік берілу керек және оның жауапкершілігі төмен болу керек деп есептейді. Бүгінгі күні БАҚ-тың негізгі ақпарат­тық функциясын манипуляциялық функциясы ығыстырып барады: бірқатар БАҚ шын­дық­ты көрсетпес бұрын оны қоғамның санасында біреудің пайдакүнемдік мүд­делері үшін өз ережелері мен көзқарасы бойынша құрылымдайды. Бұл тенденция әсіресе интернет кеңістігінде кеңінен бай­қалып жатыр. Жекелеген адамдар, топ­­тар интернет­тің өзіндік ерекшелігін «ақпа­рат­тық соғыс» жүргізу мақсатында пайдаланады. Көп жағдайда интернеттен бастау алған ақ­параттар қоғамды дүрлік­тіріп, келеңсіз жағ­дайларға әкеліп жатады.Сенсация қуу, белгілі бір күштердің мүддесіне қызмете ету әрекетінің салдарынан ақпа­рат беруші мәселенің түпкі мәніне жетпес­тен, қалыптан тыс өмірлік жағдайды қа­зақ­стандық қо­ғам­ға ғана тән көрініс ретінде суреттеп, сол арқылы адамдарды дүр­ліктіреді.
Жалпы айтқанда, журналистиканың басты мақсаты – адамдарды адамгершіліктен алыстату емес, керісінше, оларға үміт беру. Сондықтан әлдебір ақпаратты жариялау барысында журналистиканың салмақты жауапкершілігін ескеру керек. Әрдайым «ой-пікір еркіндігі бар, ал дерек  бәрінен маңызды» деген ұстанымды қатаң басшылыққа алу қажет. Осыған байланыс­ты Бас редакторлар клубы журналистік этика кодексінің нақты стандарттарын жасау идеясын қолдайды. Бұл орайда, Мемлекет басшысының БАҚ саласы журналистік этиканың ұлттық кодексінің нақты стандарттарының негізінде, тұтынушыны өзгертілген, жалған ақпараттан қорғайтын заң нормаларының негізінде жұмыс істеуге тиіс деген ұсынысын қолдаймыз».

Марат Башимов, Бас редакторлар клубының мүшесі, заң ғылымдарының докторы:
Журналист этикасының кодексін енгізетін уақыт жетті
– Журналист этикасының кодексін енгізетін уақыт жетті деуге болады. Себебі өзге елдердің барлығында мұндай ереже бар және ол сақталады, өзін-өзі реттеу институттары қалыпты жұмыс жасап тұр. Кейбір елдерде мұндай кодекс журналистік қауым­дастық арқылы, кейбір елдерде үкіметте бекітілген құжат арқылы жұмыс істейді, ал кейбір елдерде «баспасөздер құқы жөніндегі омбудсмен институты» құрылады. Бар­лығының мақсаты ортақ: БАҚ өкілдері толық және сенімді ақпарат тарату керек. Нақ осы сенімділік – әр кезде де адамгершілік-этикалық бағалау мен дауды тудыратын мәселе. Ол сот арқылы құқықтық алаңда не болмаса өзін-өзі реттеу институты арқылы, яғни журналистік әдеп кодексі арқылы қарастырылады.
БАҚ дегеніміз – адамдардың ой-пікіріне әсер ететін маңызды институт деп жиі айтамыз. Сондықтан өзінің жариялаған ақпаратына жауапкершілікпен қарау керек. Себебі қоғамдық пікірді әп-сәтте тудыруға болады, ал жағдайдың түйінін тарқатуға ерек­ше күш-жігер қажет, әсіресе саяси мәселелерде.

Сейітқазы Матаев, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы:
Журналистің ең басты қағидасы – шынайы ақпарат
– Журналист ақпаратты дайындауда өзінің әр сөзі үшін жауап беретінін ұмытпауы тиіс. Бұл – журналистиканың басты қағидасы. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамға ақпарат беруі тиіс, елді дүрліктірмеуі тиіс. Журналистің болып жатқан оқиғаға бейжай қарамауы тиіс екендігі сөзсіз, алайда ол мемлекеттік органдар мен ведомстволарға, жауапты тұлғалардың сөздеріне жүгініп, ақпараттың рас-өтірігін тексеруі шарт. Бүгінгі күні ақпарат өмірлік басты өнім болып табылады, өйткені жұртшылық өз елінде, ауданы мен елді мекенінде болып жатқан оқиғаға қанық болғысы келеді. Алайда, өкі­ніш­ке қарай, соңғы уақытта көптеген анонимді пікірлер мен блогерлер пайда болды, олар өздерінің рейтингілерін көтеру үшін ұзын құлақтан тараған ақпаратты пайдаланады.
Иә, біз кейде қателесеміз, тым әсірелеп жіберетін кездеріміз де болады. Шығарма­шылық ұйымдардың басшысы ретінде Қазақстанның журналистері ҚР Конституциясы мен заңы аясында жұмыс істеуге тырысады деп сеніммен айта аламын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста