Нұрғали Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Ақорда сайты.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар тағайындау жүргізгені хабарланған еді.