Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қандай болмақ?

Жуырда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасын бекіту туралы  № 119 Жарлыққа қол қойды.  Бұл Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. 2011-2015 жылдары үш кезеңге жоспарланған тұжырымдаманың мазмұнына сәйкес, мемлекеттік қызмет «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға тиіс.

Мемлекеттік қызметте меритократия үстемдік құрса игі
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұ­жырымдамасында көрсетілгендей, «ме­ритократия, тиімділік, нәтижелілік, транс­паренттік және қоғамға есептілік қағидат­та­рына негізделген мемлекеттік қызмет жү­йесін кәсібилендіру мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және ха­лық­қа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы» делінген. Бұл жерде меритократия деген не? Ме­ри­тократия –  лайықтылар немесе еңбегі сің­гендер билігі [лат. meritus – лайықты, грек, kratos – билік] – басқарушы қызметтерде әлеуметтік тегіне, қаржылық жағдайына қарамастан, ерекше қабілетті адам­дардың билігі деген мағынаны бе­реді. Мерито­кра­тияның мәні – «әркімге еңбегіне қарай» де­ген әділетті қағида бойынша мемлекет ба­сында таза бәсекелестік ортадан суы­рылып шыққан ең іскер, ақылды, өз са­ла­сында беделді, қабілетті, лайықты адам­дар шоғыры тұруы керек дегенге саяды. Са­рап­шылар осы меритократиялық прин­цип АҚШ-тың басқару жүйесінде барынша көрініс тапқан деп санайды. Халықаралық практикада мемлекеттік қызметке кіру конкурстық негізде жүзеге асырылады, онда меритократия қағидаты, яғни жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау негізгі қағидат болып табылады. Демек, тұжырымдамада меритократияға, яғни қабілеттілер біліктілігіне сенім ар­ты­луы – жақсы нышан, тың жаңалық. Мем­ле­кет­тік қызметтің жаңа моделі тұжы­рым­да­масы 1995 жылы қабылданған «Мем­лекеттік қызмет туралы» Заңның аясында «ақ жағалылардың» жұмысына жаңаша маз­мұн бермек. Мемлекеттік қызметте күр­меуі қиын мәселе көп: бюрократия, сы­байлас жемқорлық, тамыр-таныстық, құ­пия­лылық, есепсіздік, жауапсыздық, кадр­лық әлеуеттің төмендігі, қайшылығы көп «ко­мандалық жүйе», кәсіби этиканың сақ­тал­мауы, жауапты хатшылардың тұрақ­сыз­дығы, тәртіптік кеңестердің әлсіздігі т.б. ай­тып тауыса алмайсыз. Мемлекеттік қыз­мет­шілердің еңбекақысы жеке сектормен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мысалы, 2011 жылғы 1 сәуірдегі статистикалық де­рек­терге сәйкес, мемлекеттік қызмет жү­йе­сіндегі орташа жалақы 69 027 теңгені құ­райды, ал құрылыс саласындағы орташа жа­лақы – 101 500 теңгені, тау-кен өнер­кә­сі­бінде – 133 309 теңгені, қаржы және сақ­тандыру қызметінде 148 680 теңгені құ­рап отыр.
Жаңа модельдің мақсаты не?
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастыру үшін «Қазақстан – 2030» стратегиясында ай­қындалған мемлекеттік қызметті да­мы­тудың басымдықтары: «кадрларды жалдау, даяр­лау және жоғарылату жүйесін жақ­сарту»; «мемлекеттік қызмет – ұлтқа қыз­мет ету»; «мемлекеттік қызметтің жоғары абы­­ройын қалыптастыру және қолдау» тұ­жы­­рымдамада негізге алынған. Жаңа мо­дель­­дің мақсаты – мемлекеттік қызмет жү­­йесіндегі тиімді кадр саясаты және ада­ми капиталды басқару жүйесін жетілдіру; мемлекеттік қызметтер көрсетудің жо­ға­ры сапасы және мемлекеттік органдар қыз­метінің тиімділігін көтеру; мемлекеттік қызметшілердің оң имиджі және мінез-құлық этикасы мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру болып табылады.
Шенеуніктердің үш корпусы: саяси қызметші, «А» және «Б»
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стра­тегиялық даму жоспарына сәйкес, мем­лекеттік қызметтің жаңа моделінде үш кор­пустық вертикаль: мемлекеттік саяси қыз­метшілер, «А» басқарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы айқын көрініс тауып, 2012 жылға қарай осы кор­пустың негізінде мемлекеттік лауазым­дар­дың жаңа тізілімі бекітілмек. Алдымен мем­лекеттік саяси қызметшілер корпусына мемлекеттік саясатты қалыптастыратын, мем­лекеттік басқару саласына (аясына) бас­шылық етуді жүзеге асыратын, тиісті са­ла­дағы мемлекеттік дамудың стратегиялық ба­ғыт­тарын айқындайтын қызметшілер, сон­дай-ақ тағайындалуы саяси-шешуші си­патқа ие қызметшілер енгізіледі. Бұл кор­пусқа: орталық мемлекеттік ор­ган­дар­дың, Қазақстан Республикасы Президентіне ті­келей бағынатын және есеп беретін ор­гандардың бірінші басшылары, олардың орынбасарлары, облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері және олардың орынбасарлары, сон­дай-ақ тізбесін ҚР Президенті ай­қын­дайтын басқа да мемлекеттік лауазымдар ен­гізілетін болады. Сондай-ақ жаңа мо­дель­де мемлекеттік әкімшілік қызмет құ­ры­лымында мемлекеттік саяси қыз­мет­ші­лер қалыптастыратын саясатты іске асы­руды және стратегиялық шешімдер қа­был­дау мен оларды орындау арасындағы өз­ара байланысты қамтамасыз ететін «А» бас­қарушылық корпусы құрылатын бо­ла­ды. «А» басқарушылық корпусының әкім­ші­лік лауазымдарына тағайындау тек қана кадр резервінен жүзеге асырылмақ. «А» бас­қарушылық корпусының кадр резервін қа­лыптастыруды ҚР Президентінің жанын­да­ғы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комис­сия мемлекеттік органдардың және облыс­тар, астана, республикалық маңызы бар қа­ла әкімдерінің ұсыныстары негізінде жү­зе­ге асыратын болады. Сондай-ақ «А» кор­пу­сына жауапты хатшы лауазымы енгі­зіл­мек. Жалпы жаңа модельде мемлекеттік саяси қызметшілер саны шектелгелі тұр. Жаңа модельдің жақсы бір ерекшелігі, қолда бар кадр әлеуетін кеңейту және мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығы «әлеуметтік лифт» тетікпен іске асырмақ. Бұл тетік мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын, бірақ мемлекеттік ұйым­дар­да және жеке секторда басшы ла­уа­зым­дарды атқаратын кәсіби даярлығы бар кадр­ларға «А» корпусының кадр резервіне ен­гізу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға мүм­кіндік береді.
 Ал «Б» корпусындағы мемлекеттік қыз­метшілерінің негізгі міндеті «А» бас­қа­рушылық корпусындағы мемлекеттік қыз­мет­шілердің талаптарын сәйкес, мем­ле­кет­тік саясатты іске асыру (атқарушылық қыз­мет) болады.

Екшелген екі модель
Халықаралық практикада мемлекеттік қызметтің екі үлгілік моделі – баспалдақтық және позициялық моделі бар:
«Баспалдақтық» үлгі – мемлекеттік қызметшілерді саяси «тағайындалатындар» және кәсіби «орындаушылар» деп бөлу болып саналады.
«Позициялық» үлгі – мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мемлекеттік қызметке білікті әрі құзыретті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азайтады. Көп елдерде осы екеуінің араласқан үлгісін құп көреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста