Мәжіліс төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өткізілетін болды. мұндай Өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.