Марғұлан Сейсенбаев қайда кетті?

«Не себеп болғаны белгісіз, Альянс банктің директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Марғұлан Сейсенбаев пен аталмыш банктің бірнеше қызметкері шекара асып кетіпті» деген әңгіме жұртты дүрліктіріп отыр. Бір қызығы, Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі (Қаржы полициясы) Марғұлан Сейсенбаев пен оның серіктеріне елден қашатындай ешқандай қылмыстық іс қозғамаған.

Бұл туралы кеше өткен брифингте Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті. Оның айтуынша, Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік тарапынан Альянс банк директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы мен банктің елден кеткен басқа да қызметкерлерінің үстінен ешқандай талап-арыз түсірмеген. «Дәл қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты Қаржы полициясы органдарында қозғалып жатқан қылмыстық істер жоқ. Тіптен тергеу алды тексеру жұмыстары да жүргізіліп жатпағаны белгілі. Қаржы полициясының оған тағар кінәсі де жоқ. Мен олардың Қазақстаннан неге сырттап жүргенін білмеймін», – деп атап өтті ресми өкіл.
Атам қазақта «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар» деген сөз бар. Бұл тағы бір үлкен дауылдың басталғанын білдірмей ме?
Сондай-ақ ресми өкіл М.Жұманбай Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық істің толық аяқталғанын мәлім етті. «Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Темірлан Кәрібеков пен оның орынбасары Тәрбие Әлмұхамбетоваға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Қазіргі кезде айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын іс материалдарымен таныстыру шаралары жүргізілуде», – деді ресми өкіл.
Қаржы полициясы органдары оларға «екі бірдей қалалық аурухана мен перзентханаға медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін бөлінген 23 миллион теңге бюджет қаржысын талан-таражға салды, сондай-ақ Астана қаласындағы онкологиялық диспансерге медициналық жабдықтар алуға бөлінген 6,5 миллион теңгені жымқыруға әрекет жасады» деген айып таққан болатын. «Оған қоса, Кәрібековке заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастырды және «Лэнд Крузер» қызметтік автокөлігін жеке мақсатта пайдалану арқылы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, мемлекетке 3 миллион 100 мың теңге залал келтірді деген айып тағылды», – деді Мұрат Жұманбай. Бұлардың ендігі тағдырын сот шешетін болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста