Коммунистер тарихты күзеп-түзеудің «шебері» болғанын өткенімізден жақсы білеміз. Мұны жуырда informdetox.соm сайтында жарияланған, мағынасы идеологиялық тұрғыда бұрмаланғандығын әшкерлеуші кеңестік кезеңнің жеті суреті де айғақтай алады деп хабарлайды «Алаш айнасы».
1. Ақпан эволюциясы
Фото: www.informdetox.com
Қолында жалаңдаған қылышы мен найзалы мылтығы бар жүздеген солдаттан басқа ешқандай ерекшелігі жоқ мына сурет «қызылдардың» қолына түскен соң, аяқ-асты идеологиялық әсемхатқа (открытка) айналып шыға келеді. Бұл сурет ақпан төңкерісінің алғашқы күндері Петербордың Литейный даңғылында түсірілген. Сол кезде-ақ - 1917 жылы ол мынандай, басқалай мағынаға ие боп шыға келеді.
Фото: www.informdetox.com
Қыж-қыж қайнаған буржуазиялық өмірдің сипатын танытар «Сағаттар. Алтын мен күміс» (Часы. Золото и серебро) деген ғимарат маңдайшасындағы тақтайша жазбасы «Күресте ғана қақыңа ие боласын» (В борьбе обретешь ты право свое) дегенмен алмастырылған, ал жалауға: «Монархия құрысын. Республика жасасын!» деп жаза салады. Осылайша сурет арқылы-ақ адамдар билікке қарсы «жұмылдырылып», өзгелерді артынан еруге шақырады.
2. Жиындарда «қолдан» жиналған қарақұрым халық
Фото: www.informdetox.com
Билік тарапынан өткізілетін шараларға қатысушыларды көп етіп көрсету кеңес заманына сай дәстүр. Бұл сурет - соны айғақтайтын фактінің бірі. Ол «Лениннің 1920 жылы 19 шілдеде Петроградтың Сарай алаңында сөз алуы» деген атаудағы мақала ішінде жарияланған. Авторы – Виктор Булла. Фотоға атау берілмеген.
Фото: www.informdetox.com
1924 жылы «Красная Нива» журналының редакторы Булланың бұл суретіндегі көсем сөзіне елітіп, құлақ түрген адамдарды мардымсыз деп тауып, оны көбейтіп жариялайды.
3. Сталиннің соңында – барлығымыз бірдейміз
Бір қарағанда 1930 жылғы «Сталин және бұқара» деген мына фотода артық ештеңе жоқ секілді көрінеді: ұлықтаған ұлы көсемі халқының төбесінде биікте тұр. Ал бұл суреттің тарихына үңілетін болсақ, ол мүлде басқа мағынада түсірілген әрі ол арада көсемсіз бір топ адамдар болған. Онда да саны шектеулі.
Адам қарасын молайту үшін фотограф суреттің кейбір бөлігін көшірлемелеп, қайтадан басады (қайталанатын жерлері таңбаланған).
Дегенмен фотограф бұл арада 1930 жылдың өзінде коммунизм көсемдерінің қатты аңсаған арманы – барлық адамдар тең боп қана қоймай бірдей де болғанын дәлелдегісі келуі мүмкін ғой.
Фото: www.informdetox.com
4. Ленин мен Крупская балаларымен Кашино ауылында
Фото: www.informdetox.com
Бұл арада фотограф өз нысанына ауылдың үлкен кісілерін көптеп алған. Алайда біраз уақыт өткен соң олардың басым бөлігі бай-құлақ деп ит жеккенге айдалып, жер аударылған. Сондықтан бұл кадрды кесіп, өңдеуге тура келген.
5. Сталиннің жанында атылғандарға орын жоқ
Мына суретте Сталиннің жанындағы адам – ішкі істер наркомы Николай Ежов.
Фото: www.informdetox.com
Ал Ежов атылған соң, суреттен де «ғайып» болады. Өйткені Сталин жанында «Отанына опасыздарға» орын жоқ.
Фото: www.informdetox.com
6. Жеке іс
Фото: www.informdetox.com
Фотограф Евгений Халдейдің «Рейхстагқа тігілген Жеңіс туы» еңбегіне байланысты адасушылық бар әрі ол оқиға орнынан тікелей түсірілген сурет емес. Біріншіден, суреттегі жалау кеңес әскері 1945 жылы 1 мамырда түнде Рейхстаг шатырына тіккен ту емес. Халдейдің бұл суреті репортажға да жатпайды, ол оқиға болған күннің ертеңінде 2 мамырда, басты қаһармандар – Егоровтың, Кантарияның және Бересттің (бұл да жалған қаһармандар, негізінен ту тіккен жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаев екенін тарихтан жақсы білеміз) қатысуынсыз қойылымда дүниеге келген.
Фото: www.informdetox.com
Үш батырдың рөліне Халдей Рейхстагқа келе жатқан жолда кездейсоқ кездестірген солдаттарды тартады. Ал туды бірнеше ай бойына өзімен бірге жалауды алып жүрген сол арадағы профком ұйымдарының бірінен сұрап алады.
Түпнұсқада бір солдаттың екі қолында да сағат барын аңғаруға болады. Ал кейіннен оң жағындағысы жойылған. Бұл ретте де түрлі болжам бар. Соның бірі - кеңес әскері ол сағаттарды майдан даласында қаза болған дұшпан қолынан шешіп алуы мүмкін, ал баршаға үлгі кеңес әскері идеологиялық тұрғыда мұндай масқараға бармауы тиіс.
7. Мұндайларды ғарышқа алмайды
Фото: www.informdetox.com
Кеңес заманының әр баласы ғарышкер болуды армандады, алайда оның ешқайсысы КСРО-ның тұңғыш ғарышкері – Юрий Гагариннің өмірі жабырқау өткенін білмеді.
Ал өзінің мәртебесін бір рет пайдаланғысы келген жалғыз ғарышкер – Григорий Нелюбовь бірден ғарышкерлер отрядынан шығып қалады.
Фото: www.informdetox.com
Ал ол бар болғаны ішімдікке «қызып» алып, әскери патрульге дауыс көтерген. Гагариннің дублері осындай масқара жағдайда 1963 жылы 17 сәуірде қатардан шығарылады. Тіпті, оның бар болғанын жасыру туралы да шешім шығады, сөйтіп Нелюбовь бар суреттер бірден өңделіп отырады. Мына көрініс - соның айғағы.
Дерек көзі: www.informdetox.com
Аударма - «Алаш айнасы»