Керей мен Жәнібек хан қайда жерленген?

Елбасының бастамасымен келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланбақ. 
Осыған орай, «қазақ хандығының негізін қалаған қос тұлға – Жәнібек пен Керейдің қабірлері қайда?» деген сұраққа жауап іздеген археологтар енді хандар моласын елдік тұрғыда шындап іздеуге кіріскелі жатыр.
Тарихта атақты екі Жәнібек хан бар. Оның бірі – әз-Жәнібек ханның Алтын Орданың астанасы Сарайшықта жерленгені белгілі. Ал екінші хан –қазақ хандығының түп бастауында тұрған Жәнібектің қайда жерленгені белгісіз. Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлініп, Шу бойында Қазақ хандығының алғашқы іргесін қалағаны тарихтан белгілі. Ал Қазақ хандығының қалыптасып, нығайып, ел болуына тірек болған шаһарлардың ішінде Созақ шаһарының орны ерекше болғанына дәлел-дерек жетерлік.
Атақты ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан: «Қаратаудың солтүстік бөктерінде, Созақ поселкесінің жанында сол аттас қамал қала бар, ол қазақ жерлерін біріктірудің бастапқы кезеңінде қазақ хандығының тірегі болған. Созақ әрдайым-ақ далалық аудандарда билік жүргізуі үшін де, сонымен бірге, Түркістандағы қалалар үшін де Қазақ хандығы әкімдерінің сыртқы жаумен күресіндегі басты таянышы, стратегиялық тұғыры болды» деп жазады.
Ал жазушы-ғалым Мұхтар Мағауин өзінің атақты «Аласапыран» романын ә дегеннен «Тарихтың тоғыз жүз тоқсан алтыншы, тышқан жылы наурыз туып, қар сөгіле шығыс Дешті-Қыпшақтың падишахы Тәуекелдің сауын айтып, шұғыл шақыруымен, киіз туырлықты қазақ ұлына үкім жүргізуші қасқа-жайсаң атаулы Қаратаудың терістігіндегі Созақ қаласына құрылтайға жиналды» деп бастайды.
Керей мен Жәнібек ханның және олардың балаларының Созақта болғандығын тарихи дерек те растайды. 1470 жылы Керей ханның Түркістанға шабуыл жасағаны жазба деректен белгілі. Осы соғыста Созақ пен Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кіреді. Қамал-қаланың Сарыарқаға шығатын қақпа тәрізді маңызын түсінген Жәнібек хан өзінің үлкен баласы Махмұт сұлтанды Созаққа әмірші етіп қояды.
Ол осы шаһарды ұзақ уақыт билеген. Осы орайдағы бір дерек бойынша, Жәнібек хан ұрыс кезінде қарт Қаратаудың Суындық асуында қаза табады. Ендеше, Жәнібек хан­ның өз баласы билеп отырған Созақта жерленуі әбден қисынға келеді. Ал Қара­тау­дың атақты Суындық асуында Керей хан­ның ұлы Бұрындық пен Махмұттың бі­рік­кен әскерінің Мұхаммед Шайбанидың әскерін тас-талқан етіп жеңгені тарихтан белгілі.
Атақты жазушы Ілияс Есенберлин «Ал­мас қылыш» романында «Әбілхайыр хан мен оның ата жауы Жәнібек ханның қа­бір­лері Созақ Мединесінде, дәлірек айтсақ, Со­зақтың «Жуантөбесінде» қатар жатыр» де­ген жорамал жасайды. Осыған тоқтасақ, Созақ ауданында екі Жуантөбе бар. Оның бі­рі – Созақ ауылындағы «Жуантөбе» деген тө­бе, екіншісі – 60-жылдары құрылған «Жуан­төбе» деген ұжымшар. Әрине, бұл жерде жазушы Созақ ауылының Жуан­тө­бе­сін айтып отырғаны анық.
Әрине, әдеби шығарма тарих емес. Де­генмен тарихи деректер Әбілқайыр ханның Сы­ғанақпен қатар Созаққа жерленгеніне қар­сы емес. Себебі Әбілқайырдың 1468 жы­лы Моңғолстанға жорыққа бара жатып өл­генін ескерсек, ол кезде Созақты оның се­німді адамы Бақтияр сұлтан билеп тұр­ған.
Орыс патшасы, кешегі кеңестік қызыл қырғынды былай қойғанда, Созақ дала­сын­да ойрат, шүршіт, жоңғар, қалмақ талай ылаң салған. Атақты «Елім-ай» әні Қара­тау­да, онда да осы Созақтың Қаратауында ту­ған деседі. Небір нәубетті бастан кешкен қа­ра халық сүйегі әлдеқашан қурап кеткен хан­дар тұрмақ, өз әке-шешесінің мола­сы­нан көз жазып қалған жоқ па?..
Созақта «Хан мазары» бертінге дейін бол­ған. Оның орнын жақсы білетін қарт­тар­дың көзі әлі тірі. Ендеше, кештік етпей тұр­ғанда, Қазақ хандығының шаңырақ кө­теруіне байланысты айтулы датаға дайын­дық жүріп жатқан қазіргідей тұста, та­рих­шы, археолог ғалымдар осының анық-қанығына жетіп жатса, қанекей!
Созақтық тарихшы Сүлеймен Тәбі­різ­ұлы «Созақ ауылының байырғы қарттары бір ауыздан қамал-қаланың түстік жақ ше­тіндегі қазір тегіс жерге айналып, белгі қал­маған орынды «Хан мазары» деп көр­сетеді. Яғни 1950 жылдарға дейін қамал-қа­ланың сыртқы жағында дуалға жап­сар­ласа тұрған қос қабірді халық «Хан мазары» деп келген. Қабірлердің үстінде жасыл түс­ті, күйдірілген құмыра тәрізді шошақ бел­гі болған. Кейіннен қабір қамалдың құ­лаған дуалдарының астында қалып, те­гістеліп кеткен.
Айтуға қарағанда, «Хан мазарында» Ке­рей мен Жәнібек хан жатыр, енді біреу­лер – Жәнібек хан мен оның Созақты би­ле­ген баласы Махмұт сұлтан, кейбірі Жә­ні­бектің немересі Ақназар хан (Хақназар) жер­ленген деп айтады» дейді. Ел аузындағы та­ғы бір дерек бойынша, Шу арнасының шы­ғыс жақ бетіндегі «Хан тау» атанған оры­н­ға XV ғасырдың 70-жылдарының ба­сын­да қайтыс болған Керей хан жерленген.
Созақ шаһарының батысындағы «Ақ­назар» деген мөлдір бұлақты жердің атын жер­гілікті халық Қасым ханның баласы Ақ­назар ханның атымен байланыстырып, «Ақ­назар ханның ақ ордасы тігілген жер» деп айтады. Бұл да тарихшы-ғалымдардың ес­кере жүрер нәрсесі. Ақназар хан Қазақ хан­дығын 42 жыл билеген. 1580 жылы 23 сәуір­де Ташкент билеушісі Баба сұлтанның ас­тыртын адамдары өлтірген Ақназар хан өзінің өсиеті бойынша, Созаққа жерленген деседі. Ел тілегі бойынша, бертінде Созақ­та­ғы Қарабура әулие зиратында Ақназар хан­ға арнап құлпытас орнатылған. Бертінде Созақтың көктөбесінде Ақназар ханға ар­налған кесене де бой көтерді. 
Халқымыздың «Рух сардары» атанған дуа­лы ауыз қайраткері, марқұм Өзбекәлі Жә­нібеков 1994 жылы Созаққа арнайы кел­ген сапарында «Тарихи болжамдарға қа­ра­ғанда, қазақ хандарының Созақта қа­бірлері болуы керек» деген пікірін айтып, де­рек көздерін жинауға кеңес беріпті. Өза­ғаңа ертеректе жергілікті ақсақалдар Созақ да­ласынан хандардың шошайып тұрған қос мо­ласын көрсетіп, онда Керей мен Жәні­бек хандар жатқанын айтыпты. Бірақ Өзе­кең жастау болғасын оған онша мән бер­ме­­генін, кейіннен сол орынды іздеп бар­­ғанмен, таба алмай, сан соға өкінгенін жа­зып қалдырған.
Теріскей елі ішіндегі хандар қабірінің орналасқан жерін білетін құйма құлақ, зер­делі қариялардың біртіндеп «келместің ке­месіне» мініп жатқанын ескерсек, тарих­шы, археолог ғалымдар жоғарыда айтқан Созақтағы «Хан мазарына» самарқаулық танытпауы керек-ақ. Шынымен зерттеймін деген мамандар болса, жәрдем берер жан­ның табылары анық.
Керей мен Жәнiбек хандардың Әбіл­қайыр ханнан бөлiнiп келiп, шаңырақ кө­тер­ген жерi Шудың төменгi ағысы делі­не­ді. Шудың төменгi ағысы дегенiмiз – Со­зақтың маңайы. Кезінде Созақ ауданының бұ­рынғы әкімі Созақбай Әбдіқұлов мырза­ның бастамасымен Керей мен Жәнібектің ас­қаралы ескерткіші Созақ ауданының ор­талығы Шолаққорған, кентіне кіребе­рістегі «Жастар саябағында» бой кө­тер­ген. Бұл Керей мен Жәнібекке арналып со­ғылған Қазақстандағы тұңғыш ескерткіш болуы­мен де құнды. Егер ғалымдарымыз ір­гелі архео­логиялық зерттеу жүргізсе, Жә­нібек пен Керейдің Созақта жерленуі жай ға­на аңыз емес, нақты шындық болуы ға­жап емес! 
Аikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста