Италия кәсіпкерлері «жасыл» экономика секторында серіктестікті тереңдетуге мүдделі

Италия кәсіпкерлері «жасыл» экономика секторында серіктестікті тереңдетуге мүдделі

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы елшісі Андриан Елемесов Сицилия өңіріндегі Палермо қаласында жұмыс сапарымен болып, Палермо мэрі Леолуко Орландомен кездесті.
Палермо мэрі қазақстандық тараппен түрлі секторларда, соның ішінде сауда-экономикалық, туризм, мәдениет және өнер салаларында өзара ықпалдасуға қы­зығушылық танытты. Сол жерде Палермо мэриасымен бірлесе «Конфиндустрия Сицилия» өнеркәсіпшілер ассоциациясы базасында «заманауи Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктері» атты Қазақстан­-итальяндық аймақтық бизнес-форум ұйымдастырылды.
Форум қатысушылары алдында сөз сөйлеген мэр Л.Орландо Сицилия мен Қазақстанның аймақтары арасында тұрақ­ты іскерлік байланыстарды дамыту маңыз­дылығын атап өтті. Сонымен қатар ол инно­вациялық және экономиканың «жа­сыл» секторларында қызмет жасап жүрген кіші және орта бизнес деңгейінде өзара ынты­мақтастықты тереңдету қажеттілігін ай­тып кетті. Форум аясында А.Елемесов Палер­мо қаласының кіші және орта бизнес ұлт­тық конфедерациясының төрағасы Дж.Казаментомен келіссөздер өткізді. Та­рап­тар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мә­селелерін талқыға салып, екі ел аймақта­рының кіші және орта бизнес өкіл­дерінің арасындағы байланыстарды дамыту бойынша нақты қадамдарды қарастырды.
Сонымен қоса, аймаққа сапары барысында Қазақстан елшісі Марсалы мэрі Джулия Адамомен кездесу өткізді. Ол жақын болашақта Қазақстан-итальяндық аймақтық инвестициялық форум өткізу туралы бастама көтерді. Кездесу нәтижесін­де Марсалы кинотеатрларында бірқатар қа­зақстандық фильмдерді көрсету туралы келісімге қол жеткізілді.
Жалпы, орын алған байланыстар итальян­дық тараптың ынтымақтастықты ны­ғай­туға деген қызығушылықтарын байқат­ты, сондай-ақ әрі қарай қарымды даму мен өзара тиімді ықпалдасу үшін бо­ла­шағы зор бағыттар анықталды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста