Ядролық қарудан құтылудың жолы бар ма?

Осыдан 61 жыл бұрын жазиралы қазақ даласында кесір саясатты Кеңестер Одағы алғашқы атом бомбасын сынақтан өткізді. Сынақ 1949 жылғы 29 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-лерде Семей өңірінде жасалды. Бұл күн қазақ халқы үшін орны толмас қаралы күн саналады. Ажал шашқан алапат жарылыстар араға тек 50 жыл салып барып қана тоқтатылды: 1998 жылы тамыздың 29-ында Семей ядролық полигонын жабу туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. 2009 жылдан бері бұл күн БҰҰ-мен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күні болып жарияланды. Бұл — қазақ халқы үшін үлкен жетістік...

Кеше, Астанада айтулы датаға арналған бірінші халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Семей сынағы әлі күнге тұтас қазақтың сүйегін сырқырататын созылмалы дерт болып отыр. Полигонда 1949-89 жылдар аралығында 500-ге жуық ядролық сынақ жүргізіліп, 1,5 миллион адам зардап шекті. Ол аумақтан адам түгілі, жүгірген аң, ұшқан құс та безіп кеткен. Конференцияны сыртқы істер министрі әрі Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуімен ашты. «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттер күніне арналған конференцияға қатысушылар мен қонақтарға зор қошеметімді білдіремін. 1991 жылы тамыздың 29-ында Семей ядролық полигонын жабу туралы Президенттік Жарлыққа қол қойдым. Қазақстан қуаты жағынан әлемде төртінші болып табылатын ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартты. Бұл — әлем тарихы бетінде ядролық сынақ полигонын жабу туралы халықтың ерік білдіруіне сәйкес, бірінші рет жүзеге асырылған шара. Қазақстандықтар өз үлгісін паш етіп, бүкіл әлемге қауіпсіз болашаққа апаратын жолды көрсетті. Халықаралық қауымдастық ортасында алғаш рет атап өтілгелі отырған халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттер күні қарсаңында біз әлемді ядролық қатерден арылтуға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың тереңдей түсетініне сенім білдіреміз. Бұған бізді болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік міндеттейді. Барлық мемлекеттердің бірте-бірте ядросыз әлемге қарай жылжуы туралы жігерлілігі белгіленген Жалпыға бірдей ядросыз әлем декларациясын қазірден бастап пысықтауды бастау маңызды», – дейді Президент Үндеуінде.
Қанат Саудабаев өз сөзінде АҚШ-тың тез арада «Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы» шартты (ЯСЖТШ) ратификациялайды деп сенетінін айтты. «Бұл құжаттың тез арада күшіне енуі бүкіл адамзаттың қауіпсіздігіне кепіл болмақ. Біз Барак Обама енгізген келісімшартты АҚШ сенаты кешіктірмей ратификациялайды деп сенеміз. Ол басқа мемлекеттерге маңызды үлгі болар еді», – деп атап өтті ол. Бұл келісімшарт БҰҰ Бас ассамблеясының мақұлдауымен 1996 жылы қабылданған болатын. Алайда содан бері біраз уақыт өтсе де құжат әлі күнге өз күшіне енбей отыр. Әртүрлі сылтау айтып, әлі бірнеше мемлекет қарарларын бекітпей отыр. Еліміз бұл құжатқа 1996 жылы қол қойып, 2001 жылы желтоқсанда ратификациялады.
Жаппай қырып-жоятын қаруды жер бетінен аластатуға күллі әлем мүдделі екені даусыз. Бірінші халықаралық конференцияға БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун да өз сәлемін жеткізіпті. Бас хатшының пәтуәлі сәлемін БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының басшысы Мирослав Енча оқып берді. Онда барлық ядролық полигондарды жабатын және олар әкелген зиянмен байланысты проблемаларды шешетін уақыт келіп жеткендігі атап өтілген. «Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы» шартты күшіне енгізетін уақыт келді. Біздің барлығымыз ядролық қарусыз әлемде болуымыз керек. Біз осы сынның барлығын келер ұрпақтың еншісіне қалдыра алмаймыз. Біздің әрқайсысымыз бүгінде неғұрлым қауіпсіз әлем орнату үшін қолымыздан келетіннің бәрін жасауға тиіспіз», – депті жолдаған сәлемінде БҰҰ Бас хатшысы.

Қол ұшын созатын халықаралық қор керек
Алқалы отырыста көптеген келелі мәселелер көтерілді. Соның бірі – БҰҰ аясында ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі халықаралық қор құру мәселесі. Бұл ұсынысты еліміздің ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі, «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының негізін қалаушы Олжас Сүлейменов ұсынды. «Қазақстан мойнына алып отырған жүктемені жалғыз өзі көтеріп жүруі екіталай, сондықтан дәл осы күні біз БҰҰ-ға Семейде ғана емес, осындай сынақтар өткен жердің басқа бөліктерінде ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі халықаралық қор құруды қолға алуды ұсынғымыз келеді», – деді ол. Сүлейменовтің айтуынша, бұл қорды ядролық сынақтарға халықаралық мораторий енгізілген 20 жыл ішінде үнемделген қаржы есебінен қаржыландыруға болады. «1990 жылдардан бері 1000-нан аса жарылыс жасалмады. Бұдан ядролық қаруы бар мемлекеттер миллиардтаған доллар қаржы үнемдей алды. Осы қаржының бір бөлігін қордың негізін қалауға, әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықты сауықтыруға бағыттауға болады», – деді О.Сүлейменов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста