Геологтар күні тойланды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Енді ел геологтарының өз мерекесі бар. Осы уақытқа дейін геологтарымыз сәуір айының алғашқы демалыс күнін мейрам ретінде тойлағанымен, ресми күнтізбеде бұл мейрам атаулы күн ретінде ескерілмей келген еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, геологтардың кәсіби мерекесі анықталып, оның аталып өтетін күні сәуір айының бірінші жексенбісі болып белгіленді. Осыған орай Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында Геологтар күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Геология саласының сүйекті ғалымдары бас қосқан жиынға Индустрия және жаңа технологиялар, Мұнай және газ ми­нистр­ліктерінің басшылары, «Самұрық-Қазы­на», «Қазгеология», «ҚазМұнайГаз» ак­цио­нер­лік қоғамдары және тағы басқа ұйымдар мен кәсіподақтардың өкілдері қатысты. «Қазгеология» АҚ басқарма­сы­ның төраға­сы Болат Өжкенов қазақ гео­логиясының та­рихы мен өркендеу кезеңі, жеткен жетістіктері, алда атқарылатын жұ­мыс жос­пары туралы баяндама жасады. «Геология орталығының құрылуы түрлі пайдалы қазбалар жөнінен еліміздің тек ішкі қажеттілігін өтеп қана қоймай, зерт­телген табиғи байлықтардың қоры мен са­пасы жағынан Қазақстанды әлемде ал­дың­ғы қатарға шығаратын бірегей мин­е­рал­дық-шикізаттық базаның қалыпта­суы­на ықпал етті», – дейді Болат Өжкенов.
Серікбек ДӘУКЕЙ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, геолог:
– Геологтардың өз әлемі, тазалыққа не­гіз­­дел­ген өз ұстаным-ережелері бар. Олар үшін ең үлкен сыйлық – Жер-ананың қой­ны­нан олжа табу. Жердің тарихын, қатпар-қабатын, өлкенің ауа райын, орналасу дең­гейін, сейсмологиялық жағдайын жақсы се­зініп, сараптама жасай білетіндер ғана шы­найы жетістікке жетеді. Түзде жүріп, түрлі қиын­шылықтарға тап болады. Соның бә­ріне шыдаған адам геолог атанады. Ұлы Қа­ныш Сәтбаевтар сондай мектептен өт­кен. Ол Жезқазғанды ғана ашқан жоқ, әлем­де алғашқы болып металлургиялық кар­та жасады. Сондықтан Геологтар күнін Қа­ныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғы­лым­дар институтында атап өтіп жатқаны­мыз­ға қуаныштымын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста