Гендерлік саясат дұрыс па? (ислам діні көзқарасымен)

«Әйел теңдігі» мәселесі деп қанша даурыққанмен, шындап келгенде, жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Құдай тағала бөліп-жарып жатпай, бәрін біркелкі әйел, не еркек етіп жаратар еді ғой.
Олар өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «екі жарты бір бүтін» деген. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл жүрексіз өмір сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары, яки ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі де өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Ендеше, әйел еркектен жоғары немесе төмен деу, жалпы алғанда дұрыс айтылған пікір емес.
Әйелден еркек жасағысы келетіндер мынаны ескерсе екен. Олардың табиғаты тым нәзік, сезімтал. Осыған сай оның өзіндік міндеті бар. Әйелдер сырттан гөрі ішкі шаруаға бейім. Егер әйел өз міндетіне салғырт қарап, есіл-дерті далада болса, қоғам өмірінде кейбір қолайсыз жайттардың бой көтерері даусыз. Мысалы саясаткер келіншектің отбасында бала тәрбиесі ақсап, күйеуімен арада салқындық пайда болуы мүмкін. Мансап қуған әйел көбіне бала туудан саналы түрде бас тартады. Өйткені, мансабын жарты жолдан тастағысы келмейді.
«Әйел теңдігін» желеулеткен батыста бала саны мүлдем аз. Тіпті демографтардың пікіріне құлақ түрсек, келешекте батыстықтардың ұрпақсыз қалатын түрі бар. Сондықтан болар батыста бала табу мәселесі парламент деңгейінде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастырылуда. Әйелдер биліктің тұтқасын ұстайтын мықты азаматтарды дүниеге әкеліп, елін, халқын ойлайтын ұрпақ тәрбиелесе оның биік мансабы сол емес пе?!
Гендерлік саясат қайдан шықты? Батыста ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін әйелді адам құрлы көрмеген. Өйткені, өз діндеріндегі сенім бойынша Адам атаға тыйым салған жемісті жегізіп, бүкіл адам баласын жұмақтан шығарған. Олардың жер бетіндегі барша күнәларына себепкер Хауа ана болғандықтан батыстағылар әйелдерін лағынеттеп, оларды жек көрген. Міне, осы қорлыққа намыстанғандықтан, еркектердің алдында тұқырмаудың жолын қарастырды.
Содан кейін барып «феминизм», «гендерлік саясат» деген ұғымдарды шығарған. Ал, бізге оның түкке де керегі жоқ еді. Біз әрдайым әйел баласын, ананы қадір тұтып, құрметтей білген елміз. Батыс мұның зардабын тартудай-ақ тартып отыр. «Менің еркектен қай жерім кем, өзімді-өзім асырай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, ғылым дамыған заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп жүрген әйелдер де кездеседі. Мұндай әйелдердің күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып, үйдің тірлігінен қол үзеді. Ондай отбасылар көбіне ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп бала-шағасы шықпаған отбасында қандай береке болсын?!
Ислам дінінде әйелдің еркекке ұқсауына, ал еркектің әйелге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Ұлы Жаратушының алдында пенде баласы еркек немесе әйел болғандығымен, байлық, мансабымен емес, иманының деңгейімен өлшенбек. Олай болса оларға Жаратушы тарапынан асқан хикметпен берілген асыл міндеттердің қаншалықты атқарылғандығы да сұралмай қалмақ емес.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің - әйелдеріңе жақсы мінезде болғандарың» десе, басқа бір хадисінде «Арттарында қалған күйеуі өзінен разы болған күйде жан тапсырған әйелдің барар жері - жұмақ» деп, өзара рухани түсіністікке, теңдікке шақырған.
Парламентте, атқарушы органдардың басшылық қызметтерінде, министрлікте 50 пайыз әйелдер болуы керек деген мүлде дұрыс емес. Бұл оларды бөлек жаратылыс сияқты қабылдап, биліктегі құрамын қолдан жасау болып табылады. Гендерлік саясат егер әйелден еркек жасауды көздейтін болса оған Ислам діні қарсы. Ал әрбіріне қабілет-қарымына, мүмкіншілігіне қарай жауапкершіліктер жүктелсе неге атқармасқа?! Бірақ пайыз қуушылық жақсы нәтиже бермек емес.
Мен көп жерде мынаны айтып жүрмін. Қазір қоғамымызға еніп кеткен «азаматтық некенің» жалпы аталуы дұрыс емес. Азамат сөзі қазақта жақсы нәрсеге айтылады. Неке - қасиетті ұғым. Екі жастың халық, Аллаһ алдында серт берулері. «Біз бұдан былай бір отбасымыз, күйеу мен әйелміз, дүниеге келетін балаларымызға жауапкершілікпен қараймыз» деп неке суын ішу арадағы қарым-қатынастың нығая түсуіне үлкен әсерін тигізеді. Ойнастық, заңсыз етек қатынасы неке саналмайды. Сондықтан «жасырын көңіл қосуға» азаматтық неке деп айдар тағуға, яғни «гражданскиий брак» сөзінің тура мағынасын пайдалануға қарсымын. Себебі, жаман істерге жақсы сөздерімізді қолдаланатын болсақ онда жақсы мен жаманның парқы қалмайды.
Жастар некесіз төсектес болуынан дүниеге келген балаларын жетімханаларға тоғытып, не ұялғансып түсік жасатып жатады. Осылардың бәрі мәдениетті сөздерді орынды қолданбаудың әсері. Сол үшін жаман нәрсені жүрегімізбен жек көріп, өзіне лайықты атағанымыз ләзім. Оны «жасырын ойнас» деу қажет.
Қасиетті Құранда: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені ол анық арсыздық пен жаман жол» деп ескерткен («Исра» сүресі, 32 аят). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің тағы бір хадисінде: «Неке қидырып үйлену менің сүннетім, кімде-кім мұнан бет бұрса, менің үмметім емес» делінген. Демек, мұндай топтағы адамдар мұсылман болып саналмайды.
Әйелдерді «еркектерден қай жерің кем» деп елірте беретін болса онда отбасындағы тепе-теңдік, бір-біріне деген үйлесімділік, яғни гармония жоғалады. Шариғат отбасының тізгінін еркекке жауапкершілік ретінде тапсырған. Еркектер әйелдерге пана, қамқор, басқарушы. Басқарушылық оған дөрекілікпен қарасын деген сөз емес. Бұл үлкен жауапкершілікпен қарауды білдіреді. Қазақта: «әйел бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербетеді» деген әдемі даналық сөз бар. Сондықтан ұрпақ болашағына некенің де әсері зор. Ұлт мүддесін ойлар ұл-қыз өсіру үшін ойнастықтан аулақ болғанымыз ләзім.

 

Ақпарат көзі: muftyat.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста