ЕуроОдақ ортақ қауіпсіздік және қорғаныс мүддесі аясында Молдоваға арнайы миссия аттандыруды ойластырып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Брюссельде өткен отырыста белгілі болды.
Еуропаның Сыртқы әрекет қызметінің нақтылауынша, мұндай миссиялар азаматтық әрі әскери сипатта болуы мүмкін.
Сондай-ақ Еурокомиссия Молдоваға Еуропаның Бейбітшілік қоры арқылы қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Бұған дейін Кишиневке қауіпсіздік күштеріне демеу білдіру үшін 40 миллион еуро аударылған болатын.