Эстонияның электронды үкімет тәжірибесі керек

Кеше Елбасы Н.Назарбаевтың Эстонияға ресми сапары жалғасты. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Эстония Республикасының Президенті Бірлескен мәлім­демеге қолдарын қойды. Тараптар сондай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметі мен Эстония Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияны өзара қорғау және ынталандыру туралы үкіметаралық келісімге және Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі мен Эстония Республикасының Ұлттық мұрағаты арасындағы мұрағат істері саласындағы ынтымақтастық туралы ведомствоаралық келісімге қол қойылды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Эстонияға мемлекеттік сапары аясында «Атамекен» ҰЭП мен Эстонияның сауда-өнеркәсіптік палатасы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ресми бағдарлама аяқталған соң, Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев пен Эстония Рес­пуб­ли­касының Президенті Тоомас Ильвестің бірлескен баспасөз мәслихаты өтті.
– Қазақстан Эстониямен ынты­мақ­тас­тық­ты дамытуға маңызды мән береді. Тәуел­сіздік жылдарында Сіздің еліңіз зор та­быстарға жетіп, Еуропалық одақтың, НАТО мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының толыққанды мүшесі болды, сондай-ақ жалпыеуропалық валюта евроны қабылдады. Қазақстан-Эстония қа­­ты­настарының үдемелі дамуын қуа­ныш­пен атап өтемін. Сенімді диалог жоғары деңгейде орныққан, өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары анықталған, келісімшарт-құ­қықтық базасы құрылған. Бүгін Пре­зи­дент Ильвес мырза екеуміз Бірлескен мә­лім­демеге қол қойдық. Онда жан-жақты ын­тымақтастықты кеңейтуге өзара ұмтылыс кө­рініс тапқан. Біз Эстонияның Астанада өз Елшілігін ашу туралы шешіміне ризамыз, – деген Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақ­станда және Эстонияда экономикалық өсімнің жоғары қарқынмен қалпына келгені өзара тиімді сауда қозғалысына қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. 2010 жылы Қазақстан мен Эстония ара­сын­дағы сауда айналымы 37 пайызға өсіп, 74,5 миллион долларды құрады. Қазақстан мен Эстонияның мүдделеріне транзит-көлік әлеуетін белсенді пайдалану жауап береді. Қазақстан эстониялық порттардағы тер­минал мен тарату орталығын қазақ­стан­дық жүктер мен энерготасымалын еу­ропалық рынокқа жеткізу үшін асу ретінде пай­далануға мүдделі. Мұнда Таллин және Силламэ порттарымен өзара тиімді ын­ты­мақ­тастық перспективалары бар.
– Қазақстан – Еуропалық одақ үшін өте ма­ңызды ел. Және біз бұл туралы барлық еуропалық құрылымдарда айтып жүрміз. Осыған байланысты Эстония Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынты­мақ­тастықты Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы әріптестік және ынты­мақ­тастық туралы келісімнің жаңа қо­ры­тын­дысы жолымен тереңдетуді қолдайды. Біз осы мемлекеттік сапарға маңызды мән береміз, оның барысында көлік, транзит, энергетика, ауыл шаруашылығы және білім тәрізді салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталатын болады. Қазақ­стан Орталық Азияда саяси да, эко­но­микалық та жағынан өте маңызды рөл атқарады. Біз Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығын, сіздердің елдің Шан­хай ынтымақтастық ұйымын және сіз­дер биылғы жылы төрағалық ететін Ислам кон­ференциясы ұйымын дамытуға қосқан үле­сін жоғары бағалаймыз. Эстония сон­дай-ақ Қазақстанның аймақта тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ету жөніндегі және Ауған­стандағы көлік жүктерін қамтамасыз етудегі күш-жігерін жоғары бағалайды. Қазақстан-Эстония үкіметаралық комис­сиясы жұмысының жандануы көлік пен логистика, энергетика және инновациялық тех­нология тәрізді экономиканың басым бағыт­тарындағы экономикалық өзара іс-қи­мылды тереңдету үшін жаңа серпін бере­ді деп үміттенемін, – деді Эстония Президенті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Эстония Рес­пуб­ли­ка­сының премьер-министрі Андрус Ансиппен кездесті.
Кездесуде Эстония премьер-министрі Мем­лекет басшысына IT-технология сала­сындағы Эстонияның тәжірибесі туралы айтты. 2000 жылдан бастап Эстонияда Еу­ропадағы үздік электронды үкімет жүйесі енгізілген. Халыққа электронды қызмет көрсететін дерекқорда 500-ден астам аталым сақтаулы.
– Біз сіздердің мамандарыңызды ша­қы­­руға және Эстонияның халыққа элек­трон­ды қызмет көрсету жөніндегі тәжі­ри­бесін қабылдауға дайынбыз, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың құр­ме­тіне Эстония Республикасының Пре­зиденті Тоомас Ильвес пен оның зайыбы атынан мем­лекеттік қабылдау болды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев Эстония Республикасы парламентінің спикері Эне Эргмамен кездесті. парламент спикері Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Өз кезегінде Президент Эне Эргманы Эстония Парламентінің Спикері қызметіне қайтадан сайлануымен құттықтады.
Кездесу кезінде сондай-ақ қазақ­стан­дық-эстониялық ынтымақтастық мәселесі, атап айтқанда, парламентаралық бай­ла­ныс­тарды нығайту, Қазақстан мен Эстония арасындағы әуе қатынасын дамыту, Тар­ту университеті мен Назарбаев уни­вер­си­теті арасындағы ынтымақтастықты ны­ғайту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев Таллин қаласының Бостандық ала­ңын­дағы Жеңіс монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, қала мэрі Эдгар Сави­саармен кездесті. Елбасының «Викто­рия-1» паромында ірі эстондық ком­па­ния­лардың басшыларымен кездесу де жос­пар­ланған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста