Ерлан Қарин алдағы сайлаудың негізгі 10 ерекшелігін атады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы Қазақстан мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлаудың негізгі он жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

1. 2004 жылдан кейін алғаш рет мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы).

 

2. Үміткерлерге партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік ашылды.

 

3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды.

 

4. Партиялардың парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді.

 

5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады.

 

6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы болмайды.

 

7. Алғаш рет мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында "бәріне қарсымын" деген баған енді.

 

8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді.

 

9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді.

 

10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны – төртеу).

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста