ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыз туралы әлем көшбасшылары не дейді?

Ресейдің беделді ғалымы, саясаттанушы Юрий Солозобов ЕҚЫҰ саммиті қарсаңында Қазақстан жұртшылығына үлкен еңбегін тарту етті. Кеше Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: Сенім. Дәстүр. Транспаренттілік. Төзімділік» атты кітаптың тұсаукесері өтті. «Бұл кітап бір жылдан астам дайындықты қажет еткен үлкен еңбек», – деді жоба авторы кітаптың беташарында.
Кітап негізінен жеті бөлімнен тұрады. Алғашқы төрт бөлімі сенім, дәстүр, транс­парент­тілік, төзімділік хақында. Бесінші бө­лімі «Саммит» деп аталады. Бұл бөлімде «Астанада өтетін саммиттен не күтеміз?» деген мәселе көтерілген. Алтыншы бөліміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың New Eu­rope журналына және International Herald Tribu­ne газетіне берген сұхбаттары енген. Ал соңғы бөлімінде әлем лидерлерінің Қа­зақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы жайында айт­қан пікірлері берілген. 2000 данамен шық­қан кітап көркемдігі жағынан әсем. Өте қымбат екені көрініп тұр. Кітапты да­йын­дауға философ және саясаткер, про­фес­сор Жоффруа-Ириекс Блеттон (Фран­ция), Потсдам университетінің саясаттану док­торы Маттиас Донфельдт (ГФР), Шы­ғысеуропалық зерттеу орталы­ғы­ның ди­рек­торы Андрей Окара (Ук­раи­на), Ресей­дің шығыстану қоғам­дас­тығының төра­ғасы Михаил Мейер, сондай-ақ басқа да ТМД және алыс шет­елдердің көр­некті ғалымдары мен қоғам қайрат­кер­лері атсалысқан кө­рінеді.
Юрий СОЛОЗОБОВ, жоба авторы:
– Жасыратыны жоқ, Қазақстан жайын әңгіме ете қалсақ, «бірінші» деген сөз ауызға жиі оралады. Жа­қын­да өтетін ЕҚЫҰ саммиті 60-қа жуық алып державаның мемлекет бас­шы­ларын 11 жылдан бері бірінші рет Еу­ра­зияның кіндігінде бас қостырып отыр. Қазақстан мұнымен өзін Еура­зия­ның географиялық ортасы ғана емес екенін, сонымен қатар еу­разия­лық және еуропалық кеңістіктегі саяси ор­талық екенін дәлелдеді.
Кітапқа енген пікірлер
Пан Ги Мун, БҰҰ-ның Бас хатшысы:
– Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы – тарихи оқиға. Қазақстан – ЕҚЫҰ-ның тізгінін ұстап, республика ішінде реформалармен тапжылмай жұмыс істей отырып, Тәуелсіздік алған сәттен бастап бірегей тәжірибелер жасап келе жатқан посткеңестік және Орталық Азия елдерінің ішіндегі бірінші мемлекет. Қазақстан Республикасы басшылығы ұлтаралық және дінаралық келісім кеңістігінде өз елінің көпұлтты мемлекет ретіндегі сипатын күшейтіп, сақтай түсті. Бұл осы проблемалар төңірегінде ізденіп жүрген ЕҚЫҰ-ға тиімді шешімдер жасауына мүмкіндік береді. Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезіндегі сенім, дәстүр, транспаренттілік, төзімділік сияқты принциптері – ЕҚЫҰ үшін ғана өзекті емес, сонымен қатар бүкіл адамзаттық проблема. Осы­ған байланысты БҰҰ мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты жан­дан­дыру қажет.
Петрос ЭФТИМИУ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының президенті:
– Әлемдегі жаһандық өзгерістердің күрделі кезеңінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өте нақты позициялар ұсынды. Бұл жағдайда сырттан қарап қана қалмай, ұйымның әлеуетін жоғарылату үшін жұмыс жасап қалу керек.

Джеймс Стайнберг, АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары:
– Қырғызстандағы жағдайды елеп, оңды шешілуіне ниетін білдірген Қазақстанға, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған елге айрықша алғысымды білдіргім келеді. Мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін шаралар қолдануда ниеттеріміз ортақ деп ойлаймын. Қырғызстандағы бассыздықты бақылау үшін бір топ полицейді жібергендері де өте құптарлық қадам болды. Сондай-ақ Ауғанстандағы және сол аймақтағы тұрақтылықты орнатуға жасаған әре­кеттеріне де алғысым шексіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста