Елге ел қосылса құт болар, айырылса ше?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Шындығын айтар болсақ, 22 жылда  небәрі 700-800 мың қазақ көшіп келіпті. Кезінде  Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелдегі қазақтан жыл сайын 20 мың отбасын атамекенге көшіріп алу туралы пәрмен берген еді. Әрі халық санын көбейтудің төте жолы «Нұрлы көш» екендігін де қадап айтқан еді. Дегенмен, ұлттық мәселеге келгенде ұйқысы келетін шенділердің салғырттығы салдарынан ол тапсырма да сиыр құймышақтанып бітті. Егер  орташа есеппен жылына 20 мың отбасы көшіп келетін болса соңғы бес-ақ жылдың өзінде 500 мың қазақ Қазақияға қосылған  болар еді.

Енді қазақ көшінің тоқырау себептеріне үңілейік:
Біріншіден, Көші-қон туралы заңның шетелдегі қандастар туралы бабының іс-жүзінде орындалмауы болып тұр. 2013 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң шетелден келетін қандастар көшін мүлдем тоқтатып тынды. Ал, ендігі 20 мың отбасы да, 700-800 мың түгіл 7-8 мың қазақтың атамекенге оралуы сұрақ белгі. Министр Ерболат Досаевқа өкпелеп жүргенде, «өзіңнен зор шықса екі көзің сонда шығадының» күйін кешті шеттегі ағайын.
Екіншіден, қазақ көшінің бұйдасын ұстап, түзу жолға салатын мемлекеттік органдар кемшін. Бар болғанда да жұмыс бөлінісі дұрыс емес. Көші-қон комитетіндегілер қалтасын қампайтқанға мәз. Оларға қазақтың көші «екі қойым бір сом» болып тұр. Оны Ассамблеяның жиналысында ерікті сөзге кезек берілгенде жазушы Дулат Исабеков Елбасына жіліктеп тұрып айтып берген-тұғын.  Елбасы Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының төраға орынбасары Т.Мамашовқа ескерткен еді. Онан бері жыл өтті. Нәтиже жоқ. Негізінде, мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын, бітірген түгі де жоқ аты дардай мұндай мекеменің барынан жоғы жақсы деген күйініш турады.
Үшіншіден, баяғы сол  жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың,  бюрократияның кесірінен шеттен келетіндердің қатарын сиретіп алдық. Шыны керек, әуелі, сол  ағайынның ҚР-ның ата заңы туралы, оның ішінде көші-қон туралы заңдық сауаты шектеулі. Сосын, таусылып бітпес, қағазбастылық қаракөздерді тығырыққа тірейді. Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріндей іс-қағазбен дұрыс жұмыс істеп көрмеген. «Бес саусақ бірдей емес». Құжаттың шекесіндегі номерін де түсіне бермейтін, тіпті, өз атын крилициямен жаза алмайтындар бар. Сенбесеңіз, өз облыстарыңыздағы көші-қон басқармасына барып көріңіз.
Төртіншіден, елімізде «делдалдық» (мұндай делдалдар миграция бөлімшелерінің маңында жалаңдап жүр) қызметтің дамығаны соншалық, бұл бір-бірімізді алдап жеуге, тақырға отырғызуға дейін жеткізген. Осыдан бірнеше жыл бұрын сол оралмандарға берілген мардымсыз квотаға дейін қол салды емес пе...
Мекемелерде қаламының ұшын қимылдатқандар арасында, қарадомалақтардың ұлты «қазақ» екендігі туралы анықтама қағазға «печать» басқаны үшін ақы дәметкендер де болған. Сонда біз ұлттың жоғын жоқтап, бар аманатын арқалайды деген шенділердің ісіне бас шайқамай тұра алмайсың...
Бесіншіден, шеттен келген қандастарды бейімдеу, жергілікті ортаға сіңісіп кетуіне жағдай  жасалмаған. Мәселен, тарихи себептермен ұлы құрлықтан (Қытайдан) Тайюанға кеткен қытайлардың елге оралуына жағдай жасалған. Ірі кәсіпкерлерді, түрлі салада жетістікке жеткен азаматтарын  алым-салықтан босатқан. Міне 2 миллииардқа жуық халықтыбір тудың астына жинап отырған мемлекеттің бұл ісіне қызыға да, қызғана да қарайсың.

Демографиялық өсімге кедергі қолдан...
Өткенде «Қазақстан» ұлттық арнасында  «20 миллионыншы  қазақ 2020 жылдың шамасында дүниеге келетін шығар» деген болжам айтылды. Әрине, шеттен келер қазақ көші тоқтаса елдің демографиясы тоқырап қалады деген ойдан аулақпыз. Дегенем, 11 миллионыншы қазақ жылан жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келіп, қазақтың саны бір ондықтан асты да бөрікті аспанға атқанымыз бар. Есептеп қарасаңыз, болашақ 20 миллионға жету үшін бұл қуанышты екі еселеу керек. Сонда Кеңестік кесірлі кезеңнен бері үзіліп қалмай 10 миллионға әзер жеткен санақтың бар-жоғы он жылда еселене түсуі «тауықтың түсіне тары кіреді» дегенмен бірдей әңгіме. Алайда, көп түкірсе көл болар деген аталы сөзге жүгінсек, шеттегі 6 миллион қазақты отанға оралта алсақ, бір жыртығымызға жамау болатыны анық еді.

Қазақ көшінің тоқтауына не дейсіз?
Мақаш ТӘТІМОВ, демограф-ғалым:
–Қазақтардың көбеюіне шет елдердегі қандастарымыздың елге оралуы да аз ықпал еткен жоқ. Бірақ, бұл үдерістің тоқтап қалуына осы мақсатқа арналған қаржының дұрыс игерілмеуі, жемқорлық, заңсыздық, тәртіпсіздіктің орын алуы себеп болғаны анық. Енді жаңа заң бойынша, елге «оралман» статусымен көшіп келгендер осы елде қалуға міндеттелуге тиіс. Одан кейін бұл жұмысты мақсатты түрде жүргізу керек. Сырттағы қазақты қаражат бөліп, көшіріп әкелген соң, оларды негізінен қазағы аз аймақтарға, әсіресе, солтүстік облыстарға қоныстандыруымыз шарт. Ол үшін баспанасын беріп, алдына малын салып, сырттан келген қара-көздерімізді сол жерге жерсіндіру амалдарын жасауымыз қажет. Біз қазір оралмандарды атамекенге көшіріп әкелудің тоқтап қалуынан қатты ұтылыс көріп отырмыз. Біздің өсу динамикамыз біршама тежеліп қалды. Табиғи өсім мен көші-қон саясаты демографиялық өсіміміздің екі қанаты болып келсе, қазір осының бір қанатымен ғана келе жатырмыз. Сол үшін қандай жағдай болмасын, шеттегі қандастардың көшін мүлде тоқтауға болмайды.

Иә, көлікті көшке тосқауылдың қойылуына кім мұрындық болды?
Министр Ерболат Досаевтың үнемшілдігі соншалық, бюджетті жоспарлаудың керемет үлгісі қылып  шетелдердегі қазақтың көшін тоқтатып тынды. Кісі басына берілетін квотаны қысқартқанда бір өкпелеп еді ағайын. Бүгінде Экономика және  бюджеттті жоспарлау министрі қара қазақтың  өсімін кемітуден  қаржы үнемдеп, экономиканы көтермек  ниетте екен. Біздің министрге жұмыртқа лақтырғыш демократтардың осы мәселені көтерген сәтте Досаевқа сол «шіріген» жұмыртқаны неге лақтырмады деп күйінесің. Бір сөзбен қазақ көшінің тоқтауы ата-ана мен баланы, ағайын мен бауырды бір-бірінен айырып тынды. Е.Досаевтың ұлт үшін істеген «ұлағатты» ісі көп екен.Кезінде   Денсаулық сақтау министрі болып тұрғнада 100-ден астам балаға  СПИД дерті жұққандығы былайғы жұрттың есінде...
- Ерболат ДОСАЕВ, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:
«Халықаралық практикадаосындай норма бар. Біздің ойымызға осындай жоба келді. Сосын осылай жасадық»
Әлемде өз қандастарын еліне шақыртып жатқан Қазақстан, Израиль, Ресей сынды үш ел бар. 4 жылдан соң азаматтық беру еврей мен орыста жоқ. Ендеше, министр қай халқаралық практикаға сүйеніп отыр.
Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Министр мырза мигранттар жөнінде жақсы білетін шығар, алайда оралман мәселесінен мүлдем хабарсыз екенін көрсетті. Мәселеге терең үңілмеген, зерттемеген. Әйтпесе сіз қайдағы халықаралық тәжірибені айтып отырсыз? Территориясы бойынша әлемде 9 - орын алатын Қазақстанда халық саны 17 миллион ғана. Ал бізге басқасын айтпай-ақ, экономикалық қауіпсіздік үшін 25 миллион халық керек. Мұны қалай көбейтеміз? Көбейтудің жолы да оралманды оралту емес пе? Әлем бұл мәселені өз бетінше шешіп жатыр. Франция өзінің бұрынғы отар елдерінен халық алса, Израйль мен Германия қандастарын тартып жатыр. Соның ішінде егер немістердің бағзы замандағы ата-бабасы Германия азама¬ты болса, олар еш күтпестен азаматтық береді. Біз неге Қазақстандағы жағдайды ескере отырып, қандастарымызды қайтармаймыз? Егер лаңкестік секілді құбылыстардан қорқатын болсақ, ондай отандастарымызды тексеруге бір жыл да жетіп жатыр емес пе?

...2020 жылы 20 миллионға жетеміз деп жатырмыз. Елбасы өз сөзінде «Қазақтың бір ғана отаны бар, ол — тәуелсіз Қазақстан» дегені бар еді. Ендеше тіисті министрлік пен комитет елбасы тапсырмасна неге енжарлық танытып отыр???

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста