Кеше Тоқаев Елбасы туралы заңның күшін жойған болатын.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы сайтының атауы өзгерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.
"Тұңғыш президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күші жойылған соң Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының атауы Nazarbayev.kz болып өзгерді.
Айта кетейік, бұған дейін сайт атауы Elbasy.kz болған.