Газизат ИМАКОВА, саясаттанушы:
– Президент жанындағы мемлекеттік қызметтің негізгі бағытын жетілдіру жөніндегі Ұлттық комиссияның жедел құрылуы оның маңызының жоғары екенін көрсетеді.
Мемлекет пен қоғам қызметінің негізгі салаларын жетілдіруге бағытталған стратегиялық маңызды тапсырмалар Елбасының қатаң бақылауында болады.
Комиссия құрамына нақты салаларға жауап беретін беделді әрі сауатты басшылар енді. Ұлттық комиссия жанындағы беделді шетелдік сарапшылардан құралған халықаралық консультациялық кеңес жұмысының маңызын атап өту керек. Бұдан Мемлекет басшысының реформаларды жүзеге асыру жоспары алғашқы сәттен-ақ жүйелі екенін анық түсінуге болады.
Қазақстанның сарапшылар бірлестігі, ғалымдар бес институционалдық реформаның қажеті мен маңызын бірауыздан мақұлдады. Бұл халықтың реформаны қабылдауы мен жүзеге асыру барысында белсенді атсалысуға дайын екендігін дәлелдейді.
Ұлт Көшбасшысының бес халықтық реформасы – Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына кіруіне мүмкіндік беретін басым бағыты.
Жаксылық СӘБИТОВ, саясаттанушы:
– Мемлекеттік қызметтің негізгі бағытын жетілдіру жөніндегі Ұлттық комиссияның Елбасыны ұлықтау рәсімінен кейін бірден құрылуынан Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны жедел жүзеге асыруға деген ынтасын көреміз.
Уақыт өлшеусіз. Елбасы бірқатар елдерде кездесетін экономикалық қарқынды дамумен қатар, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде кедергі келтіретін сыртқы қауіпті атап өтті.
Сыртқы қауіп-қатердің қарқынды үдеуіне қарсы тұру үшін сақтық шараларын қамтамасыз етуіміз керек. Ұлттық комиссияның негізгі тапсырмасы – бес реформаны сатылы жүзеге асыру және мемлекеттік орган, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның қызметін үйлестіру.
Елбасының халықтық реформасын жүзеге асыруға барлық мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдар қатысады.
Сондай-ақ мемлекет құрудағы маңызды 100 қадам жоспарының маңызын атап өту керек. Реформа жарияланған сәттен бастап барлық маңызды мәселер шешімін табатынына сенімдіміз.
Гүлмира КЕНЖЕБАЛИНА, сарапшы:
– Елбасының бес институционалдық реформаны жедел жүзеге асыру үшін Президент жанындағы Ұлттық комиссияның жылдам құрылуы аса маңызды.
Комиссия құрамына мемлекеттік орган, бизнес саласы мен азаматтық қоғамның қызметін кәсіби деңгейде үйлестіруде қабілеті жоғары тәжірибелі басшылар кірді. Сондай-ақ кез келген азамат реформаның жүзеге асуына өз үлесін қосуға болатын мүмкіндік жасалды.
Елімізде «Нұрлы жол», «Қазақстан – 2050» стратегиясы сынды бағдарламалар бар. Бес институционалдық реформаның тиімді жүзеге асуы Елбасы мен халық үшін аса маңызды. Құрылған комиссия көп ұзамай реформаны жылдам әрі тиімді жүзеге асыратынына сенімдімін.
Венера МҰСТАФИНА, сарапшы:
– Елбасының бес институционалдық реформасының тиімді жүзеге асырылуы – Қазақстанның қарқынды дамуының кепілі.
Мемлекет басшысы реформаны жүзеге асырудағы реттілікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы қадамын жасады.
Ұлт Көшбасшысының бастамасымен құрылған Ұлттық комиссия атқарылатын шаралардың қажет деңдейде орындалуын қамтамасыз етеді. Комиссия құрамына тәжірибесі жоғары кәсіби мамандар кірді. Халықтық реформаның сапалы жүзеге асуы кез келген азамат пен азаматтық қоғам секторлары қызметінің сауатты үйлестірілуіне байланысты. Комиссия мүшелері өзекті мәселелердің жедел шешімін тауып, осы мақсаттағы шараларды жоғары деңгейде атқаратынына сенімдімін.
Зәуре АЛШЫМБАЕВА, Заманауи даму институтының директоры:
– Ұлықтау рәсімімен қатар Ұлттық комиссияның жедел құрылуы Елбасының жаһандану заманында Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде бірқатар маңызды шешімдерді қабылдауға бағытталған стратегиялық қадамының бірі болды.
Комиссия құрамына мемлекеттік бағдарламалар мен стратегияларды сауатты жүзеге асыруда тәжірибесі мол басшылар кірді. Реформаның тиімді жүзеге асырылуы үшін мемлекет құрудағы 100 қадам халықтық жоспары жасалды.
Елбасының стратегиялық маңызды шаралары мен Ұлттық комиссияның құрылуы «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы тапсырмаларды сәтті орындауға бағытталған бес институционалдық реформаны ұтымды жүзеге асырудың өзегі болмақ.
Ләззат ТҮСІПОВА, Қазақстан саясаттанушылар конгресінің мүшесі:
– Елбасының көреген саясатының арқасында бес институционалдық реформаның сауатты әрі сапалы орындалуы үшін Ұлттық комиссия құрылды. Комиссияның жедел құрылуы – халықтық реформаның қарқынды әрі тиімді жүзеге асуының кепілі.
Елбасы орта таптың үлесін көбейту, бірыңғай нарықты дамыту мен аймақтарды теңестіру, жаңа жұмыс орындарын жасау, тарихтың жаңа кезеңінде халықтың бірлігін нығайту, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу сынды бес ғаламдық ішкі мәселелердің басымдығын атап өтті.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы сыртқы қауіп-қатермен күресу үшін ішкі бірлікті нығайту керектігін айтты. Халықтың ауызбірлігі кез келген қатерге қарсы тұра алады. Сайлау күні тұрақты және табысты болашақ үшін, Н.Назарбаев үшін бірауыздан дауыс берген қазақстандықтар бірлігі жарасқан халық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Фарида УКАСОВА, Қазақстан саясаттанушылар конгресінің мүшесі:
– Жедел құрылған Ұлттық комиссия құрамының бекітуімен Елбасы реформаның әр бағыты бойынша нақты басшылар белгіледі. Яғни реформа заңнама, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда біркелкі жүйелі негізде жүзеге асады.
Мемлекет басшысы комиссияның бірінші отырысында мемлекет құрудағы 100 нақты қадам халықтық жоспары ұсынылатынын атап өтті.
Бес институционалдық реформаны тиімді жүзеге асыруда жедел шешім қабылдау мен жылдам дамуға бағыт алу аса маңызды.
Сергей СЕЛИВЕРСТОВ, сарапшы: – Стратегиялық саяси нық қадамның жасалуы, яғни халықтық реформаны жүзеге асыруға жауапты Ұлттық комиссияның жедел құрылуына қарап, комиссия отырысын жақын күндері өтетінін бағамдауға болады.
Мемлекет басшысы комиссияның бірінші отырысында мемлекет құрудағы 100 нақты қадам халықтық жоспары ұсынылатынын атап өтті.
Елбасының басшылығымен Қазақстанның маңызды мәселелерді тиімді әрі жылдам шешуде тәжірибесі бар.
Бүгінде 2030 стратегиясы жедел жүзеге асырылды, индустрияландырудың алғашқы бес жылдығы сәтті аяқталды, индустриалды-инновациялық бағдарламаның ендігі бес жылдығы қарқынды дамуда. Осындай факторларды есепке ала отырып, халықтық реформаның тиімді, сапалы әрі уақытылы жүзеге асатынын сеніммен айтуға болады
(Мақалауы атауы өзгертіліп алынды, түпнұсқадағы тақыбыры - Бес реформа – ел дамуының кепілі)