Мемлекет басшысының үкімімен Дархан Ахмадиев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Дархан Ахмедиев – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі, "Болашақ" стипендиясының иегері.
Ал Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне ауысты.